Мауберлинова Президент Әкімшілігіне ауысты
Бұған дейін ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметін атқарған Нұргүл Мауберлинова жаңа лауазымға ие болды,- деп хабарлайды Ақорда сайты.
- Мемлекет басшысының өкімімен Нұргүл Өсербайқызы Мауберлинова Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындалды,- делінген хабарламада.
Айта кетейік, Нұргүл Мәуберлинова 1973 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген.
1992 ж. – Саран педагогикалық училищесін бітірген. 2000 ж. – Е. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін аяқтаған. 2006 ж. – Қазтұтыну одағының Қарағанды экономикалық университетін тәмамдаған.
Ол еңбек жолын 1992 жылы Қарағанды облысының балабақшасында тәрбиеші болып бастаған, кейін Саран қаласындағы №2 орта мектепте қазақ тілі мен тарих пәнінің мұғалімі болған.
2006-2008 жж. – ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитетінің бас маманы, бас сарапшы.
2008-2012 жж. – ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің Ақпараттық-сараптамалық орталығының бас кеңесшісі.
2012-2016 жж. – ҚР Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» директорының орынбасары, ҚР Парламенті Мәжілісінің кеңесшісі.
2016-2018 жж. – ҚР Ақпарат және коммуникациялар қызметінің Ақпарат комитетінің төрағасы.
2018 жылдың сәуірінен 2019 жылдың сәуіріне дейін – ҚР ақпарат және коммуникациялар вице-министрі.
2019 жылдың 4 сәуірінен - Қазақстан Республикасы ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі болды.
«Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» медалі, «Құрмет» орденімен марапатталған.
Abai.kz