Сейсенбі, 8 Қыркүйек 2026
46 - сөз 4440 4 пікір 6 Мамыр, 2020 сағат 13:28

Оппозиция туралы заңнама карантин кезінде қаралмауы тиіс

COVID-19-KZ - 20

Карантин тағлымдары

Басқа уақыт табылмағандай дәл карантин кезінде біздің аузы маскасыз да буулы парламент ерекше белсенділік танытып, бірінен соң бір пытырлатып заң қабылдап жатыр! Және де оның ішінде ылғи қоғамдық-саяси маңызы бар заңдар: митингілер, партиялар, саялау туралы. Енді, міне, парламенттік оппозиция туралы заңнама да қарастырылып жатыр екен деген ақпарат шығып жатыр.

Айналайындар-ау! Оппозиция туралы заңды оппозиция ұсынуы не қорғауы керек емес пе?

Бүгінгі парламенттегі қандай оппозиция ол?!

Ол екі партия "Нұротанның" айтқанынан шықпайтын құйыршықтары, саяси сателиттері емес пе?

Елдегі жағдайды осыншама ушығып кетуіне, елде автократия орнауына дәл сол екі квазидемократиялық партияның қомақты үлесі бар емес пе?

Басқасын айтпағанда, Жаңаөзенде бейбіт халықты қынадай қырып жатқанда, олар парламент мінбесіне шығып ап, дауыс шығарды ма?!

Мен үшін Жаңаөзен - нағыз халықшылдықтың, демократияшылдықтың индикаторы! Ол кезде үндемей қалған кез келген ұйым не тұлға өзін халықшыл деп атауға моральдық қақы жоқ!

Олай болса, бізге "Төтенше жағдай кезінде парламентте мемлекеттің саяси жүйесіне тікелей әсер ететін заң жобаларын қарастыруға уақытша тыйым салынады" деген бап енгізу керек.

Өйткені карантин кезінде заңға сәйкес жария қоғамдық тірлік, қимыл-әрекет жасауға кедергі көп.

Әйтпесе, бұлар карантин кезінде ойына келгенін жасап алуы әбден мүмкін!

Әміржан Қосанның әлеуметтік желідегі жазбасы

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 984
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2524
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 688
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 660