Туризмді тұғырға қондыру керек
Астанадағы облыстардың мәдени күндерінің қорытындысы ретінде қаладағы Бейбітшілік және келісім сарайында Шығыс Қазақстан, Атырау және Жамбыл облыстары өнерпаздарының «20 қанатты жыл» атты біріккен гала-концерті мен осы аймақтардың қол жеткізген жоғарғы жетістіктерін көрсететін өндірістік көрме ұйымдастырылды. Оған Мемлекет басшысы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ келіп қатысты. Көрмеге қатысушы үш облыстың әрқайсысына жеке-жеке тоқталып, қазіргі тыныс-тіршілігімен танысты. Бұл ретте Шығыс Қазақстан өзінің мақтан тұтар ірі кәсіпорындары-ның, ілгері басқан агроөнеркәсіп саласының толағай табыстарын, атом өнеркәсібінің, шағын және орта бизнестің, ғылым мен техниканың, инновациялық технологиялардың орасан жетістіктерін ортаға жайып салды. Меймандар назарына «Виртуалды туризм» жобасы ұсынылды.
Өз кезегінде Президент «Азия Авто» компаниясының жұмысына оң бағасын беріп, машина құрастыру жұмыстарын елімізде одан ары дамыту қажеттігін ескертті. Сонымен қатар Алтайдың әсем табиғатын тиімді пайдаланып, туризм саласын өркендетуді тапсырды.

Бұдан кейін Елбасы еліміздің үш өңірінен келген күміс көмей әншілердің шарықтата шырқаған әндерін тыңдады. Концерттің шы-мылдығы үш облыс өнерпаздары-
ның бірлесе орындаған Құрманға-зының «Сарыарқа» күйімен ашылды. Арқаны қоздырып, көңілге желік бітірген күй құдіреті Бейбітшілік сарайына лық толған көрерменді бірден баурап әкетті. Залдағы отырғандар әншілермен бірге халқымыздың дәстүрлі әндерін бірге шырқап, шабыт шақырды. Әр аймақ өзіне тән өнерлерін көрсетті. Бір байқағанымыз, мұнда да Шығыстың дүлдүлдерінің шоқтығы басқаларға қарағанда дара тұрғандай көрінді. Оған дәлел - Ольга Сағындықова мен Михаил Глазыриннің «Адай» күйін төгілте тартқанда дүйім жұрт-тың дүр көтеріліп қошемет білдіруі. Шәкерімнің «Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек» деген әнін орындаған жер-лесіміз Берік Омаров та тыңдаушы қауымның жоғары талғамынан шыққанын ұмытпайық. Пирамида пішіндес зәулім сарайдағы мерекелік концерттің Астана тұрғындары мен қонақтары үшін ғажап бір кештің болғандығы рас. Бағдарлама соңында Президенттің атынан сахна саңлақтарына гүл шоқтары тарту етілді.
Елорда төрінде өткен мәдени күндерге облыстық драма театрының қазақ және орыс труппалары да өз үлестерін қосты. Қазақ труппасы өнерсүйер қауымға «Атымды адам қойған соң...» қойылымын ұсынса, орыс труппасы «Лекарь поневоле» спектаклін көрсетті. Ал жастар үшін қалалық орталық алаңда түнгі нон-стоп би кеші ұйымдастырылып, Өскеменнің ең үздік танылған диджейлері астаналықтар алдында барын салды. Екі күн қатарынан Астана халқын мерекелік шаралармен армансыз сусындатқан облыстың күндері би кешінің соңындағы отшашумен аяқталды.
Серік Әбілхан, арнайы «Абай.кз» ақпараттық порталы үшін.
Астана қаласы