Түрік елінен туыс, бауыр тауып қайттық
Қазан айының 14-15-і күндері Шығыс Қазақстан облысының Әкімі Бердібек САПАРБАЕВ бастаған делегация Түрік Республикасының Бурса өңірінде болып қайтты. Жұмыс сапарының негізгі мақсаты - Бурса аймағымен бауырластық қарым-қатынас орнату, һәм Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған мәдени шаралар өткізу. Айта кетуіміз керек, Ататүріктің еліне сапар шеккен делегация құрамында шығысқазақстандық кәсіпкерлер мен өнер майталмандары да болды.
Бауырлас өлкенің халқы бақуатты тұрады екен
Бурса - Түркияның Ыстамбұл, Анкара, Измирден кейінгі 4-ші ірі қаласы. Елдің солтүстік-батысында, Мәрмәр теңізін бойлай жатқан өңір өзінің тарихи орындарымен, қысқы демалыс ошақтарымен танымал. Бастысы, мұнда өндіріс пен жеңіл өнеркәсіп өркен жайған. Ондаған индустриялы аймақтарда 3 мыңнан аса зауыт-фабрика жұмыс істейді. Кішігірім цехтардың саны 70 мыңнан асып жығылады.
Экспорт бойынша Бурса екінші орында тұр. Сыртқа ең көп тауар өндіретін - Ыстамбұл.
Түркиядан шығатын автокөліктер мен құрал-саймандардың дені өңірдің еншісінде. Бурсада «Рено», «Фиат», «Мерседес», «ТОФАШ» маркалы көліктер, жүк көліктері құрастырылады.
Қазан айының 14-15-і күндері Шығыс Қазақстан облысының Әкімі Бердібек САПАРБАЕВ бастаған делегация Түрік Республикасының Бурса өңірінде болып қайтты. Жұмыс сапарының негізгі мақсаты - Бурса аймағымен бауырластық қарым-қатынас орнату, һәм Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған мәдени шаралар өткізу. Айта кетуіміз керек, Ататүріктің еліне сапар шеккен делегация құрамында шығысқазақстандық кәсіпкерлер мен өнер майталмандары да болды.
Бауырлас өлкенің халқы бақуатты тұрады екен
Бурса - Түркияның Ыстамбұл, Анкара, Измирден кейінгі 4-ші ірі қаласы. Елдің солтүстік-батысында, Мәрмәр теңізін бойлай жатқан өңір өзінің тарихи орындарымен, қысқы демалыс ошақтарымен танымал. Бастысы, мұнда өндіріс пен жеңіл өнеркәсіп өркен жайған. Ондаған индустриялы аймақтарда 3 мыңнан аса зауыт-фабрика жұмыс істейді. Кішігірім цехтардың саны 70 мыңнан асып жығылады.
Экспорт бойынша Бурса екінші орында тұр. Сыртқа ең көп тауар өндіретін - Ыстамбұл.
Түркиядан шығатын автокөліктер мен құрал-саймандардың дені өңірдің еншісінде. Бурсада «Рено», «Фиат», «Мерседес», «ТОФАШ» маркалы көліктер, жүк көліктері құрастырылады.
Бурса сонымен бірге тоқыма өндірісінің ірі орталығы. Негізінен жібек, жіп, мата, мақта өндіреді. Аймақта аса ірі 8 тоқыма фабрикасы бар. Мәселен, 1938 жылы негізі қаланған Мерино зауыты бүгінде жасанды және синтети-калық мата өндіреді.
Бұдан бөлек, металл өңдейтін зауыттар жұмыс істейді, жүн-тері өнімдерін, жасанды тыңайтқыш, күнбағыс майы, консервіленген азық-түлік шығарады.
Екі өңірдің экономикасында ұқсастықтар көп
Бурса әуежайында шығысқазақстандық делегацияны ҚР-ның Түркиядағы Төтенше және өкілетті елшісі Жансейіт Түймебаев қарсы алды. Екі күндік сапар аясында облысымыз-дың басшысы Бердібек САПАРБАЕВ пен іскер топ өкілдері Бурса аймағының уәлиі Шахабеттин Харпутпен, Бурса қаласының мэрі Реджеп Алтеппен, Сауда-өндіріс палатасы төрағасы-ның орынбасары Али Хазырмен кездесіп, екі өңірдің экономикалық, мәдени-гуманитарлық қарым-қатынасын нығайтуға бағытталған келіссөздер жүргізді.
Бурса аймағының уәлиі Ш.Харпут туысқан екі халықтың ынтымағы жарасқанын айтты. Күллі түркі жұртының, адамзаттың алтын бесігі болған Алтаймен қайта қауышып, атажұртқа жақындай түсуге ынталы екенін ашық аңғартты.
Шығыс Қазақстан мен Бурсаның алыс-берісін жақсартуға қолайлы жағдай туып отырғанын қаланың мэрі де атап өтті.
Шығыс Қазақстанның нақ осы өңірмен бауырластық қарым-қатынас орнатуының ма-ңызы зор. Өйткені Бурса да Шығыс Қазақстан сияқты өндірісі дамыған өлке. Және де индус-триалды аймақтар құруда тәжірибесі мол. Екіншіден, тоқыма, ауыл шаруашылығы салаларында ортақ мүддеміз көп.
Үшіншіден, Бурсада қысқы спорт түрлері мен экотуризм жақсы дамыған. Бұдан да үйренеріміз жеткілікті. Екі өңірдің табиғаты да ұқсас келеді.
Екіжақты кездесулердің барысында аймақаралық қарым-қатынасты дамыту, түрік капиталының көмегімен индустриялы аймақтар құру, Кеден одағының талаптарына сай, сауда-инвестициялық әріптестіктің жаңа үлгісін қарастыру мәселелері талқыланды.
Келіссөздердің нәтижесінде Бурса аймағының уәлиі Ш.Харпут пен Шығыс Қазақстан облысының Әкімі Бердібек САПАРБАЕВ екі өңірдің бауырластық қарым-қатынас орнатуы туралы хаттаманы бекітті.
Басқосуды қорытындылай келе тараптар экономикалық және мәдени-гуманитарлық әріптестікті тереңдете түсуге ықпал ететін болып келісті.
Бұдан кейін облыс Әкімі Бурса қаласы-ның Сауда-өндіріс палатасы төрағасының орынбасары Али Хазырмен кездесті. Кездесу нәтижесінде тараптар «Достық қа-
рым-қатынас орнату» туралы құжатқа қол қойды.
Береке-бірлікке жетелейтін бизнес-форум
Іссапар кәсіпкерлерге де тиімді әрі нәти-желі болды. Іскер адамдарға 50-ден аса компания басшыларымен екіжақты келіссөздер ұйымдастырылып, ҚР Түркиядағы елшілігі мен Бурсаның Сауда-өндіріс палатасының мұрындық болуымен қазақстандық және түркиялық кәсіпкерлердің бизнес-форумы өтті.
Форумда сөз алған Бурсаның аймақ басшысы 20 жыл бұрын Қазақстанның тәуелсіздігін ең алғаш болып мойындаған, қолдаған Түркия екенін айта келіп, бүгінде қазақ жерінде 400 біріккен, 130 таза түрік компаниясы жұмыс істейтінін тілге тиек етті. Жалпы, Түркия - АҚШ, Корея мен Англиядан кейін қазақ экономикасына қомақты қаржы құйып отырған 4-ші ел. Астанадағы құрылыстың 60%-ы түрік компанияларына тиесілі.
Сонымен қатар, Ш.Харпут Бурсаның экономикалық көрсеткіштеріне тоқталып өтті. Түркияда өндірілетін синтетикалық жіп пен материалдың 75%, автокөліктің 72%, кішігірім жүк көліктерінің 49,32%, көлік бөлшектерінің 63% және жиһаздың 30% бурсалық кәсіпорындардың еншісінде.
- Бурса - Осман империясының алғашқы астанасы. Мұнда мемлекеттің негізін қалаушы Осман мен Орханның және өзге патшалардың бейіті тұр. Мұнда мұсылман-дар да, христиандар да зиярат ететін қас-терлі орындар бар. Сондықтан, Бурса - тарихи және мәдени орталық болып саналады, - дей келе Харпут мырза, осы ретте тарихи туризмнің кең құлаш жайып келе жатқанын атап өтті.
- Бүгінде туризм саласы 4 бағытта да-мып келеді, - дейді аймақ басшысы. Бұл:
● Қысқы спорт, экотуризм және туризм;
● Емдік туризм;
● Тарихи, мәдени және діни туризм;
● Жәрмеңкелер мен мұражайлар, кәсіп-керлерге арналған туризм.
Қазір бурсалықтар 3 секторға ерекше екпін қойып отыр. Бұл: энергетика саласы, тұрмыстық қажеттіліктер мен қызмет көрсетуге қажетті жабдық және туризм.
Өз кезегінде Шығыс Қазақстан облысы-ның Әкімі өңірдің түсті металлургия мен машина құрылысының орталығы, агроөнер-кәсібі дамыған аймақ екенін айтып, Қа-зақстан экономикасына елеулі үлес қосып отырғанына тоқталды.
- Былтыр өндірілген өнім көлемі 624 млрд. теңгені құраған. Биыл біз тауардың көлемін 100 млрд. теңгеге дейін өсіруді жос-парлап отырмыз. Осылайша біртіндеп 800 млрд. теңгенің өнімін өндірмекпіз. Бұл межеге жақын қалдық, себебі, 8 айдың қорытындысы бойынша өнім көлемі 512 млрд. теңге болды. Бұл былтырғы көрсеткіштен 30% артық, - деп түсіндірді Бердібек САПАРБАЕВ.
Сонымен қатар облыс Әкімі елде инновациялық экономиканы дамытуға ерекше көңіл бөлініп отырғанын, осы орайда үдемелі индустриялы-инновациялық даму бағдарламасы қабылданғанын жеткізді. Облыстан индустрияландыру картасына енген 34 жобаға бас-аяғы 4 млрд. доллар қаржы бөлініп отыр. Нәтижесінде 7 мың жаңа жұмыс орны ашылмақ.
- Қазіргі таңда өндіріс саласы мен ғылымды жақындастыруға батыл қадамдар жасалуда, - дей келе Әкім ғылыми-зерттеу ұйымдарының саны бойынша шығыс өңірінің үшінші орында тұрғанын да атап көрсетті.
Өңір әкімі агроөнеркәсіп саласындағы ілкімді істерге де тоқталды. Мал шаруа-шылығы өнімдерін экспортқа шығаруға облыстың әлеуеті жеткілікті екенін атап өткен Бердібек САПАРБАЕВ бұған екінші жыл қатарынан жүзеге асып жатқан «Жайлау» мал шаруашылығын дамыту бағдарламасы да қолғабыс болғанын айтты.
Түрік кәсіпкерлерін Алтайдың брэндіне айналған ара және марал шаруашылықтары да қызықтырады. Тамыз айында Өскеменде өткен бал фестивалінде көтерілген Еуразиялық омарташылар қауымдастығын құру туралы бастаманы да түркиялықтар қызу қолдап отыр.
Сонымен қатар, аймақ басшысы Шығыс Қазақстанда да Бурса өңіріндегідей қысқы спорт пен тарихи және емдік туризмнің жақсы дамып келе жатқанын тілге тиек етті.
Келешегі зор бағыттың бірі ретінде Әкім туристік өнімді насихаттап, дамытатын біріккен кәсіпорындар құруға, «Еуразия торабы» жобасын жүзеге асыруға шақырды.
Шығыс Қазақстанда шығатын өзге де өнімдерді тізбектей келе Әкім өңірдің экспорттық әлеуетіне ерекше мән берді. Бүгінде Қытай, Ресей, Беларусь секілді елдермен алыс-берісті жолға қойған біздің облыста 20 қазақ-түрік біріккен кәсіпорны қызмет етуде. Облыстың Түркиямен тауар айналымы биылғы жылдың 6 айында 35,4 млн. долларды (осы аралықтағы сыртқы сауда айналымының 2,5%) құраған. Бұл өткен жылғымен салыстырғанда 14,2% артық. Экспорт 34,1 млн. долларды құраса, Түркиядан келетін импорт 1,3 млн. доллар шамасында. Негізінен Түркияға игерілмеген мырыш жөнелтіледі. Ал тиісінше Түркиядан қағаз және картон, жуатын, тазалайтын заттар тасымалданады.
Сонымен бірге, облыс Әкімі жүн-тері өңдеу, теріден жасалған өнімдер жасауға бағытталған бірлескен кәсіпорындар құруға да мол мүмкіндік барын атап көрсетті. Мәселен, «Ертіс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы Семей тері-тон комбинатын шикізатпен қамтамасыз ететін шағын орталықтардың желісін көбейтпек.
«Ертіс» ӘКК кен игеру, шағын және ірі су электр станцияларының құрылысында да түрік кәсіпкерлерімен бірлесіп жұмыс істеуге мүдделі. Бұл жөнінде өз баяндамасында «Ертіс» ӘКК» Ұлттық Компаниясы» АҚ-ның басқарма төрағасы Нұрлан Сыдықов мәлім етті.
Ал «Приречное агрофирмасы» ЖШС директоры Мұхит Тұмабаев бурсалық кәсіп-орындармен бірігіп, асыл тұқымды сүтті сиырдың қарасын көбейтетін болып келісті. Бұдан бөлек жеке кәсіпкер пияздың жылдам пісіп-жетілетін тұқымын алуға бекініп отыр.
Жалпы, форум аясында қазақ-түрік кәсіпкерлері өзара кездесіп, бұдан былай біріге жұмыс істеу жөнінде уағдаласты.
Форум аяқталған соң қазақстандық делегация Бурса қаласындағы ұйымдасқан индустриялы аймақтың бірін аралады. Ірі кешеннің аумағында жүздеген зауыт-фабрика орналасқан. Оның ішінде тоқыма фабрикалары, химия, жиһаз өндіретін цехтар, көлік құрастыратын, металлургия және құрылыс материалдарын шығаратын зауыттар бар.
«DOSAB» ұйымдасқан индустриалды аймағының төрағасы Селим Иедикардеш меймандарды кешеннің жұмысымен таныс-тырды. Бурса электр қуатын пайдаланудан 3-ші, ал газды пайдалану жағынан 1-ші орында тұр. Сондықтан мұнда қуат көздерін тиімді пайдаланудың заманауи үлгісі қолданысқа енгізілген екен. Тың технологияның арқасында қай мекеме қанша энергия тұтынатыны бақылауға алынған, нәтижесінде қуатты үнемдеуге мүмкіндік туып отыр.
Тоқыма, жіп, мата, жібек өңдейтін бір-неше цехты аралап, комбинаттың жұмыс
барысын бажайлаған соң шығысқазақстан-дық делегация автобөлшектер құрасты-ратын зауыттың жұмысымен танысты. Зауыт президенті Желал Гөкчиннің айтуынша, кәсіпорынның экспорттық әлеуеті жылдан-жылға артып келеді.
Түрік аспанында қазақ әндері қалықтады
Делегацияның Бурсаға сапарының бір маңызды бөлігі - ел Тәуелсіздігінің 20 жыл-дығына арналған концерттік бағдарлама. Барыш Манчо атындағы Орталық концерт залының кіреберісінде Шығыс Қазақстан-
ның тарихы мен көркем табиғатынан сыр шертетін фотокөрме ұйымдастырылды.
Алыстан ат шалдырып жеткен шығысқазақ-стандық оркестрдің, республикаға танымал сахна саңлақтарының, белгілі әншілер мен бишілердің өнеріне түрік зиялылары тәнті болды. 60 адамнан құралған өнерпаз-дардың концертін тамашалауға қауым көп жиналды. Тыңдармандарға қазақтың халық әндері мен қазіргі заманғы өнер шығармалары ұсынылды.
Екінші күні концерттік бағдарлама «Кору парк» сауда үйінің залында жалғасын тапты. Концертті екі өңірдің басшыларымен қатар ҚР Түркиядағы Төтенше және өкілетті елшісі Ж.Түймебаев та тамашалады.
Жалпы, Шығыс Қазақстанның Бурсадағы күндері қос тарапқа да нәтижелі болды.
Облыс Әкімі Бердібек САПАРБАЕВ түрік халқының еңбекқорлығын, адалдығын, отансүйгіштігін жоғары бағалай келе, біздің бауырлас халықтан үйренеріміз көп екенін тілге тиек етті. Бурсамен арадағы алыс-берісті нығайта түсу үшін аймақ басшысы түрік кәсіпкерлері мен өңір басшылығын Өскеменге шақырды.
- Бұл кездесудің бауырлас екі өңірдің қарым-қатынасын жақсартуға, экономика-лық, тарихи-мәдени байланысымызды ны-ғайтуға тигізер әсері зор, - деп түйіндеді Шығыс Қазақстан облысының Әкімі Бердібек САПАРБАЕВ.
Шығыс Қазақстан облыстық «Дидар» газетінен алынды