Сенбі, 23 Қараша 2024
3011 0 пікір 15 Мамыр, 2020 сағат 11:33

IV Дүниежүзілік көшпенділер ойыны Түркияда 2021 жылы өтеді

Биыл Түркияда өтеді деп жоспарланған IV Дүниежүзілік көшпенділер ойыны 2021 жылға қалды. Бұл туралы Қырғызстанның спорт жөніндегі мемлекеттік агенттігі хабарлады.

Мұндай шешім коронавирус пандемиясы кезінде спортшылардың және жарысқа қатысатын адамдардың денсаулығын қорғау мақсатында қабылданған.

IV Дүниежүзілік көшпенділер ойыны 2020 жылы күзде Түркияда өтуі керек еді.

Дүниежүзілік көшпенділер ойыны 2014 жылы Қырғызстан бастамасымен ұйымдастырылды. Спорт жарысы үш мәрте Қырғызстанның Ыстықкөл облысында өтті. 2018 жылы жарысты өткізу мәртебесі алғаш рет Түркияға тапсырылды.

Сол кезде Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков ойынды өткізу құқығы Түркияға тапсырылғанымен, авторлық Қырғызстанда қалатынын мәлімдеген.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5543