Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2768 0 пікір 1 Қараша, 2011 сағат 06:42

«Атамекен» одағы» ҚҰЭП жанындағы кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі қоғамдық кеңес Астанада алғашқы отырысын өткізді

Астана. 1 қараша. ҚазТАГ - «Атамекен» одағы Қазақстанның ұлттық экономикалық палатасының (ҚҰЭП) жанындағы кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі қоғамдық кеңес бизнесмендерді тексеруші органдардың қысымынан қорғайды, деп мәлім етті палата басшысы Абылай  Мырзахметов.

«Қоғамдық кеңес (кәсіпкерлердің құқықтарын қорғаужөніндегі - ҚазТАГ) кезекті «дөңгелек үстел» өткізу емес. Бұл тұрақты түрде жұмыс істейтін орган болады, оның хатшылығы бар, біз 5 білікті заңгерді жұмысқа қабылдадық, олар жағдайды нақты бағалап, кәсіпкерлерге сот пен прокуратураға арыздар жазуда көмектесіп, процестерде бірге болады», - деді А. Мырзахметов сейсенбі күні қоғамдық кеңестің бірінші отырысы аясында.

Оның айтуынша, кеңестің құрамына бас прокуратура мен қаржы полициясының қызметкерлері шақырылды.

«Қаржы полициясы бизнеске қысым көрсететін немесе оларға қатысты жемқорлық қылмыстар жасайтын шенеуніктерді анықтап жазалауға көмектеседі», - деді А. Мырзахметов.

Сондай-ақ, ол қоғамдық кеңестің аясында аймақтарда қоғамдық қабылдаулар құрылатынын, ал ҚҰЭП облыстық филиалдарының штатында 1 желтоқсаннан бастап бизнесмендерге сот процестерінде еріп жүретін 2 заң бойынша консультант жұмыс істейтінін айтты.

«Біз нақты мысалдарға қарап, жалпылап, қандай заң актілерін шығарып, қандай кедергілерді алып тастау керектігін түсінетін боламыз. Қандай шенеуніктер заңнаманың олқылықтарын пайдаланатынын анықтауға тиіспіз. Өйткені «жел диірмендерімен» шексіз күресу ауыр», - деді ҚҰЭП басшысы.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3240
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5379