Дүйсенбі, 25 Қараша 2024
Жаңалықтар 4782 0 пікір 28 Қазан, 2011 сағат 17:10

Алматыда «Жұмыспен қамту-2020 бағдарламасы» аясында 2 айда 300-ге жуық адам жұмысқа орналастырылды

Алматы. 28 қазан. ҚазТАГ - Ирина Гумыркина. Үстіміздегі жылдың қырқүйек-қазан айларында Алматы қаласының халықты жұмыспен қамту орталығы 300-ге жуық адамды жұмысқа орналастырды, деп хабарлады қалалық орталықтың директоры Гүлмира Байсбаева.

«1 қазандағы жағдай бойынша 273адам жұмысқа тұрғызылды. Айдың соңына дейін 300-ге жуық адамды жұмысқа орналастыруды жоспарлап отырмыз», - деді Г.Байсбаева жұма күні агенттік тілшісіне.

Оның атап көрсетуінше, жұмыспен қамту орталығының жұмыс істегеніне небәрі екі ай болған.

«Біз тамыз айында ғана жұмыс істей бастадық. 1 шілдеде құрылдық, ал нормативті-құқықтық база тамыздан бері жұмыс істейді», - деді ол.

Оның айтуынша, қалада әйелдер арасында жұмыссыздық басым, ал еңбек нарығында негізінен ер-азаматтардың мамандықтары сұранысқа ие.

«Құрылыс, жұмысшы мамандықтары, инженер, технолог, көше сыпырушылар, күзетшілер, жүргізушілер керек», - деді Г.Байсбаева.

Сондай-ақ, ол халықтың әзірге аталған бағдарламаға аз қатысып отырғанын айтты. Осыған байланысты «Жұмыспен қамту - 2020 бағдарламасын» жүзене асыру мәселесі бойынша бірыңғай қабылдау күнін» өткізу қажеттілігі туындады.

«Ең жаманы - мемлекет мүмкіндік беріп, қаржы бөледі, ал халық қатыспайды. Осы себепті біздің басты міндетіміз - халықпен кең көлемді ақпараттық жұмыс жүргізу», - дейді қалалық халықты жұмыспен қамту орталығының директоры.

Акция «Нұр Отан» ХДП-сының Алматы филиалында өткіп жатыр, онда қала тұрғындарына бағдарламада қарастырылған қызметтер туралы қажет ақпарат алу үшін бағдарламаның операторларымен - «Жұмыспен қамту-2020 бағдарламасын» жүзеге асырушы мемлекеттік органдардың өкілдерімен кездесіп, сөйлесе алады. Сондай-ақ, акцияға 200 бос әлеуметтік вакансия бойынша жұмысқа қабылдауға дайын жұмыс берушілер де қатысуда.

Алматы қ. жұмыспен қамту және «леуметтік бағдарламалар басқармасы бастығының орынбасары Айгүл Қалықованың айтуынша, мемлекет әлеуметтік жұмысорындарына азаматтарды қабылдаған кезде жұмыс берушімен бірге қауіптерді бірге бөліседі.

«Әлеуметтік келісімшартқа 12 айға қол қойылады. Жұмыссыз әлеуметтік жұмыс орнында еңбек ететін алғашқы жарты жылда мемлекет оның жалақысының жартысын төлейді, бірақ ол (жалақының жартысы) 26 мың теңгеден аспауға тиіс. Келесі үш айда мемлекет жалақының 30% субсидиялап, жұмыс беруші 70% өзі төлейді. Қалған үш айда біз 15%, жұмыс беруші 85% төлейді», - деп түсіндірді А.Қалықова.

«Бүгінгі күнге дейін 283 азаматпен әлеуметтік жұмыс орнын құру бойынша 132 келісімге қол қойылды. 1491 адам кәсіби оқуға жіберілді», - деп мәлім етті Алматы әкімінің бірінші орынбасары Мәулен Мұқашев.

Сондай-ақ, ол жыл басынан бері 14 мың жұмыс орны құрылғанын, бұл жоспардың 100,6%-ға орындалғанын көрсететінін айтты.

«Әрбір бесінші жұмыс орны шағын және орта бизнес саласында құрылды. Тіркелген жұмыссыздықтың деңгейі экономикалық белсенді халықтың 0,6%-ын құрайды. 2011 жылы экономикалық белсенді халықтың саны 755 мың адамды құрап отыр», - деді ол.

А. Қалықованың мәліметтеріне сәйкес, үстіміздегі жылы 825 адам колледждерге адам жіберілген, жұмыссыз, аз қамсыздандырылған және өздерін жұмыспен қамтамасыз еткендердің ішінен 625 адам үш айлық қайта даярлау курстарына жіберілген.

М. Мұқашевтің ақпараты бойынша, Алматыда бағдарламаның бірінші бағытын жүзеге асыру үшін қаржыландырудың көлемі Т1 млрд-тан асады.

Келесі жылы бағдарламаның басқа екі бағытын жүзеге асыру жоспарланған.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1525
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3303
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5923