Бейсенбі, 28 Мамыр 2020
COVID-19 ҚАЗАҚСТАНДА. Жұқтырғандар — 9304. Жазылғандар — 4768. Қайтыс болғандар — 37
Алашорда 4583 50 пікір 9 Мамыр, 2020 сағат 13:51

Ресей гербіндегі тазқараның шын иесі кімдер?

Қытай империясы жүнді халқын ыдыратқан б.д.д. III ғасырда Шыңжанда отырған юэчжилерді хоңыр (хунь) халқынан шыққан топ басып алған. Өйткені, қытай жазбасында Усун княздігін хуньмо билегені, хуньмо әйелді тек хунь (хоңыр) халқынан ғана алғандығы және тақ мұрагерлігі тек хунь қызынан туған адамға тиесілі болғаны туралы баяндалған (1). Демек, Шыңжанда отырған юэчжилерді хоңыр (хунь) халқы өкілдері биледі, мемлекеті қытай жазбасында Усун деп көрсетіледі (Үйсүн).

Усун княздігін билеген хоңыр (хунь) халқы адамдары өздерін «хоңырмын» деп атаған («хоңыр халқы адамымын» деген мағынада). Хоңыр халқын «хунь» деп атаған «р» дыбысы жоқ қытай, «хоңырмын» дейтін Үйсүн билеушілерін де «хуньмо» деп жазбаларына енгізген. Ал қытай деректеріндегі «Усун» атауы әуелде «Ю-сюн» болып жазылған деген жөн. Қытай деректері юэчжи тайпасының б.д.д. V ғасырда болғанын айғақтаса, «усун» атауы тек б.д.д. II ғасырда пайда болды. Қытайлар хұңдарды (хунь) «сюн» деп те атаған (мағынасы – жабайы, тағы). Француз тарихшысы Марсель Гране қытай деректеріндегі «Ю-сюн» атауының мағынасы «билеуші сюн» («сюн патша») екенін жазған. Усун княздігін билегендер – хунь (хоңыр) халқының өкілдері, яғни патша «сюн» халқы адамы. Осы себептен қытайлар «сюн-патша» билеген княздікті «Ю-сюн» деп атаған («Сюн патша княздігі» деген мағынада). Ал юэчжилер мен хұңдар ол атауды «Үйсүн» деп қабылдаған, сондықтан қытай жазбалары да кейін «Ю-сюн» сөзін «Усун» деп жазады.

Қытай деректері юэчжилер мен уйсундер бір ғасырда бір жерде отырғанын дәлелдейді. Бұл жайт ғалымдарды тығырыққа тірейтінін Лев Гумилев атап өтеді. Ресей империясының оқымыстылары «Юэчжилер парсы тілді, ал уйсундер түркі тілді, олар – өзара туыстығы жоқ дербес екі халық» деген тұжырым жасайды. Ал қытай жазбалары Үйсүн княздігімен байланысты оқиғаларда оларды кейде «юэчжи», кейде «уйсун» деп атаған. Осы деректер екі атаудың да бір тайпа-халыққа тиесілі екенін дәлелдейді. Алайда Ресей империясы атақты Тохарстан мен Кушан патшалықтарын орнатқан юэчжилердің түркітілділер екенін мойындағысы келмеді. Олар қол астындағы түркі тілді ұлттардың даңқты тарихы ашылғанын қаламады. Ресей сол себептен Лев Гумилевтің «екі тайпа ол аймақты кезек-кезек иеленген болар» деген болжамын нақты тұжырым етті (2).

Қытай империясының Орта Азиямен және Таяу Шығыспен сауда қатынасын жасауына ортада орналасқан Үйсүн княздігі кедергі болып келді. Себебі, Үйсүн княздігін билегендер қытайдың басты жауы хұң (хоңыр-хунь) халқынан шыққандар болатын. Нақтырақ айтсақ, Үйсүн княздігі Хұң империясы ықпалында еді. Қытай империясы қалайда Үйсүн княздігін Хұң (хунь) империясы ықпалынан шығаруды мақсат еткен. Сондықтан б.д.д. II ғасырдың басында Үйсүн мемлекетіне арнайы елші жіберген. Қытай жазбасы ол елшіні «Юэчжи елімен одақтасу үшін жіберілген» деп көрсетеді. Алайда, оның Үйсүн княздігімен жақсы қарым-қатынас орнатқанын аңғарамыз. Осы деректің өзі «үйсүн» мен «юэчжи» деген бір елдің екі түрлі атауы екенін нақты дәлелдейді. Демек, Шыңжандағы Үйсүн княздігінің халқы юэчжи тайпасы болған. Яғни, юэчжи тайпасының мемлекеті Үйсүн деп аталған.

Үйсүн княздігін билеген хоңырды (хунь)  жазбасына «хуньмо» деп енгізген сол қытай елшісі. Осыдан соң қытай жазбалары Үйсүн княздігін билегендерді хуньмо деп көрсетуді әдетке айналдырған. Қытай империясы сол елшінің артынша Үйсүн билігіне өз қыздарын ұзату арқылы туыстық байланыс орнатқанын, ал б.д.д. I ғасырда қытайлық әйелдің ықпалына түскен Үйсүн билеушісі Хұң (хунь) империясымен қарым-қатынасын біржолата үзгенін қытай жазбалары айғақтайды.

Қытай империясы б.д.д. II ғасырда қазіргі Шыңжандағы Үйсүн княздігімен байланыс орнатты. Ал сол ғасырдың екінші жартысында Шыңжаннан шыққан юэчжилер Орта Азияны басып алып (4), өз патшалығын құрды (ол тарихта Кушан патшалығы деп аталған). Осы екі тарихи оқиға өзара тығыз байланысты, яғни, Шыңжандағы шағын Үйсүн княздігі Қытай империясы көмегімен Орта Азияны басып алды. Осылайша шағын княздік алып, Үйсүн империясына айналды.

Парфия патшалығын билеген Арынсақ (араншах) династиясы мен Шыңжаннан келген юэчжилер арасында б.д.д. II ғасырда болған соғыс грек жазбаларында баяндалады. Сол соғыстар нәтижесінде Парфия патшалығы Орта Азиядан айрылып, тек Иран мен Закавказьеде өз билігін сақтап қалды. Осылайша жүнді халқының екі тайпасы орнатқан екі империя Орта Азияда көрші болып орнықты. Үйсүн-юэчжи елі Қытайдың әскери көмегін қолданған тәрізді, қалай болғанда да Ұлы Жібек Жолының пайда болуы сол оқиғалармен тығыз байланысты (3).

Осылайша Қытайдың жібекпен сауда жасауына жол ашылып, сол ғасырда Ұлы Жібек Жолы дәуірі басталды. Ғалымдар Орта Азияда Парфия патшалығынан бөлек, тағы бір империя болғанын тек XIX ғасырда айта бастады. Ол патшалықты орнатқан Шыңжаннан келген юэчжилер екені анық. Бір билеушісінің Кушан Герей деген есімінен болар, Ресей ол империяны Кушан патшалығы деп тарихқа енгізді (5). Дұрысында оны орнатқан Шыңжандағы Үйсүн княздігі билеушілері еді, сондықтан империяның өз атауы Үйсүн патшалығы болу керек.

Қытай жазбалары Үйсүн мемлекеті батыс, шығыс және орталық деген үш аймақтан тұратынын баяндайды (6). Осы деректің өзі таудағы шағын Үйсүн княздігі үш аймақтан құралған алып империяға айналғанын дәлелдейді. Жоғарыдағы деректерге сүйенсек, үйсүндердің таңбасы «қарға» бейнесінде болған. Ұқсастықтарын пайдаланып, «тазқара» атауын «қарға» деп бұрмалаған кейінгі қытай жазбалары тәрізді немесе шындықты жасыру ниетімен «тазқара» атауындағы «қара» сөзін «қарға» деп аудартып тарихқа енгізген Ресей саясаты болуы мүмкін. Өйткені, көрінген жерде тезек шұқыған сансыз қарғаны мемлекет таңбасы ету ақылға сыйымсыз. Грек деректері Тохарстан княздігін орнатқан юэчжилерде грифонға (тазқара) сыйыну дәстүрі болғанын растайды. Ал юэчжи мен үйсүн бір тайпа-елдің екі түрлі атауы екенін ескерсек, Үйсүн империясы таңбасы тазқара (грифон) болғаны анық.

Ғалымдар Шыңжандағы Үйсүн княздігі халқы жүнді халқына жататынын мойындайды. Б.д.д. II ғасырда үйсүндер жүнділер тәрізді көк көзді, қызыл шашты болғаны мәлім. Алайда, ормансыз Орта Азиядағы кейінгі мың жылдықта олардың көк көзі мен қызыл шашы өзгерген (б.д.д. II ғасыр мен б.з. VIII ғасыр аралығы). Қытай жазбалары Үйсүндер отырықшы және көшпелі екі топтан тұратынын, олардың тас пен кірпіштен қалалар салатын отырықшылары болғанын және хұң (хунь) халқы тәрізді көшпенділері де кездесетінін баяндайды. Үйсүн империясында қалалардың өте көптігінен «бір қаланың әтештерінің шақыруын екінші қала тұрғындары еститінін де» көрсеткен сол қытай жазбалары. Осы деректер үйсүн-юэжчилердің тауларда тас қорғандар салған жүнді халқына жататынын айғақтайды. Басты кейіпкерінің бірі самұрық құсы болған Ер Төстік ертегісі тазқара құсына (самрұх) сыйынған жүнді халқына тиесілі деп байлам жасауға да болады.

Үйсүн империясын билеген хоңыр (хуньмо) тобы екіге бөлініп өзара жауласқаны, бірі Хұң (хунь) империясымен байланысын үзбей Қытайға жау күйінде қалғаны, ал екіншісі қытай әскері көмегімен билігін сақтап, Қытай империясының одақтасына айналғаны жазылған тарихи құжаттар бар. Олардың биліктен айрылған тобы юэчжилердің өздеріне бағынышты бөлігін ертіп, Теңіз көлі (қазіргі Каспий теңізі) жағалауына кеткен (Орта Азия түгелдей Үйсүн империясы аймағы болғандықтан, онда сыймаған). Қытай жазбалары көрсеткен осы оқиғаларды ресейліктер «үйсүндер мен юэчжилер қақтығысы» деп түсіндіріп келді.

 Юэчжи атауының шежіресі

Юэчжи атауы «ошақ» деген сөздің қытайша дыбысталуы болып табылады. Сөз басында келген «о» әрпі қытайша «юэ» деп дыбысталады, сондықтан  «ошақ» атауы қытайша «юэчжакы» деп айтылуы тиіс. Қытайлар бөтен атауларды қысқартып айтатын халық, мәселен ошақ тайпасын «юэчжакы» деудің орнына, «юэчжи» дей салған. Қытай жазбалары юэчжилер б.д.д. V ғасырда өмір сүргенін дәлелдейді. Яғни, ошақ тайпасы осыдан 2 600 жыл бұрын бар болған. Есік қорғанынан табылған Алтын адамның сақ ханзадасы екені және онымен бірге ескі түркілік жазуы бар тостақ табылғаны белгілі. Сол тостақтағы жазудың «Аға саған ошақ» деген сөз екенін ғалымдар дәлелдеді. Алтын адамның б.д.д. V ғасырда өмір сүргені анықталған, яғни ошақ (юэчжи) тайпасының өмір сүрген заманы. Сонда тостақты Алтын адамға ошақ елі билеушісі сыйлағанын, ондағы «аға саған ошақ» сөзі арқылы ол өз дәрежесінің жоғары екенін ескерткенін көреміз.

Қазіргі ошақты тайпасы тасжүрек, аталық, қоңыр және байлы деген төрт рудан тұрады. Ошақтының төрт руы да юэчжи-үйсүндер жайлы деректерде кездеседі:

*Грек жазбаларына сенсек, юэчжилерде Ата руы болған, осы атауға «лық» жалғауын қоссақ, «аталық» болып шығады. Алматы тұрғынын «алматылық» дегендей, Ата руы адамдарын «аталық» деумен ошақтының аталық руы қалыптасқан (Ата руы ошақ-юэчжилерді хоңыр (хунь) тобына дейін билеген тәрізді).

*Ал ошақтының қоңыр руы юэчжи-ошақ елін немесе Үйсүн мемлекетін билеген хоңырлардан (хунь), яғни «хуньмо» (хоңырмын) тобынан қалыптасқан.

*Ошақты тайпасының басым бөлігін тасжүрек руы құрайды, оның таз деген жеке тармағы бар. Қазіргі Тәжікстан аумағын басып алған юэчжилер грифонға (тазқара) сыйынатындықтан шаштарын тақырлап қырып тастайтынын, осы себептен олар орнатқан княздік тарихқа Тохарстан болып енгенін грек жазбалары айғақтайды. Ол мемлекетті орнатқан әрі билеген ошақ-юэчжилер болғанымен, халқы парсы тілді болды және сол мемлекетте тәжік ұлты қалыптасты.

Қырғыз тарихшылары Тохарстанды юэчжилердің Таз деген руы (жігі) орнатқан деп тұжырымдайды және қырғыздағы Тазлы руы солардан тарайды деп санайды. Тохарстан княздігін орнатқан ошақ-юэчжилердің Таз руы ошақтының тасжүрек руы құрамында сақталған (арғында да таз руы болуы арғын мен ошақтының арғы тегі жүнді халқынан екенін байқатады). Грек деректеріндегі ошақ-юэчжилердің тазқара құсына сыйынғанын ескерсек, онда ошақ-юэчжилердің негізгі бөлігі өзін «тазжүрек» деп атаған деген тұжырым жасағанымыз дұрыс («тазқара құсындай жүректіміз», яғни «батылмыз» деген мағынада). Ошақ-юэчжилердің басым бөлігі болған сол тазжүрек руы – қазіргі ошақты тайпасының басым бөлігін құрайтын тасжүрек руының тап өзі.

*Қытай жазбасында жүнділердің жеті тайпалық одағы «байды» деп көрсетілген. Солардың ошақ-юэчжилерге келіп қосылғандарынан ошақты тайпасының байлы руы қалыптасқан. Жүнділік жеті тайпа одағынан болғандықтан, олардың ошақ-юэчжилерден дәрежесі жоғары болмаса, кем емес. Осы себептен болар, байлы руы «ошақтының жолы үлкені» саналады.

Осылайша үйсүн-юэчжилер құрамындағы ата, хоңырмын (хуньмо), таз және байды топтары мен үйсүндік ошақты тайпасының аталық, қоңыр, тасжүрек және байлы рулары өзара байланысты екенін анық көреміз. Демек, қытайлар «юэчжи» деген тайпа-елдің өз атауы – ошақ. Сюн (хунь) тобы билегендіктен қытай ол елді «ю-сюн» («сюн патша елі») деп атаған, осы қытайлық атау ықпалымен ошақ-юэчжи тайпасы өз мемлекетін Үйсүн деп кеткен. Тохарстан мен Үйсүн (Кушан) патшалықтарын орнатқан сол юэчжи-ошақ тайпасы, қазақ халқының ошақты тайпасы солардың тікелей жалғасы болып табылады.

«Ошақты мен шапырашты еншілес»

Үйсүн империясы біздің дәуірдің IV ғасырына дейін өмір сүрді, яғни 500 жыл алып аймақты билеген империя болды. Сондықтан Қытай жазбаларында ол өңір «Ежелгі үйсүн аймағы» деп көрсетіледі. Үйсүн империясы (Кушан патшалығы) құрамына қазіргі Өзбекстан мен Шыңжан, Ауғанстанның кей аудандары мен Қазақстанның оңтүстік өңірлері кірді. Үйсүндер отырықшы және көшпелі екі топтан тұратынын және ру-тайпа көсемдерін «бек» деп атайтынын Қытай деректері жазады.

Үйсүн империясын III ғасырдың соңында жүржан тобы жаулап алды, Қытай бұл ғасырда өз ішінде екіге ыдырап әлсірегендіктен, одақтасы Үйсүн империясына көмектесуге қауқарсыз еді. Жоғарыда Үйсүн мемлекетіндегі құң тобының бір бөлігі биліктен қуылып, қарамағындағы руларды ертіп Теңіз (Каспий) жағасына кеткенін айттық. Қытай жазбасында сол Теңіз көлі (Каспий) жағасында уи-бэй-го елі орналасқаны (7) туралы айтылады. Осы қытайлық «уи-бэй-го» атауы дұрысында «үй бөрі-гун» болуы мүмкін. Ол биліктен айрылған үйсүндік хунь тобының сенімді әскері болған хуньдық сұрбөрі тайпасы деп топшылауға болады (гунндер заманына дейін олардың Еуропада орныққандары «бургунди» деген атаумен белгілі).

Маңғыстаудағы «Алтын қазған» деген жерден жақында табылған асыл дүниелер III-IV ғасырлардағы Аттила заманына тиесілі дейді Ресей ғалымдары. Олар Маңғыстауда құң (хунь) билеушілерінің орталығы болған деген болжамдар жасауда. Сол заманда Каспий теңізі Журжан деп аталды, Закавказьені жаулап алғандар да кейін журжан деген ұлт болып қалыптасқанын арабтық Әл Масуди жазбасы айғақтайды. Қытайда «р» дыбысы жоқтығынан, журжан атауы тарихқа жужан болып енді. Бұл «жүрелеген, тізерлеген адам» деген мағына береді (8). Шамасы, сол Каспий теңізі маңына орныққандарда жүрелеп отыру әдеті болған. Сол себептен ол жақтағы жергілікті халық (сак халқының маңғы тайпасы) оларды «жүржан» деп атап кеткен болу керек. Сонда барған ошақты-юэчжилердің таз руы кейін қазіргі Кіші жүздегі таз  тайпасы болып қалыптасты. Олар мен жергілікті адай руы арасындағы құдаласу дәстүрінен кейін «таз бен адай еншілес» деген ұғым пайда болды.

Үйсүн мемлекетінің билігінен айрылған сол топ Маңғыстауда отырып ес жиып, күшейіп, кейін III ғасырдың соңында сыйбөрі мен маңғы тайпалары (құрамында адай руы басым болған) күшімен Үйсүн империясын жаулап алды (9). Осылайша олар ежелде өздеріне де тиесілі болған билікті тартып алды, Үйсүн империясының тазқара құсты таңбасы олардың да еншісінде еді. Сондықтан олар Үйсүн империясын билеген ошақ тайпасының таңбасын төмен құлдилаған тазқара күйінде бейнеледі. Ал өздерінің таңбасын жоғары самғаған тазқара бейнесінде қалдырды (10).

Жүржан (жужан) империясын орнатқан билеуші топтың сұрбөрі-ас  деп те аталғаны бар (сұрбөрі – қытай жазбасы «сюйбуй» деп көрсеткен хуньдардың таңдаулы тайпасының бірі, ал «ас» - Асылұя династиясынан дегенді көрсетеді). Өйткені, жужандар Закавказьеде орнатқан мемлекет Савир деп аталды және «Сібір» атауы да осы савир тайпасымен байланысты екенін ғалымдар мақұлдайды. Сұрбөрас руы Жүржан (жужан) қағанатын биледі, кейін олардан билікті Төргі Асұяң руы тартып алды (Тугэ асянь –  Тюрки ашина). Кейінгі VI ғасырдағы Төргі асұяң (Тюрки ашин) династиясы жаулығы сұрбөрас атауын шибөраш деп өзгертті. Ислам діні келген заманда жағымсыз естілетін шибөраш атауы шапыраш болып өзгеріп кетті. Шапырашты тайпасының тарихы осылай өрбиді.

Ислам дінін қабылдаған қазақ тайпалары түгелдей өз таңбаларын жансыз бейнелерге ауыстыруға мәжбүр болды. Себебі, Ислам дінінің талабы солай еді. Ошақ мен шапыраш тайпалары тазқара бейнелі таңбаларын тұмар бейнесіне алмастырды. Ресей гербіндегі екі басты тазқара бейнесі ошақты пен шапырашты тайпаларының төл таңбалары болатын (Рюрик әулеті анығында «Бөрік» деп аталады, олар – Жужан қағанатын билеген Сұрбөріас-Савир династиясының Қырымда қалған бөлігі). Ресейлік гербті сырттай қоршап шықса, үш бұрышты тұмар бейнесі шыға келеді. Үйсүн империясын жаулап алған сұрбөрас (шибөраш-шапыраш) тобы биліктен айрылған ошақ тайпасы таңбасын төмен құлдилаған тазқара бейнесіне, ал өздерінің таңбасын жоғары самғаған тазқара бейнесінде қалдырған дедік. Осы себептен таңбалар тұмарға ауысқанда ошақты таңбасы бір ұшы жоғары қараған тұмар, ал шапырашты таңбасы керісінше «екі ұшы жоғары қараған тұмар  болып шықты (10). Осындай ортақ тарихы болғандықтан «ошақты мен шапырашты еншілес» деген ұғым қалды халық жадында.

Ошақты шежіресінің бұрмалануы туралы бір дерек

Ошақты шежіресінің Ресей империясы тарапынан өрескел бұрмаланғанын байқау қиын емес. Шежіреде ошақтылар жоңғар шапқыншылығынан Арал теңізі жаққа ауып кетіп, кейін қайта өз жеріне оралғаны және қайтып келгенде жеріне ысты-ойықтар орнығып алғаны айтылады. Осы жер дауында ошақтылар қулық жасап, аттың бас сүйегін жасырын бір жерге көміп тастағаны, сосын сол бас арқылы жердің ошақтыға тиесілі екенін дәлелдегені жазылған шежіреде. Ошақты мен ойық – жылқыны бес саусағындай білетін көшпелілер, олай болса аттың басы ол жердің ошақтыға тиесілі екенін дәлелдеді деу ақылға сыймасы анық. Ошақтының жылқысы басқаша, ал ойықтың жылқысы басқаша жаратылған ба? Кімді кім ақымақ көреді, ошақты ойықты ма, әлде отарлаушы ұлт үшін ошақты мен ойық ақымақ көрінді ме?

Араб графикасында «ата» мен «ат» сөздері бірдей жазылатынын ескерсек, онда ошақтылар аттың емес атасының басын (бейітін) көрсету арқылы жер дауын өз пайдаларына шешуі мүмкін. Олай болса, Ресей империясының оқымыстылары ошақтының араб әріпті шежіресін қайта өңдегенде, ондағы  «ата» сөзін «ат» деп бұрмалап жіберген. Ойықтар сену үшін ол атаның есімі баршаға белгілі және оның бейіті де сол жерде ертеден бар болуы шарт. Ол қай атаның бейіті болуы мүмкін?

Үшарал ауылынан ары қарай құм жиегіне жақын аймақта Атбайлар деген төбе бар, онда «X ғасыр естелігі» деген тақта ілінген. Бұл төбе ат байлайтын жерге емес, Есік қаласындағы Алтын адам табылған төбе-қорымдарға ұқсайды. Төбенің орта тұсы бұрын қазылған, орыс археологтары сол жерді үңгіп кіріп, бейіттен асыл заттар іздеген тәрізді (ондай оқиғалар XIX ғасырда көп болғаны белгілі). «Ат байлары» мен «Ата Байсары» сөздері арабша әріптермен ұқсас жазылады, олардағы айырмашылық тек «с» мен «л» әріптерінің жазылуында ғана. «С» әрпі үстінде нүктелер болады, ал «л» әрпі үстінде нүктесіз жазылады және «с» әрпінен сәл биік болады. Сиясы жайылып үстіндегі нүктелері әріппен қосылып кеткен көне жазбадағы «с» әрпі бір қарағанда «л» болып көрінуі әбден мүмкін. Осыны пайдаланған империя саясаты, араб әріпті шежіредегі «Ата Байсары» атауын «Ат Байлары» деп өзгерткен деп топшылаймыз.

Қазақ мұсылман болған заманнан ондай биік төбеден бейіттер тұрғызбаған, демек бұл төбе-бейіт ошақтылар мұсылман болмаған ерте заманда тұрғызылған. Тарихи деректер ислам діні Тараз бен Ташкент қалаларына VIII ғасырдың бірінші жартысында орнығып қойғанын дәлелдейді. Ислам діні негізі болған Қазақ хандығының IX ғасырда осы біздің аймақта пайда болғаны да анық (Қараханиды мемлекеті). Олай болса, Ата Байсары шамамен I ғасыр мен VII ғасыр аралығындағы уақыттың бірінде өмір сүрген. Осы Ата Байсары бейітін көрсету арқылы ошақтылар бұл жердің ежелден өз ата қонысы екенін ойықтарға дәлелдеген десек, қисынға келеді. Ата Байсары (Ат байлар) төбесі орналасқан аймақ Байсары руының ата қонысы екені де сөзімізге дәлел (сол аймақтағы Мұсабай маңында Байсары руына тиесілі ескі мұсылман бейіттері сақталған).

Бұл дерек те Ресей империясының қазақ шежірелерін өрескел бұрмалағандығын айғақтайды.

Сонымен ошақты тайпасының қазақ тайпалары арасында ең көне тайпа екенін, Үйсүн империясы осы ошақты тайпасы орнатқан мемлекет екенін, Ұлы Жібек жолы ошақты тайпасының тікелей атсалысуымен пайда болғанын дәлелдеуге тырыстық.

ҚОСЫМШАЛАР:

1. «Усунь уплывала из хуннских рук. Несмотря на то, что Китай был далек, влияние его в Усуни возрастало. Отчасти оно шло через женшин. Судьба первой китайской царевны, выданной замуж за усуня, оказалось печальной: она только плакала и так и зачахла от тоски. Зато вторая, Гяйю, княжна, выданная за усуньского гуньмо, была особо энергичная, она приспособилась к обычаям страны, переходила по наследству, рожала детей и возглавила в Усуни группу прокитайской ориентации. Гуньмо Унгюйми во всем слушался своей жены. Она приспособилась к обычаям страны, переходила по наследству, рожала детей и возглавила в Усуни группу прокитайской ориентации. Она сделала для китайской политики больше, чем многотысячное войска Ли Эршинского. Один из ее сыновей стал владетелем Яркенда, дочь была выдана за владетеля Кучи. Усуни стали господствовать не только в своих горах, но и в оазисах Западного края. Гуньмо Унгюйми во всем слушался своей жены. Опасность заключалось лишь в том, что наследник престола был сыном хуннской царевны и хуннская партия в Усуни обладала значительной силой. Однако наследник был еще мал, и у царевны Гяйю пока были развязаны руки для вмешательства во внешнюю политику. Яблоком раздора между Усунами и Хуннами оказалось княжество Чеши. С 80г, т.е. с прихода к власти старохуннской военной партии, чешисцы совместно с хуннами начали наступать на усуней...Мало того, они потребовали от усуней выдачи царевны и прекращения связи с Ктиаем. Царевна и ее муж в 73 году направили посольство в Китай с предложением военного союза и совместного согласованного нападения на хуннов. Новый император Сюаньди с восторгом согласился, и приготовления к походу снова всколыхнули Китай. (История народа Хунну. Лев Гумилев)

2. Толчок к открытию новых земель дала внешная политика: в поисках союзников для борьбы с Хунну китайское правительство вспомнило о юэчжах, и к ним был послан чиновник Чжан Цянь. Древная усуньская земля, по сведениям китайского путешественника Чжан Цяня, лежала между Дуньхуаном м Циньяньшанем, но здесь же размещались и «Юэчжи». Сираторы удивилялся, как два самоуправляющихся народа живут смешанно на одной территории. Но, видимо, эти народы владели указанной территорией по очереди... На обратном пути Чжан Цянь был снова задержан хуннами, но бежал и вернулся в Китай в 120 г. до н.э.». (История народа Хунну. Л.Гумилев)

3. Вели́кий шёлковый путь— был проложен во II веке до н. э., вёл из Сианя через Ланьчжоу в Дуньхуан, где раздваивался: северная дорога проходила через Турфан, далее пересекала Памир и шла в Фергану и казахские степи, южная — мимо озера. Китай начал экспортировать шёлк, как только осознал свою потребность сначала в нефрите и жадеите из копей Хотана и Яркенда. Старая Северная дорога возникла во времена императора У-ди, который под натиском степного народа хунну направил своего сановника Чжан Цяня на юэчжей, для установления с ними союзных отношений. В 121 году до н. э. первый верблюжий караван с шёлком и бронзовыми зеркалами направился к Ферганскому оазису через Турфанскую впадину вдоль Огненных гор и отрогов Тянь-Шаня. Для транспортировки использовались главным образом верблюды. Благодаря интенсивной торговле в Танской державе сформировалась мода на среднеазиатские наряды и изделия. (Вели́кий шёлковый путь. Википедия)

4. В 124 до н. э. юэчжи (кушаны) включились в войну против Парфии, в которой был ранен, а потом умер от ран парфянский царь Артабан I. Артабан I — царь Парфии из династии Аршакидов. Правил в 128—124 гг. до н. э. Вступил на трон после своего племянника Фраата II. Погиб в войне с тохарами, вторгшимися в восточные области Парфии. (История Юэчжи)

5. Часть Юэчжи — кушаны, продолжавшие говорить на диалектах языков юэчжи, вторглись в пределы Бактрии и под предводительством своего царя Кушан Герая основали Кушанскую империю. При царе Канишке они принимают государственную религию Буддизм По одной из теорий, Кушанское царство было основано кочевым индоиранским народом тохаров (кит. юэчжи), пришедшим с территории, на которой сейчас находится китайский автономный район Синьцзян. Сам факт наличия огромной Кушанской империи был осознан историками не ранее середины XIX века. Сведения, сохранившиеся о Кушанской империи — эпизодические, разнородные и противоречивые. Хронология и история восстановлены преимущественно по сохранившимся монетам, китайским летописям (в частности «Хоу Хань Шу» — История Поздней династии Хань) и отдельным индийским и греческим свидетельствам. По поводу имён царей и хронологии продолжаются споры». (Кушанская Царства)

6. «Усуни имели широкие дипломатические и родственные связи с Китаем. В I в. до н. э. их численность достигала 630 тыс. человек. Источники упоминают город Усунь. Государство усуней делилось на три части: восточную, западную, центральную. Тамга усуней изображала ворона. Титул главы государства – гуньмо; Племенная и родовая знать – беки. Оседлые усуни жили в постоянных жилищах, построенных из сырцового кирпича и камня, а кочевые в юртах. Усуни разрабатывали месторождение свинца, меди, олова, золота. Из железа изготовляли — серпы, ножи, мечи, кинжалы, наконечники стрел. Из цветного камня и благородных металлов делали бусы, серьги, украшения для одежды. Керамическую посуду изготовляли в большем количестве. Ярким памятником ювелирного искусства усуней являлась – Каргалинская диадема». (Усуни)

7. «На китайских картах Западного края указаны границы Кангюя: восточная – у озера Алакуль, южная – у хребтов Киргизского Алатау, западная – у реки Сарысу, а северо-западная у озера Тенгиз, где Кангюй граничил с Уи-бэй-го». (История народа Хунну / Л.Гумилев)

8. «蠕蠕— Жуань-жуань. Первое название, употребляемое для данного народа. Скорее всего искажённое слово, презрительная кличка, данная китайцами. — значит медленно ползти, пресмыкаться. 柔然 — Жоужань. В русском языке закрепилось старое прочтение Жужань. (Жужанский Каганат)

9. «Помогает историческая география: на карте эпохи Санго (220-280 гг.) все Семиречье принадлежит усуням, на карте эпохи Цзинь усуни локализуются в горах около озера Иссыккуль и в верховьях реки Или. Карта составлена до304 г., поэтому мы вправе сделать заключение, что в конце III века «малосильные» хунны с Иртыша переместились в Семиречье и оказались достаточно мощными для того, чтобы загнать усуней в горы. Оглянемся на минувшие четырнадцать лет (303-317 гг.), и посмотрим что произошло. А произошло очень много, даже для самой мятежной эпохи. Великий Китай перестал существовать. Потеряв родные земли, колыбель своей древней культуры, Китай стал заурядным царством, окруженным с юга и запада воинственными аборигенами,

Бекжан Әденұлы

Abai.kz

50 пікір