Жексенбі, 24 Қараша 2024
2173 0 пікір 20 Сәуір, 2020 сағат 15:13

«Jas Otan» еріктілері 50 мыңнан астам отбасыны ең қажетті тауарлармен қамтамасыз етті

Барша әлемді әбігерге салып отырған COVID-19 пандемиясы бірқатар әлеуметтік-экономикалық қиындықтар тудырғаны белгілі. Осы тұрғыда коронавирус пандемиясымен күресте ТМД елдерінің жетекші партияларының ынтымақтастық туралы мәлімдемесі пайда болды. Аталған мәлімдемені  «Nur Otan» партиясы да қолдайды.

Сонымен, аталған мәлімдемеге сәйкес, көршілес мемлекеттердің жетекші парламенттік партияларының жауапкершіліктерін түсіне отырып, төмендегі шараларды қабылдайды:

- СОVID-19-дан қаза болғандардың туған-туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айту, сондай-ақ өз денсаулығына және тіпті өмірін қатерге тіге отырып жаңа қауіпті жұқпалы аурумен тәулік бойы күресетін барлық медицина қызметкерлері мен басқа да мамандарға шынайы алғыс айту;

- үздік тәжірибелер мен тиімді әдістемелер негізінде дағдарысқа қарсы сипаттағы кешенді шараларды әзірлеу мен іске асыруда халықаралық өзара көмек көрсету тәжірибесін қолдау және тәжірибе алмасу. Ол үшін соның ішінде медициналық жабдықтарды, қорғаныс құралдарын және дәрілік препараттарды уақтылы жеткізу мәселелерін қоса алғанда, эпидемияға қарсы күреске қажетті халықаралық байланыстарды құптау;

- адамдардың өмірі, денсаулығы және қауіпсіздігі өңірдің барлық жауапты саяси күштерінің басты басымдығы болып табылатынын растай келе, пандемиямен күресте біз осы іргелі мүдделерді ұстанамыз;

- ТМД елдерінің халықтарын әлеуметтік жауапкершілік танытуға және Біріккен Ұлттар Ұйымы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының және біздің ұлттық биліктеріміздің қауіпті инфекцияның одан әрі таралуының алдын алу жөніндегі нұсқамасын қатаң сақтауға, сондай-ақ дәрігерлік ұсынымдарды сақтауға шақыру;

- коронавирус пандемиясы адамдардың қауіпсіздігі мен әл-ауқатына қауіп төндіретін осындай дағдарысты жағдайлардың алдын алуға ортақ көзқарасты қалыптастыру қажеттігін көрсеткенін атап өту.

- үздік тәжірибелер мен тиімді әдістемелер негізінде дағдарысқа қарсы сипаттағы кешенді шараларды әзірлеу мен іске асыруда халықаралық өзара көмек көрсету тәжірибесін қолдау және тәжірибе алмасу. Ол үшін соның ішінде медициналық жабдықтарды, қорғаныс құралдарын және дәрілік препараттарды уақтылы жеткізу мәселелерін қоса алғанда, эпидемияға қарсы күреске қажетті халықаралық байланыстарды құптау;

- ТМД форматында ғылым және денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастықты күшейту;

Сонымен қатар, ТМД елдерінің жауапты саяси партиялары пандемия жағдайында да, оның ішінде ақпараттық-компьютерлік технологиялардың көмегімен тығыз екі және көпжақты ынтымақтастықты жалғастырады. Яғни, пандемияны тоқтатуға және бауырлас елдеріміз бен халықтарымыздың мүддесі үшін оның салдарын жою ісіндегі ынтымақтастықты ынталандыруға мүмкіндік берді. Сондай-ақ, мәлімдемеде қазіргідей қиын шақта күш-жігерді біріктіре отырып, барынша қысқа мерзімде ортақ қауіпті жау - COVID-19 пандемиясын жеу қажеттігі көрсетілген.

Ал, жуырда осы індетке байланысты қабылданған шаралар жөнінде «Nur Otan» партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев партия төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбекті қабылдаған болатын.

Қабылдау барысында, партия төрағасы елімізде енгізілген төтенше жағдай кезінде мемлекеттік шараларды қолдаудың маңыздылығына тоқталып, мұқтаж адамдарға көмек көрсетіп жатқан «Nur Otan» партиясының белсенді жұмысына тоқталды.

Сонымен қатар, Елбасы “Birgemiz” қоғамдық қорының атқарып жатқан жұмыстарын айрықша атап өтті.

– «Birgemiz» қорына біраз қаражат жиналды. Осынау қиын кезеңде мұқтаждарға көмек ұйымдастыру мақсатымен менің қор құру жөніндегі бастамамды қолдағаны үшін Қазақстанның бизнес қауымдастығына алғыс айтқым келеді,- деді Елбасы.

Бұл тұрғыда НұрОтан жанындағы «Jas Otan» жастар қанатының еңбегі де айрықша екені рас. Елбасы өз сөзінде «Jas Otan» жастарының белсенділері мен еріктілерінің жұмысына да тоқталды.

– Партия белсенділері мен «Jas Otan» еріктілері Қазақстан бойынша 50 мыңнан астам отбасыны ең қажетті тауарлармен қамтамасыз етті. Жалпы бұл жұмысқа үш мың ерікті жұмылдырылды. Мен оларға да алғыс айтамын, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сонымен қатар, Елбасы «Birgemiz» қорынан 152 мыңнан астам отбасына 50 мың теңге көлемінде біржолғы көмек көрсетілгенін, және, мамыр айының басынан бастап халыққа көмек көрсетудің екінші толқыны басталатынын айтты.

Сондай-ақ «Nur Otan» партиясының Төрағасы дағдарыстан кейінгі кезеңдегі экономикалық өсімді қамтамасыз ету мәселелеріне тоқталды.

Президент те, Үкімет те осы қиын уақытта бәріне көмектесу үшін барынша жұмыс істеп жатыр. Коронавирус пандемиясы өтеді, алдағы уақытта біздің алдымызда экономиканы қайта қалпына келтіру мәселесі туындайды. Біраз адам жұмыссыз қалып, экономика бәсеңдеді. Жағдайдың жақсаруына қарай бизнестің кейбір түрлеріне қызметін жандандыру үшін жеңілдік жасаған жөн деп ойлаймын. Кәсіпкерлер өзін және айналасын қорғау үшін барлық тиісті шараларды қабылдауы керек, - деді Елбасы.

Ал, Партия Төрағасының бірінші орынбасары өз кезегінде партияның дағдарысқа қарсы іс-шараларды жүзеге асыру және халыққа көмек көрсету жұмыстары туралы баяндады.

Байбек мырзаның айтуынша, дәрігер мен медицина қызметкерінің  әрқайсысына қордан 50 000 теңгеден берілген.

Қазіргі таңда «Birgemiz» қорына 20 миллиард теңгеге жуық қаражат жиналды. Біз материалдық көмектен бөлек Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларындағы мұқтаж отбасыларға медициналық бетперде тарата бастадық. Сонымен қатар, елорда мен Алматыдағы екі мыңнан астам дәрігер мен медицина қызметкерінің  әрқайсысына қордан 50 000 теңгеден берілді, - деді Бауыржан Байбек.

Кездесу соңында Нұрсұлтан Назарбаев тағы бір мәрте барша қазақстандықты жаһандық пандемиямен күресте бірігуге шақырды.

Бірлігіміз, ынтымағымыз бен бір-бірімізге деген қамқорлығымыз бізді жетістікке жетелейді. Үйде отыру оңай емес екенін түсінемін. Шағын бизнеске де ауыртпалық түсіп тұр. Алайда қазір жетістікке жету үшін шыдамдылық қажет, - деді Елбасы.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1496
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3267
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5627