Жексенбі, 24 Қараша 2024
3457 0 пікір 29 Сәуір, 2020 сағат 12:34

Жетісулық ерікті Жансая Смағұловаға Амандық Баталов Президенттің Алғыс хатын тапсырды

Алматы облысында жыл басында еріктілердің саны 1043 болса, қазір олардың саны 2033-ке жеткен. Олар көмекке мұқтаж жандарға жәрдем көрсетумен айналысып, дезинфекциялық жұмыстарға атсалысуда, сол сияқты қауырт желі байланыс телефонында жұмыс істейді. Осындай жұмыстарды белсене атқарып жүрген «Жетісу еріктілері» ұйымының мүшесі, облыстық «Мейірімді Жетісу» фронт-кеңсесінің үйлестірушісі Жансая Смағұловаға облыс әкімі Амандық Баталов Президенттің Алғыс хатын тапсырды.

Құттықтау барысында облыс басшысы Жансаяның төтенше жағдай кезінде ұжымдық еріктілікті ұйымдастырудағы, мұқтаж жандарға қол ұшын созу жұмыстарын үйлестірудегі, волонтерлардың атқарған істерін БАҚ-та насихаттаудағы үлесін атап өтіп, Президенттің Алғыс хатын және сый ретінде өзінің қолтаңбасы бар кітап табыстады.

- Мейірімділік әлемді құтқарады деген сөз бекер айтылмаған. Қайтарымын сұрамай, шын ниетпен жасалған жақсылық қашанда адамның алдынан шығады. Сондықтан жақсылық жасау кез келген адамның өмірлік мақсаты болуы тиіс. Еліміз үшін осы бір қиын-қыстау кезеңде волонтерлардың, соның ішінде өзіңнің атқарған ізгі істеріңнің халыққа көп пайдасы тиді, - дей келе Амандық Баталов өзінің өмірлік тәжірибесінен мысалдар айтты. Сол сияқты Жансаяның болашақтағы жоспарлары туралы сұрады.

Атап өтсек, Жансая Смағұлова І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің «Журналистика» бөлімін бітірген. Бүгінде «Жетісу еріктілері» ұйымының мүшесі, облыстық «Мейірімді Жетісу» фронт-кеңсесінің үйлестірушісі. Алда журналистік жолды жалғастыру да ойында бар.

Айман Асыл

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5555