Жұма, 22 Қараша 2024
46 - сөз 28661 2 пікір 5 Мамыр, 2020 сағат 12:44

Рузвельт ұсынған "Жаңа бағыт" бағдарламасы

Қазір халықтың жағдайы кедейленіп кетті. Кризис кезінде кемінде 2-3 жылда жағдай бұдан да ауыр бола бастайды. Мәселені одан әрмен қиындата бермей қарапайым тұрғын үй, жұмыс орны сынды өзекті тақырыптарды шешкен дұрыс деп ойлаймын.

1929-1933 жылдары болған "Ұлы депрессия" заманында Рузвельт АҚШ халқына керемет "Жаңа бағыт" атты бағдарлама ұсынды. Ол бойынша:

1. Жұмыссыз қалған азаматтарды жол құрылысы, аурухана мен мектеп салу, көгалдандыру сынды жаңа жұмыс орындары ашылып іске алды. Жастар үшін жеңілдіктер жасалды.

2. Ауыл шаруашылығындағы фермерлерге несиелерін төлеуді кейінге қалдырып кең субсидиялар беріле бастады.

3. Тұрғын үй салудың жаңа бағдарламасы қабылданып, халыққа ипотекасын төлей алуы үшін мемлекет тарапынан стимул беретін көмектер көрсетілді. Нәтижесінде баспанасы бар азаматтардың саны өсті.

4. Банктер реформаға түсті. Елден алтын шығаруға шектеу қойылды.

5. Мәдениет үйлері салынып, рухани құндылықтарды көтеретін мемлекеттік бағдарламалар қолға алынды.

6. Биржа мен фонд саласы реформаға түсті.

7. Зейнетақы саласы түгел өзгертіліп қартайған азаматтардың жағдайына үкімет қарайласты.

Дер кезінде қабылданған шаралар нәтижесінде АҚШ экономикасы аяқтан тұрды. Рузвельттің жасап кеткен кейбір реформалары АҚШ-та әлі күнге дейін қолданыста.

Қазіргі таңда әлемнің экономикасы тұралаған заманда бізге де тың, мүлдем жаңа саясат пен экономикалық жүйелі реформалар қажет. Бұрынғы сүрлеуден кетіп, жаңашыл да батыл қадамдарға бармасақ жағдай қиындай береді. Мұны жасай алар білімді жастар мен кадрлар біздің елде жетерлік негізі. Бұл потенциалды қолдану қажет. Алда қиын заман күтіп тұрғаны ақиқат. Ұлтқа қызмет ететін, у ішсе де елімен ішіп, қиындықтан бірге шығатын заман келді біздің халықтың басына.

Бауыржан Серікбайдың әлеуметтік желідегі жазбасы

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3231
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5334