Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 3416 0 пікір 27 Қазан, 2011 сағат 09:19

ҚР президенті қауіп-қатерлерге қарсы тұрудың нақты тетіктерін жақсарту жолдарын ұсынды

Астана. 27 қазан. ҚазТАГ - Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев орын алған және болжанған қауіп-қатерлерге қарсы іс-қимылдың нақты тетіктеріне қатысты бірқатар елеулі ескертулер мен ұсыныстар енгізді, деп хабарлайды мемлекет басшысының баспасөз қызметі.

«Бүгін мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ҚР қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді. ... Жобаны (лттық қауіпсіздіктің 2012-2016 жылдарға арналған Стратегиясының жобасы - ҚазТАГ) талқылау барысында президент орын алған және болжанған қауіп-қатерлерге қарсы іс-қимылдың нақты тетіктеріне қатысты бірқатар елеулі ескертулер мен ұсыныстар енгізді», - делінген Ақ орданың ресми сайтындағы ақпаратта.

«Өз сөзінде президент стратегиялық құжаттың аясында бейбітшілік пен келісімді сақтауға, қазақстандық қоғамды тұрақты және орнықты дамытуға, мемлекет пен экономиканы одан әрі нығайтуға, сондай-ақ Қазақстанның қауіпсіздігіне төнетін қауіп-қатерлерді бейтараптандыруға мүмкіндік беретін, орта мерзімді кезеңге есептелінген кешенді шаралар қабылдаудың маңызын атап өтті», - делінген баспасөз мәлімдемесінде.

Сонымен қатар отырысқа қатысушылар 2010 жылы қабылданған «Сыртқы барлау туралы» заңды іс жүзіне асыру мәселесін қарады. Қазақстанның ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сыртқы террористік және экстремистік қауіптерді дер кезінде табу және одан сақтап қалу үшін барлау органдары қызметінің маңыздылығы атап өтілді.

«Н. Назарбаев еліміздің барлау органдарының жұмысына баға беріп, орын алған проблеманы көрсетті және олардың қызметін жетілдіру, соның ішінде Қазақстан басшылығын жедел және сапалы ақпараттандыру мәселелері жөніндегі негізгі бағытын анықтап берді», - деп толықтырыпты баспасөз қызметі.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1460
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3226
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5282