Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 4402 0 пікір 28 Қазан, 2011 сағат 06:03

Ерсін Нәсіпұлы. Еуразиялық одақ, орыс ұлтшылдығы және қазақ интелегенциясы

Алтын орданың қол астында бірнеше ғасыр отар болған Рус жұрты, Алтын орданың ыдырауы мен құлдырауына, бөлшектенуіне байланысты, толассыз туылған түркі халықтарының өзара қырқысын шеберлікпен пайдаланып, тәуелсіздік алып шыға келді. Бірнеше ғасырлық бодандық, езілу олардың моңғұл-түркі халықтарына деген өшпенділігі, кегі ұрпақтар бойы жадыларында сақталып келді. Ұлы Петр I дің заманында атқа қонып күшейе түскен рус кінәздіктері бірігіп, билігі орталыққа шоғырланған империяға айнала бастады. Балтық жағалауынан бастап, Қапқаз, ұлы сібір, Орта Азия, алтай халықтарын бірінен соң бірін жаулап, қырып-жойып отарлай бастады. Буырқанған ата кегін қайтарғаны сонша кейбір халықтарды, айталық сібірдің ежелгі көне халықтарын жер бетінен түгелімен жойып жіберді. Ғалымдардың айтуына қарағанда 300 ден астам сібір жұрты орыс-казактарының аяусыз қырғынынан жер бетінен жоқ болып кеткен.

1511-1520 жылы Қасым ханның тұсында-ақ қазақ даласымен шектесіп, шегараны қазақ жерінің іргесіне дейін кеңейткен алып империя қазақ даласын отарлау үшін 1845 жылға дейін 300 жылдан астам  уақыт бойы қазақ даласының шегіне, толық аттап баса алмағанын көруге болады.

Алтын орданың қол астында бірнеше ғасыр отар болған Рус жұрты, Алтын орданың ыдырауы мен құлдырауына, бөлшектенуіне байланысты, толассыз туылған түркі халықтарының өзара қырқысын шеберлікпен пайдаланып, тәуелсіздік алып шыға келді. Бірнеше ғасырлық бодандық, езілу олардың моңғұл-түркі халықтарына деген өшпенділігі, кегі ұрпақтар бойы жадыларында сақталып келді. Ұлы Петр I дің заманында атқа қонып күшейе түскен рус кінәздіктері бірігіп, билігі орталыққа шоғырланған империяға айнала бастады. Балтық жағалауынан бастап, Қапқаз, ұлы сібір, Орта Азия, алтай халықтарын бірінен соң бірін жаулап, қырып-жойып отарлай бастады. Буырқанған ата кегін қайтарғаны сонша кейбір халықтарды, айталық сібірдің ежелгі көне халықтарын жер бетінен түгелімен жойып жіберді. Ғалымдардың айтуына қарағанда 300 ден астам сібір жұрты орыс-казактарының аяусыз қырғынынан жер бетінен жоқ болып кеткен.

1511-1520 жылы Қасым ханның тұсында-ақ қазақ даласымен шектесіп, шегараны қазақ жерінің іргесіне дейін кеңейткен алып империя қазақ даласын отарлау үшін 1845 жылға дейін 300 жылдан астам  уақыт бойы қазақ даласының шегіне, толық аттап баса алмағанын көруге болады.

1860-1870 жылдар  шамасында ғана қазақ жерін бір жолата отарлауға шамасы келе бастаған, Түркі жұртының қанын судай төккен қанды ауыз империя, қазақ даласын отарлу барысында да, осы саясатын үзбей жалғастырып келді. Бағынған-бағынбағанына қарамастан кейбір қазақ руларын тұтасымен құртып жіберді. Қазақтарға шүйліккені сонша, басқа бағынышты бодан болған халықтарға қарағанда, ең күшті қарсыласқан осы қазақтар еді. Ұлы һұн империясынан, байырғы түркі жұртынан қажыған қытайлардың да түркі жұртына деген азуы басулы еді. Шыңғыс әулеттері құрған, Иуан патшалығын аударып тастап Миң патшалығын құрды. Бірақ оның да күні ұзаққа бармады. Шығыс терістік алқабынан шығып, күшейіп келе жатқан манжур ұлысы қытай қорғанының быт-шытын шығарды. Ұлы Чиң империясын құрып қытайды 1911 жылға дейін табан аудармай 3 жарым ғасыр биледі. Ғасырлар бойы өздеріне маза бермеген түркі жұртын байырғы ата қонысынан, қытай қорғанынан алтайға дейін, созылып жатқан ұлан-ғайыр түркі халықтарын бөлшектеп, бір-біріне айдап салып қызыл-қырғын салып келді. Әрине, олардың да ата кегі күшті еді. Қағанаттарды бірнен соң бірін жойды. Тұқымын тұздай құртты. Аямады, кескіледі, қырды. Түркі жұртының тоз-тозы шықты. Билікке талас, ішкі қырқыс, билермен хандардың, тайпалар арасындағы ауыз біршіліктің болмауы түбі бір, түркі халқының түбіне жетіп тынып еді. Сол қанды қасап қырғын әлі де жалғасып келеді. Бір сәтте толастаған емес. Бірақ қылыш алған қанды қырғын емес, экономикалық-саяси кеңістігімізді өз үстемдігіне қарату арқылы отарлаудың жаңа бір түрі  бейбіт, тыныш, жымысқы, қитұрқы тәсілдер арқылы бодан ету шайқасы. Ұлы түркі жұртының ата жауына айналған, қазіргі екі держава елдің енді екі бүйірден қыса, қыспаққа алуы барған сайын жиілеп келеді. Қанды шеңгелін алғанымен тырнағы әлі батып отырған Ресей қазақ даласын отарлаудың жаңа тәсіліне мықтап кірсе бастағанға ұқсайды.

Экономикалық-саяси, әскери жақтағы ықпалын былай қойғанда, ақпарат кеңістігімізді жаулап алып отырған алпауыт елдің шовинистік-ұлтшылдық бағыттағы саясаты, ұстанымы өзгерген емес. Дүниенің кез-келген жеріне барсаңызда Ресейдей Қазақстанның ішкі ісіне килігіп, қожаңдап отырған мемлекетті көрмейсіз. Биліктен тартып, біздің бүкіл ресурустарымыз, интелегециямыз солардың мүддесіне қызмет етіп келе жатқаны жасырын емес. Тәуелсіздік алдық па? Жоқ, жаряладық па деген сұраққа ешкім де жауап бере алмайды. Шын мәнінде біз тәуелсіз ел емеспіз. Аймақтық, өңіраралық елге айналдық. Жартылай отар, жартылай тәуелсіз жарымжан елміз. Экономикалық жақтағы қытайдың үлес пайызының артуы бізді оңдырмасы анық. Державалардың капиталдық, шикізаттық және қомақты пайда табатын, шылауындағы елге айналып қалған сияқтымыз..

Қытайдың мысық табандап жақындауы, Ресейдің шоқпар үйіре бастауы бір тықырдың таяп келе жатқанын білдірсе керек. Шыныменде осы қауіпке қарсы тұра алатын қоғамдық пікір қалыптасты ма? Біздегі орыстың ойымен, еврейдің ақылымен, кәрістің қулығымен қимылдайтын билік, интелегеция орыс прьемері В. Путинннің көзқарастарымен келісе ме? Путиннің тілінде сөйлейтін билік  Путинша үн қата алама? Бұл сұрақ біз үшін маңызды әрі ең қажетті дер кезінде ашық пікір білдіруді талап ететіні шындық. Ешкімнің кеңесіне құлақ аспастан, милиондаған адамның, келесі ұрпақтың, ұлттың келешегі мен тағдырымен есептеспестен кедендік одаққа кірдік. Кіргеміз жоқ - кіргізді. Көнбесеңде. Еуразиялық одаққа кіруге үндеген (Үндеген дейміз ау, кір деп кіжініп отырған) Ресей прьемері В. Путиннің одағына енді кіреміз бе жоқ әлде қасқайып қарсы шығамызба? Биліктің Еуразиялық одақты көптен бері аңсап, біртұтас ортақ экономикалық кеңістік, ортақ валюта дегенді ойлап тапқаны және айтып жүргенін бәріміз де білеміз. Біз 300 жыл бойы орыс қазанында қуырдақ болып қуырылып, шала күйіп келдік. Енді ес жияр сәтте күлімсі иіс сасыған сол қазанға қайта түссек майсыз жанып кетпейміз бе? Сұлап түскен халықты, су түбіне жіберсек келесі ұрпаққа не бетімізді айтамыз? Бұл адамның ақыл-ойының адасуы, санасының әлсірегені емес пе? Екі иығың шабылса басың қалар, ал басың шабылса нең қалады?

Еуропадағы қазіргі өркениетті елдер санатында қаралатын ағылшын, франсуз, испан, италиян, португал, герман, голланд елдерінің бәрі де кезінде отарлаушы басқыншы елдер болатын. Оларда өз кезінде, адамзатқа қарсы отарлаудың алуан түрлі зорлық-зомбылықтарын жүргізіп, жан-түршігерлік қылмыстарға барып, басқыншылық саясатын жүргізіп  келсе де, бірақ қазіргі таңда ол елдер  әсіре шовинистік өктемдік көзқарастарынан, ойларынан бас тартып, арыла бастады. Ағылшындар жаулап алған малай түбегіндегі елдердің ешқайсының да тіліне, мәдениетіне, дініне соқтыққан жоқ. Қайта олардың өз ана тілдерінде оқуына, діндерін сақтауына, мәдениетін өркендетуіне жол беріп отырды. Еуропалық елдер отарлаушылық саясатының басқа халықтарға әкелген зардаптарын зерделеп, зерттеп келесі ұрпақтың санасына келмеске кеткен өктемдік мінезден үлгі алмауға шақырып, өркениетті жолға түсуге тәрбиелеп отыр. Әлемнің мәдениетті озық елдері қатарында, еуропалық одақ аясында жұмыс істеп, тең дәрежеде, бейбіт, ынтымақты, бір-бірінің ішкі ісіне килікпей, өзара сыйласып, бірге өркендеп отыр. Ал Ресей ше? Кеңестік келмеске кеткен кер заманды тірілтіп, қол астынан сусып кеткен елдерді қайтадан уысына алып, өктемдік көрсеткісі келеді. Петр I заманынан келе жатқан ұлы орыстық-шовинистік пиғыл мен санадан әлі арылмаған Ресей, өз аумағында өмір сүріп келе жатқан халықтар үшін әлі де қатерлі басқыншы ел ретінде қаралады. Өздерін Еуропалық санайтын, еуропалық өркениеттің көшінен, сана-сезімінен әлде қайда артта қалып қойған Ресей үшін бұл жолдың ұзаққа апармасы анық дүние. Адамзатың ақыл-ойы шырқау шегіне жетіп, қоғамдық-гуманитарлық сана дамып, әлемдік қауымдастықтың ықпалы артып, демократия мен құндылықтың өркені қанатын кеңге жайып келе жатса да, Орыс пен Қытай баяғы кер заманның кебін әлі киіп келеді. «Денъ» газетінің кәуландыруынша, қазіргі азат Украинаның белгілі қоғам қайраткерлерінің бірі ашу-ыза үстінде «Россия өзінің Москва книяздігі кезіндегі шегарасына қайта түскенге дейін, біз өзімізді қауіпсіз деп санай алмаймыз», деген екен. Күллі түркі жұртына ғана емес, өзімен қандас, діні бір, тілі жақын дейтін славян тектес халықтарды да оңдырмағаны анық. Мордва, коми, карел, удмурт, украин, грузин, армиян сияқты славян тектес халықтарды табанына салып езіп келгені тарихқа аян. Әлемдік өркениеттер тоғысып, адамзат тыныштық пен бейбітшіліктің алтын бесігінде тербелуді армандаса да, әлі күнге дейін өзіне бағынышты кавказ халықтарын қырып-жойып ұстап отырған Ресей үшін де жерінің 60 пайызы басқа ұлттардікі болса да, оларды бас көтертпей жою саясатын ашық жүргізіп, қарсылық көрсетіп, ұлттық тепе-теңдікті талап ететін, халықтарды феодалдық заманның тәсілімен, тілегімен есептеспестен, халықаралық қауымдастықты елеместен аяусыз қырғынға ұшыратып келеді. Басқа халықтардың мәдениетімен, құндылығымен санаспау, оларды өздерінен төмен санау, орайы келсе, құртып жіберу ниетінен  бір сәтте танған емес. Түбіміз бір, түркі жұрты саналатын қырғызың саяси қырғын салып, өзімшіл өз ағаң өзбек өзеуреп, құмдағы түркімен түңіліп, Әзербайжан қарабақпен әлек болып отырғанда түркі жұртының басы әзірге біргетін түрі білінбейді.

Кескілескен кер заманда, ақтабан-шұбырынды болып тоздық, кеңестік тар заманға келгенде аштықтан қырылдық. Қызыл ипмерияның қитұрқы саясатының құрбаны болып, бүкіл рухани құндылығымыздан ажырап құрып кете жаздадық. Бірақ бәрі де ауыз біршіліктің жоқтығынан, бақадай шулағанымыздың кесірінен еді. Сол кесірін тигізген кер ауыз қылығымыз әлі жалғасып келеді. Біреуіміз дінге, біреуіміз тілге, ділге қарсы шықтық. Зиялы қауымның ұйтқысы саналатын, қазақтың сөзін сөйлейді-ау дейтін, жеті жүзден астам жазушыдан анық жеті жазушыны таппайсың. Екі Мұхтар екі жақта жатып, бір-біріне ата кегі кеткендей шүйліксе, Тұңғышбай мен Асанәлі анадайдан бір-біріне шоқпар ала жүгіреді. Атақ пен даңққа, мемлекеттік сыйлыққа таласып, ақпарат, баспасөзде бір-бірімен қырқысып, қызыл кеңірдек болуға уақыт табатын зиялысымақтарымыз ұлттық мүддеге келгенде бір ауыз сөз айтуға жарамайды. Тілдік жақтан да, діндік жақтан да, бөлініп, қырық пышақ болған, халық пен биліктің арасында көпір болудан қалған, бас-басына партия, қоғамдық ұйым құрып, елді ырың-жырың еткен зиялыдан қазақтың көңілі баяғыда қалған. Абайдың: «бас-басына би болған өңкей қиқым» деп зар жылап кеткені бар. Бәрінің көздегені қазақтың, ұлттың мүддесі емес, жеке басынеың бала-шағасының қамы мен қарекеті ғана. Елбасының алдында кітабін, бала-шағасын мақтап, елге сіңірген еңбегін дәріптеп, ұзақ-сонар сарнап кететін ағаларымыздың қылығы ақылға сыймайды. Ұлттық интелегецияның арасындағы алауыздық, бөлінушілік жыл өткен сайын ұлғайып келе жатпаса, азайған емес. Тәуелсіздіктен кейінгі жылдар да, қазақ жазушылары, тарихшылары руға, жүзге, жікке, жерге бөлініп, хан мен биге, батырлар мен жырауларға таласатын, қазақ тарихындағы белгілі, аты аңызға айналған аруақты адамдарды руға меншіктейтін тұрпайы, пасық қылықтармен айналысып кетті. Жоқтан барды жасап, тарихта болмаған, болса да қатардағы көптің бірі саналатын адамдардан би мен батыр, тұлға жасаудан алдымызға жан салмадық. Қазақ халқы ежелден сыйлап, пір тұтып, атын аңызға айналдырып келген абыздарымыз бен тұлғаларымызды, батырларымызды қаралап, олардың тарихи келбеті мен ұлт алдындағы беделіне кір жағудан тайынбайтын, именбейтін деңгейге жеттік. Бірін зор қылып, екіншісін қор қылып көрсету үйреншікті құбылысқа айналды. Ұлттың тәуелсіздіктен кейінгі тағдыры, тілі мен мәдениеті құрсауда болған халықтың тарихи сана-сезімі мен ұлттық рухының әлсіреуі өз ұлтымыздан шыққан ірі, аса білімді, қуатты интелегецияның қолдауымен көмегіне зәру еді. Алайда, кеңестік кезеңнен бері қалыптасып, тамырын тереңге жіберіп алған зиялы қауымның арасындағы екі жүзділік дерті асқынып кеткені сонша, билік құрлымдарына дейін өрмекшінің торындай ұясын салып үлгірді. Қара қазан, сары баланың қамын ойламайтын, кеңестік кезеңнің шекпенінен шыққан, ұлттық интелегеция  тәуелсіз еліміздегі ұлттық бағыттағы мәселелерді шешу жағына  келгенде дәрменсіз, қайратсыз болып шықты. Өзінің шынай әлсіздігін, қауқарсыздығын көрсетіп алды. Бір жүзден, бір рудан, бір облыстан жасақталған билік өкілдері пайда болды. Тіпті кейбір мекемелерде бір атадан құралған адамдардың отырғанын көргенде не айтарыңды да білмейсің. Өзінің туыс-туғандарымен, құда-жекжаттарымен, балдыздарымен бір мекеменің кадрларын толтыра салудан ұялмайтын деңгейге жетті. Оппозицияның, заң шығарушы орган саналатын парламенттегі депутаттардың шын мәнінде ұлтқа қызмет етпейтінін, қазақтың рухына, тіліне ашық қарсы шығып отырған күйкі тірлігін халық өз көзімен көріп отыр. Кімнің-кім екені көпшіліке мәлім болды. Өз ұлтына опасыз, майдансыз, желбуаз адамдардың осы әркеттері қазақ тарихына қара әріппен жазылары даусыз. Тәуелсіздіктен кейінгі қазақ зиялыларының бойындағы жалтақтық, қорқақтық, салғырттық, білімсіздік, ұлттық  мемлекеттің қалыптасуы мен нығаюына өлшеусіз зардабын тигізіп келеді. Отаршылдықтан қалған құлдық сана мен тәрбие, қытайдан қорқатын, орыстан үркетін жиіркенішті психиология кейінгі жетіліп келе жатқан тәуелсіз жас буынның өсіп-жетілуіне, азат ойлы сана мен ұлттық рухты қалыптастыруына, азаматтық қоғамның толық қанды мүшесі болып жетілуіне кері әсерін тигізіп отырғаны ашындырады.

Кеңестік кезеңдегі ұлттық интелегецияның ұлттың мүддесі мен беделін қорғаудағы рөлі аса жоғары болғанын мойындауымыз керек. Мұхтары, Бауыржаны, Ғабиты, Сәбиті болған халық ештемеден алаңдамады. Жоқтаушысы, жоқшысы бар екеніне сенді. Қылышынан қан тамып тұрса да, сол кездегі кеңестік билік ұлттық мақтанышымыз болған, үркердей топтан кәдімгідей қаймығатын. Есептесуге, олардың сөзін тыңдауға мәжбүр болатын. Саяси сахнада да олардың талап-тілектерімен санасуға тиіс болды. Тоталитарлық жүйенің қанды қырғынына ұшыраған желтоқсан көтерілісі де, ұлтық қорғанымыздың әлсіздігінен, осындай тұлғалардың көзі жоқтығынан ашық жаныштауға ұшырады. Қазіргі кездегі қазақ халқы ашық теңізге шығып, өз бағытынан адасып кеткен, ескексіз, капитансыз кемеге айналды. Ғабитіне, Сәбитіне жетпесе де, жете қабыл тұлғаларымыз, ағаларымыз, арыстан мінезінен айырылып, итаяқ жалап, күшік болып қыңсылап кетті. Болмысы, рухы орыстанған, өз ұлтынан бас тартып, орыс көшіне ілесіп кеткен, бірақ  жол ортада көшке ілесе алмай, орысқа да керексіз болып жұртта қалған қандастарымыз (Олжас Сүлейменеов, Нұрболат Масанов, Ермұхаммет Ертісбаев, Нұрлан Ерімбетов, Ерлан Ыдырысов.... бұлардың қатары мыңдап саналады) қайта қайырылып, ұйысып, айрандай ұйып отырған қауымға, өз қандастарына уыттана шабуылдады. Қазақ осындайда: қайта шапқан жау жаман демеуші ме еді? Қасқырдай талады. Айықпас жара салды. Жансебіл, төзімді, қарға-тамырлы қазағым бұлардың да қылығын кешіре білді. «Іштен шыққан шұбар жыланым», деп олар салған жараның аузын жалап отыра берді. Әлі күнге дейін төрден орын беріп төбесіне көтеріп, мойнына мінгізіп келеді. Олардың қолымен де, ісімен де жасалған ашық та, жасырын да ұлттың рухани-мәдениетіне, тіліне, идеиялогиясына болмысына жат, сызат түсіре салған зияндары, қиянаттары әкелген зардаптарының кесірін ақтабан-шұбырынды да салған ойраттың ойранынан,  аштықта қынадай қырылған қазақтың азабы мен тозағынан кем түспейтінін біз әлі күнге дейін сезген де жоқпыз. Ұлттық болмысымызға, руханиятымызға келтірген өлшеусіз зардабын келесі ұрпақтың қаншама ғасыр тартатынын елестетудің өзі қиын шығар. Қасқа айғырлардың салған әлегінен құтылу оңай шығар, алайда төбел құлындарының ортамызда, күнделікті қоғамдық өмірімздегі көптігі толғандырмай қоймайды.

Біртұтас ұлттық идеиялогияның жоқтығы, жөн-сілтер бағыттың болмауы, алаш туының астына біріктіретін ұлы күштің әлсіреуі, арнамыздан адастырып бара жатқаны, көңілге қаяу түсіреді. Халық шынында кімге сенерін айқын білмейді. Қоғам кім көрінгенннің қанағатсыз ойлары мен құнсыз көзқарастарының құрбанына айналып барады. Радио-телеарна, ақпарат, баспасөз саласы мемлекет жағынан қаржыландырылса да, кімдердің мүддесіне қызмет етіп, сөзін сөйлеп отырғанын аңғару қиын емес екені белгілі. Ұлттың сөзін сөйлеп, жоғын жоқтайтын санаулы газеттерімізден басқа қаптаған орыс тілді басылымдарың түгелге жуығы қазақ мүддесімен бас қатырып отырған жоқ. Олардың қай таудың шөбін аңсайтыны, кімдерге қарап ұлыйтынын, бесітегі балаға дейін анық біледі. Алтайдан қытай қорғанына дейін, ұлы сібір даласынан балқанға созылып жатқан тұтас азия мен мен еуропаны жалғаған түркі халықтарының алтын бесігіне, құт мекеніне айналған еуразия даласында бір кездері Алтын ордадай ұлы империя дәурендеген ұлан қайыр далада өздері жаулаушы атанған, тілі де, түрі де, мәдениеті де жат болған халықтың отарынан шыққан тәуелсіздік алып, өз қолы енді аузына жеткен тәуелсіз елдерді қайтадан бодандық қамытына түсірудің айласына көшкен жұртқа жалғасты бодан болуы ақылға да, ақиқатқа да сыймайтыны даусыз. Шығыстық ұлы өркениеттің көкжиегінен сусындаған, далалық көшпенді мәдениеттің иесі атанған, өз сенімі мен нанымы бар, мұсылман қауымына жататын түркі жұрты үшін ұлы бірлік керек екені бесенеден белгілі. Басқа халықтарды құлдануға, жер бетінен жоқ қылуға болатын кер заман келмеске кетсе де, алайда өз қол асытындағы түркі және қапқаз халықтарын тілініен, мәдениетінен, дінінен бездіруге қаншама ғасыр жұмса да, олардың байырғы халық болып қала беретінін Ресей билеушілері әлі түсінбей келеді. Сібір даласындағы түркі-моңғұл халықтары өз тілінен, дінінен мәдениетінен айырылуға шақ қалса да, олар өз рухын әлі де сақтап келеді. 3000 жылдың алдында жоғалып кеткен тілін қайтадан қалпына келтірген еурейлер әлемдік өркениеттің көш бастаушысына айналып үлгірді. Жаулаушылықтың, өзге халықтарды құлданудың, мешеу отаршылдық сананың дәурені келмеске кеткенін әлі де түсіне алмай келе жатқан әлемдегі екі мемлекет ол - Қытай мен Ресей екені белгілі. Түркі жұртының алтын бесігіне айналған еуразия даласының даңқын асырған ұлы мемлекет Алтын орда ғана еді. Алтын орданың  еуразиялық одаққа айналып, тілі де, діні де, түрі де жат, бөгде жұртқа енді қайтып  бодан болмасы анық, оған халық та, түбі бір түркі де, тегі бір қандас қауым да көнбес. Қасиетті, түркі-моңғұл жұртының алтын бесігі саналатын, кең-байтақ ұлы дала басқыншыларды, жат жұрттықтарды өз бауырына тартқан емес, тартпайды да. Олардың да мәңгілік табан тіреп тұра алмайтынын тылсым табиғаттың өзі-ақ айғақтап тұр.

«Абай-ақпарат»

Пайдаланған әдебиеттер:

1.     Мұхтар Мағауин. Қазақ тарихының әліппесі (137- бет)

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1456
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3224
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5279