Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 4054 2 пікір 30 Сәуір, 2020 сағат 14:00

Коронавирус адамзаттың жан саулығына да орасан нұқсан келтірейін деп отыр

Коронавирус адамзаттың денсаулығына ғана емес, жан саулығына да орасан нұқсан келтірейін деп отыр ғой.

Қазір Ұлыбританияның мамандары дабыл қағуда, коронавирустың адам санасына, психикалық саулығына әсері көп жылдарға созылады деп отыр. Демек, депрессияға, психикалық ауруларға шалдығатындар, өздеріне қол жұмсайтындар саны өседі деп болжап, соның алдын алу үшін жұмыла кірісіп жатыр. Өйткені Психикалық саулық қоры (Mental Health Foundation) зерттеу жүргізіп, карантин кезінде елдегі 18-24 жас аралығындағы жастардың 44 %, ал ересектердің төрттен бірі (24 %) жалғыздық сезінгенін анықтапты.

Үкіметтің «кеңесімен» Samaritans-тан бастап, психикалық саулыққа алаңдайтын мыңдаған ұйымдар, консулдар (бізше әкімшіліктер), түрлі фестиваль, бизнес өкілдері күнделікті апдейт хаттарында жаныңыздың саулығын күту үшін не істеуге болатынын, өздері сізге қандай көмек ұсынуға даяр екенін жазады. Телефон шалсаңыз, тыңдайтын құлақ бар деп ескертеді, миллиондаған еріктілер осы іске жұмылған. Бірақ телефон шалушылар саны өскен, ең ірі ұйымдардың өзі «еріктілер қажет, көмектеріңіз қажет» деп шырылдауда.

Бізде осындай мәселелер көп айтылмайды. «Психологпен сөйлес» десең «мен псих емеспін» деп ренжіп қалатындар бар. Өткенде оқыған бір кітапта «Өміріңде айтқан ең батыл сөз қайсы?» деген сұраққа, бір кейіпкердің «Көмектес» деп жауап беретіні есте қалыпты. Британияда жан саулығы туралы әйгілі адамдар да жиі айтады, бұл ресайкл мен ғаламдық жылыну, бал араларын құтқару керектігі, немесе гендерлік, нәсілдік теңдік сияқты күн тәртібінен түспейтін мәселеге айналған. Суицид министрі (бізше айтқанда Денсаулық сақтау министрлігіндегі Суицидтің алдын алу бойынша вице министр) бар, әр боро (аудан) осы бағытта тұрақты жұмыс істейді.

Қазақстандағы суицид туралы деректерге қарағанда, жалпы, «депрессия» деген сөзге еркелік сияқты қарайтын қоғамымызға әлі біраз жұмыс жасау керектей көрінеді.

Әсия Бағдәулетқызының әлеуметтік желідегі жазбасы

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5539