Сабыр ҚАСЫМОВ: ЖЕЛТОҚСАН КӨТЕРІЛІСІ: НЕ ТЫНДЫРЫП, НЕНІ ҰМЫТ ҚАЛДЫРДЫҚ?
Сабыр ҚАСЫМОВ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, заң ғылымдарының кандидаты Әр халықтың тарихында өз ұлтының намысын, құқығын және мүддесін, өзінің егеменді мемлекетіне ие болу құқығын қорғауға деген қабілеттілік сынағынан өтетін кездер болады. Егер ұлт уақыт сынына сай келмесе, оның болашағы анықталмаған. Егер де мұндай сынаққа төзе білсе, өзге халықтардың тарихы көрсеткендей, аталмыш кезең немесе оқиға оның тағдырындағы тарихи кезең ретінде қалыптасады.
Желтоқсан көтерілісі (1986 ж.) кеңес жүйесі жағдайында алғаш рет Қазақстанның егемендігі мен тәуелсіздігіне деген халықтың қалауын білдірген болатын. Желтоқсандықтар уақыт сынына абыроймен қарсы тұрды. Желтоқсан қаһармандары жаппай ұрып-соғу, қақаған аязда мұздай су шашу, иттерге талату, оларға қарсы әскери техника, сапер күректермен, сойылдармен қаруланған милиция, курсанттар және арнайы әскер солдаттарының ерекше отрядын қолданғанына, «жасақшылардың» темір шыбықпен ұрып-соққанына, жаппай түрмеге қамағанына және т.б. қарамастан бірнеше күн бойы Қазақстанның түпкір-түпкірінде бір жерде ашық болса, бір жерде жасырын түрде халықтың ерік-жігері мен талап-тілегін білдіріп, республиканың дербестігі, еркіндігі және егемендігі идеялары жолындағы жойқын күресті жалғастырды.
Сабыр ҚАСЫМОВ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, заң ғылымдарының кандидаты Әр халықтың тарихында өз ұлтының намысын, құқығын және мүддесін, өзінің егеменді мемлекетіне ие болу құқығын қорғауға деген қабілеттілік сынағынан өтетін кездер болады. Егер ұлт уақыт сынына сай келмесе, оның болашағы анықталмаған. Егер де мұндай сынаққа төзе білсе, өзге халықтардың тарихы көрсеткендей, аталмыш кезең немесе оқиға оның тағдырындағы тарихи кезең ретінде қалыптасады.
Желтоқсан көтерілісі (1986 ж.) кеңес жүйесі жағдайында алғаш рет Қазақстанның егемендігі мен тәуелсіздігіне деген халықтың қалауын білдірген болатын. Желтоқсандықтар уақыт сынына абыроймен қарсы тұрды. Желтоқсан қаһармандары жаппай ұрып-соғу, қақаған аязда мұздай су шашу, иттерге талату, оларға қарсы әскери техника, сапер күректермен, сойылдармен қаруланған милиция, курсанттар және арнайы әскер солдаттарының ерекше отрядын қолданғанына, «жасақшылардың» темір шыбықпен ұрып-соққанына, жаппай түрмеге қамағанына және т.б. қарамастан бірнеше күн бойы Қазақстанның түпкір-түпкірінде бір жерде ашық болса, бір жерде жасырын түрде халықтың ерік-жігері мен талап-тілегін білдіріп, республиканың дербестігі, еркіндігі және егемендігі идеялары жолындағы жойқын күресті жалғастырды.
Олар өздерінің денсаулығын, берекесін, тағдырын, тіпті өмірін құрбан етті! Мысалы, біздің қыздарымыздың ерлігі мен батырлығы туралы халық арасында аңыздар айтылып жүр. Алматының жұмысшы және студент жастары үш күн бойы БҰҰ, халықаралық ұйымдардың қолдауына үміттеніп, өз мақсаттарын берік және ерлікпен қорғады. Зерттеулердің көрсетуі бойынша, Алматы, Целиноград, Арқалық, Ақтөбе, Жезқазған, Қарағанды, Көкшетау, Павлодар, Өскемен, Талдықорған, Шымкент және өзге де ауылдық жерлерде орын алған халықтық шерулер Қазақстанда тұратын орыс және өзге де ұлт өкілдеріне қарсы бағытталмаған. Олар әлеуметтік және саяси әділеттілік үшін күресті, туған елінің ар-намысы мен еркіндігін қорғауды мақсат етті.
Оның үстіне, татар И.Г.Дауранов, ұйғыр А.Рузиев сынды өзге ұлт өкілдері, сондай-ақ, Н.К.Фокина сынды орыс ұлтының азаматтары және Қазақстанның басқа да көптеген шынайы патриоттары қайсарлық танытып, көтерілісшілер жағына шықты. Сондай-ақ қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке, комсомолдық-партиялық жазаға тартылғандар, оқу орнынан, жұмыстан шығарылғандар, соққыға жығылғандар, тұрғылықты жерінен қуылғандар арасында өзге ұлт өкілдері де болды. Қаза тапқан Е.Спатаев, С.Савицкий, Л.Асанова және тағы да басқа жастар, сондай-ақ жараланған милиция қызметкерлері және солдаттар - қандай мақсатпен қатысқандарына қарамастан, сол кездегі партиялық режимнің солақай саясатының құрбандары болды. Бұл туралы Конституциялық Сот материалдарында анық айғақтар бар. Көтерілістің тікелей себептерінің бірі Қазақстан Компартиясының ОК бірінші хатшысы Д.Қонаевтың республиканың бірінші басшысы қызметінен кетуге деген белсенді наразылығы болатын, ол осы лауазымда ширек ғасыр бойы қызмет етті. Мен мұны «Қонаевтың трагедиясы» деп айтамын. Бұл трагедия оны сыйлаған, құрметтеген ондаған мың адамның трагедиясы, қан төгісі, қайғы-қасіреті және көз жасына алып келді. Не себепті трагедия? Егер ұлттық мүддені қорғау, Қазақстанның бостандығы мен тәуелсіздігін өркендету үшін маңызды қадам жасаған жағдайда, өзіне сай толеранттылығы, қарапайымдылығы, Қазақстанға сіңірген еңбегінің арқасында, әсіресе әлеуметтік-экономикалық саладағы, Димаш Ахметұлы мәңгілікке халық жадында қалуы мүмкін еді, мысалы, Түркия үшін Ататүрік сынды. Алайда, объективті түрде ол өзін шығармашылық бұрышқа әкеліп тықты: өзі ерікті түрде биліктен бас тартып, өзінің мирасқорын дайындай алмады. Ол кезде демократиялық сайлау туралы сөздің өзі қисынсыз еді. Оның үстіне, оның тағына үміткерлер, өзінің кешегі шәкірттері мен қол астындағылары өзіне қарсы шыға бастағанда Қонаев мұны сатқындық деп қабылдады және кешіре алмады.
Ол зейнеткерлікке шығуына байланысты қызметтен кетуіне қатысты Горбачевтың қабылдауында болғанында, Қазақстанды басқаратын адамды шеттен жіберуді ұсынған болатын, себебі, оның ойынша, елімізде оның орнына тағайындауға лайықты адам жоқ еді. Менің қарамағымда аталмыш деректі растаушы дәлелдердің тұтастай бір жүйесі бар. Қонаев жеке амбициялары мен өкпе-наласынан жоғары көтеріле алмады, өз стереотиптерінің құрбанына айналды. Шынайы бостандық пен мемлекеттік тәуелсіздікті санамағанда, туған халқының мүддесі, Қазақстанның келешегі қиын-қыстау сәттерде қарсыластарына деген өшпенділіктен кейінгі екінші орынға түсті. Бүгінгі таңда оның жақтастары толыққанды талдау жасап, қателіктерін көрсеткілері келмейді, тек Отанға сіңірген еңбектері жайында ғана айтады. Ол дұрыс қой. Мен де оны қолдаймын.
Бірақ еңбектері де, қателіктері де қатар айтылуы керек, әсіресе, әңгіме туған елдің тағдыры, оның мүддесі және келешегі жайлы болып отырғанда. Және тек қана Қонаев туралы емес... Алайда, бұл тағы да жалған, тағы да біздің принципсіз жалпақшешейлігіміз. Бұл түрімізбен біз туған халқының мүддесін жеке басының мүддесінен жоғары қоятын басшыларды тәрбиелеп шығара алмаймыз. Көтерілістің объективті саяси себептері мыналар болды: қазақ халқының ұлттық құқықтарын ұзақ уақыт бойында және жаппай бұзу, қарапайым халықтың өмірінің барлық салаларын жаппай орыстандыру, ұлттық абырой мен ұлттық сана-сезімді жүйелік қорлау, өзге халықтардың Қазақстанға жаппай жасанды қоныс аударуына қарсы наразылық, ұлттық тарихымыз, мәдениетіміз, тілімізді кемсіту және бұрмалау, т.б. Бүгінде бұл оқиғаларға ұлт-азаттық, демократиялық көтеріліс деген анықтама, негіздеме беру қажеттігі туралы көп айтады. Желтоқсан оқиғасының 10 жылдық мерейтойына арналған конференцияда (1996 ж.) бұл оқиғаға бұқаралық демократиялық, ұлт-азаттық көтеріліс деген саяси баға беріп, оны ғылыми негіздеген болатынмын. Бұл -қазақ халқының азаттығы мен тәуелсіздігі жолындағы ұзақ та азапты күрестің соңғы аккорды болғанын айтқанмын. Мен берген осы анықтама қоғамдық және ғылыми ортада қолдау табар деп үміттенген едім. Осы конференцияда 15 жыл бұрын сөз сөйлеп тұрып, былай деген болатынмын: «Қазақстандағы Желтоқсан оқиғасы (1986 ж.) кеңес империясының соңғы жарты ғасырындағы алғашқы бұқаралық ұлт-азаттық көтеріліс ретінде әлем тарихына енеді. Бұл саяси режим үшін ғана ауыр соққы ғана болған жоқ, олар (желтоқсаншылар - ред.) ұлтаралық қатынастар жаймашуақ, КПСС-тің ұлттық саясатына қалың бұқара сенеді және қолдайды-мыс деген кеңестік ғылымның канондарын жоққа шығарды».
Сол кезде, осы оқиғаның зерттеушісі ретінде мынандай анықтама ұсындым: «Қазақстандағы Желтоқсан (1986 ж.) оқиғасы - Қазақстанның азаттығы үшін, қазақтың ұлттық құқықтарының ұзақ уақыт және түбегейлі тапталуына қарсы халықтың бұқаралық, демократиялық, ұлт-азаттық саяси көтерілісі». Ол кезде біздің тарихшылар мен ғалымдар бұл мәселені зерттеуге жүрексінетін. Неге олар қазір осы анықтамаға көңіл аудармайды? Егер қазір олар бұл анықтамамен келіспейтін болса, онысын айтсын, немесе сол анықтаманы толықтырсын. Көтеріліс жайлы ақпарат Кеңес Одағының өзге республикаларына қарағанда әлемдік қауымдастыққа ертерек жетті, кеңес империясының өз ішіне қарағанда сырттағылар үшін қолжетімді және объективті болды.
Тек демократиялық және заңды талаптар қойған жастардың бейбіт шеруін аяусыздықпен басу барлық әлемге Мәскеудің шет аймақтардағы ұлттық қозғалыстардың артуынан қорқатынын көрсетті.
Қазақстандағы Желтоқсан көтерілісі (1986 ж.) азаттықты аңсаған халықтың ұмтылысына бастау болып, жаңа тәуелсіз мемлекеттердің құрылуына, социалистік лагерьдің құлауына алып келді, бұл өзгерістер нәтижесінде әлемдегі күштер балансы демократия пайдасына қарай өзгерді. Алайда, осы өзгерістерге деген алғашқы қадамды Қазақстан жасағанын әлемге мойындату үшін, алдымен оларға өз елімізде халықаралық стандарттарға сай толыққанды баға беруіміз керек. Осы анық деректі халықаралық қауымдастықтың мойындауы Қазақстанның имиджі мен беделін арттырады. Бұл да бізге қоғамдық және саяси өмірімізді, насихатты, ғылымды, қоғамдық сананы жүйелі отарсыздандыру қажеттігін дәлелдейді. Біз Қ.Рысқұлбековтің ерлігіне баға бердік: қаза тапқаннан кейін «Халық Қаһарманы» атағы берілді. Егер ол қаза болмаған жағдайда қалай болатын еді? Айтпақшы, оның өлімінің нақты себептері әлі күнге дейін анықталмаған. Қайраттың, оның отбасының алдында бас ие отыра, мынадай сұрақ туындайды: не себепті тек Қайратқа ғана батыр атағы берілді?
Жалғасы келесі санда