Салынған шарбақ қайда, сонау жылғы?!.
Салауатты өмір салтын қалыптастыру мұраты жолында мемлекет тарапынан барынша қолдау жасалу үстінде. Айталық ұрандатқан шараларда есеп жоғына көз жеткізу қиынға соқпайды. Соның нәтижесі болар, бүгінде өскелең ұрпақтың спортқа біртабан жақындығын көріп, жаның жадырап қалады. Балаға бағдар беріп, спортқа баулып жүргендерде еңбегінің жемісін көріп, аудан намысын республикалық деңгейдегі айтулы бәсекелерде қорғап жүр.
«Доп ойнаған тозар» деген ескі ұғымның ығында қалмай, доп қуалап та әлемді өзіне қаратуға болатынын еңсесі биік елдер абыройға белшесінен батулы. Алған бетімізден адаспасақ, алма-кезек дүние қуанышының бір кездері бізге де келіп, біздің ауылда да той болатынына кәміл сенімдіміз. Алғашқы қадамы қуантарлық деңгейдегі сондай жетістігімен Х.Санбаев атындағы мектепті атауға болады. Футбол десе, ішкен асын жерге қойып, жаны күйіп-пісіп шапқылап жүретін мұндағы ағайдың маңдай тері бес елі. Табиғаттың төрт мезгілінің қай-қайсысын жатырқамай, жеткіншектерге футболдың қыр-сырын меңгертіп жүрген оның шыдамдылығына кейде таңқалатынымызды жасырғымыз келмейді.
Соңғы кездері қыздар арасында футбол ойынын дамыта түскен ол өзі қызмет ететін мектептің облысымыздағы футболдан базалық ордаға айналғанын айтқаны бар-ды.
Бірақ, «қой терісін жамылған қасқырдың әрекетіне» салып баққандар, істің берекетін келтірудің орнына қауіптің қара бұлтын үйіріп тұрған жайы бар.

Мектептің шарбағы жоқ болуы себепті білім ордасының ойын алаңын сол маңда тұратын тұрғындар өткел жолға айналдырып алған көрінеді. Қауіпке қайдан келді дерің бар ма, ертең алаңсыз доп қуалаған баланың көліктің төрт дөңгелегінің астында домаламасына ешкім кепілдік ете алмайды. Ағайдың осыны айтып шырқырап шапқылағанына биыл төртінші жылға аяқ басты. Мәселені жыл сайын ауысатын аудан басшылығының алдына қоюдан ештеме өнбегесін шаршағанын айтқан ол бұл іске білім беру бөлімінің де «білсе де білмегендей кейіп» танытып отырғанына өкпелі.
Сөз жоқ, жең ұшынан жалғасқан жемқорлықтың лебі есіп тұрғаны белгілі. Өйткені, 2005 жылы құжат бойынша мектептің ат шаптырым ауласы шарбақпен «сықиып» тұр. Осыған байланысты 2005 жылғы газетіміздің мұрағатын парақтағанымызда, шынында да сол кездегі аудан басшысының жылдық есебінде («Мақат тынысы» №4 (232), 20 қаңтар 2006 жыл) Х.Санбаев атындағы орта мектептің шарбақпен қоршалғандығы айтылады. Анығын айтқанда, шарбақ мектептің алдыңғы бөлігіне ғана қондырылған. Сонда қалғаны қайда кетті, немесе қаржысы кімнің қалтасын қампайтты? Мән-жайға қанық прокуратура неге үнсіз? Міне, жауапсыз сан сауалдар мәселенің шетін ұстасаң болды, ағытылып кете береді.
Прокуратура дейтін себебіміз, ағайдың айтуынша, былтырғы жылы арызды ауызша жаздырып алған екен. Кейін оған аталмыш келеңсіздікке байланысты іс қозғалғандығы жөнінде де жауап хат келген. Бірақ, арты «сыйырқұйымшақтанып» қала барған. Бұл-құқық қорғаушыларға жоғарыда «тарт қолыңды» деп отырған бір «құдайдың» бар болғанының белгісі деп тануға боларлық жайт. Қара бақырға шейін қайда жұмсалғандығын қадағалайтын қаржы полициясының да «көз жұма» қарауы бізге түсініксіз.
«Бармақ басты, көз қыстылық» әрекеттің періштені жолдан тайдырған құдіреттілігі-ай десеңші! Баланың қауіпсіздігі қара бақырға да татымағаны ма сонда? Әлде қашанғыдай бір қасірет орын алмайынша, жыр болған қайран шарбақ тартылмай ма?
Арыздана келген ағай ендігі үмітті депутаттарға артып отыр.
Қалай дегенде де, баланың қауіпсіздігі-ең бастысы. Сондықтан, бұрынғы шарбағын болса да, қайта салып беру мәселесі шешілуі тиіс.
А.БАЙЖІГІТОВ,
Атырау облысы,
Мақат ауданы,
Мақат кенті.