Премьер-министр вирусты басқа адамдарға таратпас үшін ешкіммен уақытша араласпайтынын, бірақ үкімет мүшелерімен байланысын үзбейтінін мәлімдеді. Мишустин отандастарын елдегі шектеу шараларына жауапкершілікпен қарауға шақырды.
Ресейде бейсенбіде жеті мыңнан астам адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды. 101 адам қайтыс болды. Пандемия басталғалы елде 106 498 адам коронавирус жұқтырған. 1073 адам көз жұмған, 11 619 адам аурудан жазылған.
Мәскеу қаласында коронавирустан ауырғандар көп – бір тәулікте астананың 3093 тұрғынына осындай диагноз қойылды.
Билік эпидемия мамыр айының басында күшеюі мүмкін деп болжайды. Ресей президенті Владимир Путин демалыс күндерін 11 мамырға дейін созды. Путин үкіметке шектеу шараларынан біртіндеп бас тарту жоспарын әзірлеуді үкіметке тапсырды.
Abai.kz