Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2095 1 пікір 13 Мамыр, 2020 сағат 12:16

Билік 2 млн теңгеден көп табыс табатындарға салықты көбейтпек

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 12 мамырда Алматыдағы сапары кезінде жеке табыс салығының үдемелі шкаласына көшу туралы мәлімдеме жасап, айына 2 миллион теңгеден жоғары (4750 доллардан жоғары) табыс табатындарға салық артатынын айтты.

«Менің түсінігімде, егер азамат 250-300 мың теңге (720 доллардай) табыс тапса, ол 10 пайыз [салық] төлеуге міндетті емес. 7 пайыз төлеуі мүмкін. Орта тапқа келетін болсақ, 2 миллион теңгеге дейін табатындар үшін 10 пайыз [салық] қалатын шығар. Ал 2 миллион теңгеден жоғары табысы барлар 10 пайыздан жоғары салық төлегені дұрыс сияқты. Шамамен 13-15 пайыз. Оның межесін енді [үкіметтегі] комиссия шешеді. Бірақ салық 15 пайыздан жоғары болмайды» деді ол.

Қазақстанда заңға сай жұрт табысына қарамай айлығының он пайызын салыққа төлейді.

Қазақстан президенті Тоқаев 11 мамырда мемлекеттік комиссия отырысында «әділдік үшін жеке табыс салығының үдемелі шкаласын енгізу керегін» айтқан. Билік бұл өзгеріс «конвертпен жалақы төлеу ісін» азайтады деп үміттенеді.

Экономика министрінің орынбасары Мади Такиев «табыс салығының үдемелі шкаласын арнайы жұмыс тобы анықтайды» деп мәлімдеді.

«Салық мөлшері ашық талқыланады. Жұмыс енді басталды. Табыс көлемі, салық шкаласы әлі анықталған жоқ. Оны қоғаммен ақылдасамыз. Барлық шынайы ақпарат жұмыс тобынан тарайды, қалғанының бәрін фейк деп қабылдау керек» деді ол.

2007 жылға дейін Қазақстанда үдемелі салық шкаласы болған. Кейін бұл жүйені жойып, бәріне ортақ салық мөлшері белгіленген. Ол кезде де билік «бұл жүйе жұрттың жасырын табысын ашады» деп мәлімдеген еді.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5498