Алматы облысында құны 5,8 миллиард теңге зауыт іске қосылды
Алматы облысы, Талдықорған қаласында майлы дақылдарды өңдейтін
зауыт іске қосылды. Агрокешеннің ашылуына Қазақстан Республикасының
бірінші Премьер-Министрі Сергей Терещенко, өңір басшысы Амандық
Баталов қатысты. Салтанатты шарада облыс әкімі зауыт ұжымы мен
қонақтарды өнеркәсіптің іске қосылуымен құттықтады.
«Алматы облысына, аргарлық өңірге керек өндіріс орны ашылып
жатыр. Мен рақмет айтқым келеді. Біз сөзімізде тұрдық. Бұл кісілер
инвестициясын тартты. Мына 500 гектар жерге жарық, су, жол, теміржолы
салынды. Енді осы жерде зауыттар сала бастауға мүмкіндік бар. Алматы
облысы аграрлық өлке екені барлығымызға мәлім. Ал, болашақта осындай
өнідірістердің арқасында аграрлы-индустриалдық аймақ болмақ.»-, деп атап
өтті өңір басшысы Амандық Баталов.
Шаһардың шығыс бөлігінде орналасқан агрокешеннің аумағы 19
гектар. Зауытты салу жұмыстары 2013 жылы басталған. Құрылысына жалпы
көлемі 5,8 миллиард теңге қаражат кеткен. Соя, жүгері, рапс, күнбағыс
майлы дақылдарын өңдеуге арналған өнеркәсіп жылына шамамен 325 мың
тонна өнім шығаруға қауқарлы. Агрокешенге 100 жаңа қондырғы сатып
алынған. Олар автоматтандырылған басқару жүйесіне қосылған. Ал,
зертханалардың соңғы үлгімен техникалық жабдықталуы шығарылатын
майдың жоғары сапалы болуына кепілдік береді.
«Еліміздегі төтенше жағдайға қарамастан, Алматы облысы әкімдігінің
қолдауымен бүгін осы өнеркәсіп іске қосылды. Алматы облысы Қытайман
шекарлас аумақ. Негізгі өніміміз де соларға жөнелтілмек. Бізден 2 миллион
тонна май алғылары бар. Біз соя, жүгері, рапс, күнбағыс дақылдарын өңдеп,
май шығарамыз. Кейін, құрама жем өндіреміз.»- деді, өнеркәсіптің бас
акционері Сергей Терещенко.
Өндіріс орнында 350 адамға жұмыс орны қарастырылған. Өндірістік
кешен еліміздің ішкі сұранысын қамтамасыз етіп қана қоймай, шетелге де
өнім экпорттамақ. Басты мақсат сапалы тауар ұсынысындағы үдеден шығу.
Айман Асыл
Abai.kz