Сенбі, 28 Желтоқсан 2024
Көршінің көлеңкесі 6380 8 пікір 30 Сәуір, 2020 сағат 16:46

Ресейлік «сәуегейлердің» сандырағына сенетіндер көп

КСРО құлағанымен оның мұрагері болып табылатын Ресей әскери-ақпараттық текетіресте өз салмағын жоғалтпау үшін англо-сакстық әлемге әйгілі Google сөтүшүін (іздеушісін) жаһандық «орыс әлемі» кеңістігінде оны өз төл сөтүшімен алмастырудың жолын іздестірді. Өз төл сөтүшінсіз РФ империялық амбициясын ақпараттық соғыста айқын таныта алмайтын. Көптеген қанат қақты жобалар өмірге келді. Бірақ ешқайсы Yandex-тей өміршең бола алмады. 

Аркадий Волож «Аркадия» компаниясын құрып онда ақпараттық-іздеуші бағдарлама «yet another indexer», яғни «тағы бір индексатор» деген сөздердің тіркесінен тұратын Яндекс іздеушісін Илья Сегаловичпен бірлесе Yandex.ru-ды 1997 жылдың 23 қыркүйегінде өмірге әкелді. 

Қазір Yandex әлемде таным-таралымы жағынан 21ші, ресурстық ауқымдылығы жағынан 4-ші орында иеленген ресейлік трансұлттық компания болып табылады. Өзін ТМД кеңістігіндегі орыс адамы санайтын әр жан осы іздеушіден өзіне керегін таба бастады. 

Бірақ ақпараттық майдан алаңында zen.yandex.ru айдарымен империялық мүддедегі жеке танымдық авторлық бағдарламалар ашылып, Орталық Азияның тәуелсіздігіне нұқсан келтіре бастады. Осы империялық мүддедегі жеке танымдық авторлық бағдарламалардың егелері заманалық орыс ойы мен бұқаралық пікірін қалыптастыруға өлшеусіз үлес қосып отырғаны жасырын емес. Біз ПАНТОГРАФ есімді жеке арнашының «Жаңа Ресей империясының күні туа ма?» (Грядет новая Российская империя?) атты жазбасынан қысқа үзіндіні «Абай кз» оқырмандары назарына ұсынып отырмыз.

Бұрындары әр жерде күңкілдеп айтылатын Әулие Лаврентий Черниговский 1950 жылы: «Ресей барша славян халықтарымен бірге жер бетіндегі ең мықты патшалық құрады. Орыс Шіркеуі қудаулаудан құтылып, православ патша билік жүргізеді....» деген көріпкелдігі дәл қазір орыс адамадарының санасын мүлдем жайлап алып, Путинді «православ патшасы» дәрегейіне көтере бастады.

2001 жылы 6 маусымда дәм-тұзы таусылған өз кезінде Ресейдегі коммунизмнің құлайтынын, II Николайдың мәшһүрленетінін, «Комсомолец» пен «Курск» сүңгүуір атомкемелерінің апатқа ұшырайтынын алдын ала болжап айтқан Иероним Санаксарскийдің айы оңынан туып тұр. Орыс адамдары имандай сенетін бір дүние осы Иероним Санаксарскийдің: «ІІІ дүниежүзілік соғыста жеңіпаз атанып, Қасиетті Орыс Империясының құрылатыны» туралы аянгерлігі.

Сонымен қатар аталған аянгер сопының «Ресей өте ауыр қиындықтарға көлкіген көз жасы мен сіңірі шыққан кедейлікке төтеп беріп, қайыра түлейді. Біз қанша жерден кедей болсақ та, жүніміз жығылмайды, өр рухымыз арқылы бәрінен құтқарыламыз» дегеніне ресей жұртының басым көпшілігі еш күмән келтірмейді. 

Аталған сопының айтуынша Ресей ІІІ жүзілік соғысқа жөнді қатыспайды. Соғыс көбіне Қытай және АҚШ-пен оның одақтасы Еуропа арасында орын алады. Нәтижесінде Қасиетті Орыс Империясының құрамына Солтүстік Америка мен Еуразия территориялары енеді-мыс. 

Түйін. Путиннің ақпараттық соғысы орыс адамының санасын улауда осылайша түрлі құйтырқылықтарға барып отыр. Соңғы 30 жылда қалыптасқан жаңа ресейліктер Орталық Азия елдерін айырылып қалған бодандары санайтыны еш дау тудырмайды. АҚШ мен Батыстың біздің аймақтығы әр қадамы РФ тарапынан қоқан-лоққы мен айқай-шуға негіз болады. 

Осыған тоқтау болатын күн бар ма деген ойға амалсыз қаласың?!

Әбіл-Серік Әліәкбар

Abai.kz

8 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2068