Жексенбі, 24 Қараша 2024
1996 0 пікір 17 Сәуір, 2020 сағат 11:37

ҚМДБ Рамазан айына қатысты жиындарды онлайн форматта өткізді

Елімізде енгізілген төтенше жағдай режиміне байланысты қазір маңызы бар жиындар онлайн форматқа ауысқан. Бұл тұрғыда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы да аса маңызды жиындарды көпшілікке онлайн жүйеде ұсынып келеді.

Мәселен, күні кеше Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен Рамазан айы қарсаңындағы дәстүрлі Төралқа мәжілісі онлайн форматта өтті.

Онлайн жиынға ҚМДБ Аппарат басшысы Ғылымбек Мәжиев, наиб мүфти Ершат Оңғаров, Ғұламалар кеңесінің мүшелері, ҚМДБ бөлім меңгерушілері мен облыс және республикалық маңызы бар қалалардың бас имамдары қатысты.

Сонымен қатар жиынға Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Марат Әзілханов та қосылды. Өз кезегінде ведомство өкілі еліміздегі төтенше жағдай кезінде дін қызметкерлерінің , халықты бірлік пен имандылыққа шақыру бағыты бойынша атқарып жатқан жұмыстары, қайырымдылық, онлайн насихат айту бойынша істеліп жатқан шараларға оң пікірін білдірді.

Одан бөлек, вице-министр Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Ғұламалар кеңесі әзірлеген зиратты зиярат етудің тәртібі, ас беру мәдениеті секілді бірқатар құжаттардың қоғам үшін маңызды екенін айтты.

Онлайн жиында мүфтияттың Шариғат және пәтуа бөлімі меңгерушісінің орынбасары Хасан Аманқұлов Рамазан айында берілетін підия, пітір садақасы мен зекет мөлшерін анықтаудың маңызы жайында баяндады.

Ал, қала мен облыс имамдары Наурызбай қажы Тағанұлымен тікелей эфирде сұхбаттасып, оразаға дайындық жұмыстары жайлы әңгімелесті. Онлайн мәжіліс соңында ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Орталық аппарат қызметкерлері мен өңір бас имамдарына нақты нұсқамалар берді.

Сонымен қатар, Нұр-Сұлтан қаласында мүфтияттың бастамасымен Орта Азия ғұламаларының жиыны өткен болатын. Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан мұсылмандары діни басқармаларының жауапты өкілдері қатысқан бұл мәжіліс те онлайн форматта болды.

Онлайн мәжіліске Қырғызстан мұсылмандары діни басқармасы Ғұламалар кеңесінің төрағасы Абибилла Кадырбердиев, Пәтуа бөлімі меңгерушісі Равшан Эратов, Өзбекстан діни басқармасы төрағасының орынбасары Хомиджон Ишматбеков, Баспасөз қызметі бөлімінің меңгерушісі Мухаммадаюбхон Хомидов, Пәтуа бөлімінің меңгерушісі Ғуломжон Холбоев қатысты.

Ал, мүфтият тарапынан аталған жиынға ҚМДБ Ғұламалар кеңесінің мүшелері – Шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі Сансызбай Құрбанұлы, Шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісінің орынбасары Хасан Аманқұл, Халал өнімдерін стандарттау бөлімінің меңгерушісі Смайыл Сейітбек, Уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі Батыржан Мансұров, Баспа және аударма бөлімінің меңгерушісі Мұрат Әбдіхалық және Шариғат және пәтуа бөлімінің маманы Медет Құрсақов қатысты.

Мәжілісте діни басқарма өкілдері биылғы Рамазан айында атқарылатын жұмыстар мен коронавирус пандемиясына байланысты енгізілген төтенше жағдай кезінде ораза ұстау, ауызашар ұйымдастыру, тарауық намазы,  пітір садақа мен підия мөлшерін есептеу, алтын және күмістің нисабын белгілеу сияқты бірқатар мәселелерді талқылады.

Мұндай онлайн жиын Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Өскемен аймағы өкілдерімен де өтті.

Онлайн-мәжіліске аудан мен қала имамдары қатысып, төтенше жағдай кезіндегі атқарылып жатқан шаралар мен Рамазан айына әзірлік мәселелерін талқылаған.

Мүфтияттың Өскемен аймағы бойынша өкіл имамы Ермек Қасболатұлы карантин кезіне өтіп отырған жиналыстың қаншалықты маңызды екеніне тоқталып, алдағы міндеттермен таныстырды.

Бас имамның айтуынша, қазіргі кезде жамағаттың сауалдарына әлеуметтік желілер арқылы жауап беру, онлайн уағыз сынды насихат жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Сонымен қатар ол, рамазан айына әзірлікті пысықтап, имамдарға мемлекеттен белгіленген төтенше жағдай талаптарын сақтай отырып, діни іс-қызметті үйлестіруді қажеттігін айтты.

Ал, Бас мүфти өткізген онлайн брифинг негізінде Жамбыл облысының имамдары да онлайн мәжіліс өткізді.

Облыстың жаңадан сайланған бас имамы Бейбіт Әліпбекұлының алғашқы жиынына наиб имамдар мен қала және аудан имамдары қатысты.

Дін өкілдері аталған онлайн-мәжілісте Рамазан айын өткізу шаралары талқылады. Нақтырақ айтсақ,аймақ тұрғындары үшін ораза айының кестесі енді әлеуметтік желілерде, сондай-ақ бүктеме қағаз түрінде де халыққа қол жетімді болмақ. Елімізде енгізілген тқтенше жағдайға байланысты көпшілікке арналған ауызашарлар жасауға тыйым салынады. Және, жамағатпен оқылатын намаздарды әркім өз үйінде оқуы тиіс.

Сонымен қатар, онлайн-жиында имамдар тарапынан ұсыныстар айтылып, сауалдар да қойылды. Талас ауданының бас имамы Нұрсұлтан Алиевтың «ауызашардың орнынына мешіт асханасында тамақ дайындап, жағдайы мүшкіл отбасыларға ауызашар ретінде таратайық» деген ұсынысын бас имам қолдады. Карантин уақытында қайырымдылық шараларын көбірек ұйымдастырып, мұқтаждарға қолғабыс болу мәселесі жоспарға қойылды.

Дін мамандарына бірқатар жаңа тапсырмалар беріліп, нақты міндеттер жүктелді.

Сонымен қатар, елімізде енгізілген төтенше жағдай режиміне байланысты Шымкент орталық мешіті жанындағы «Оңалту» бөлімі мен ЖАНТ мүшелерінің кезекті жиналысы да онлайн түрде өтті.

Жиынға Шымкент қаласының бас имамы Бақтыбай Бейсенбаев пен қалалық «Діни оңалту» бөлімінің жетекшісі Берік Арынов жетекшілік етті.

Жиынның мақсаты - ЖАНТ тобының  «Сovid-2019»   жұқпалы індетіне байланысты жария етілген төтенше жағдай кезіндегі жұмыстар мен алдағы қасиетті Рамазан айында атқарылатын жұмыстар мен жоспарлар талқылау. Соның ішінде орталық мешіт жанынан ашылған «Call-Center» орталығындағы сұрақ-жауап жұмыстарының сапасын арттыру, уағыз-насихат жұмыстарын әлеуметтік желілер арқылы, «YouTube» каналдары  мен «WhatsApp» желілерінің көмегімен көпшілікпен байланыс жұмыстарын дамыту қажеттігі жайылы нақты тапсырмалар берілді.

Сонымен қатар, онлайн-мәжіліс барысында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Діни Оңалту» бөлімі тарапына келген тапсырмалар кеңінен түсіндірілген болатын.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1500
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3270
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5674