АҚШ COVID-19 жұқтырғандар саны жөнінен алда келеді. Құрама Штаттарда 1 миллион 400 мың адамның вирус жұқтырғаны анықталған. 85 мыңнан астам науқас қайтыс болған.
Коронавирус жұқтырғандар саны жөнінен Ресей екінші орында тұр. Ресми мәлімет бойынша, бұл елде 250 мыңнан астам адамнан COVID-19 анықталды. Екі мыңнан астам адам қайтыс болды.
Үшінші орында – Ұлыбритания. Бұл елде 230 мыңнан астам адамның осы ауру жұқтырғаны анықталды. 33,5 мыңнан астам науқас қайтыс болды.
The Financial Times және The New York Times газеттерінің мәліметі бойынша, Мәскеу мен Санкт-Петербург қалаларында коронавирусқа қатысты статистика ресми мәліметтен 70 пайыз көп болуы мүмкін. Ресейдің сыртқы істер министрлігі бұл ақпаратты жоққа шығаруын талап етті.
Коронавирустың жаңа түрі өткен жылдың соңында Қытайда таралды. Жұқпалы ауру ақырындап әлемнің басқа да елдеріне жайылды. АҚШ Қытайды аурудың қауіпті екенін хабар бермеді деп айыптап отыр. Пекин бұл айыптауларды жоққа шығарды.
Abai.kz