Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3227 0 пікір 2 Қараша, 2011 сағат 11:29

Қазақстандық 30 жұп некелерін тіркеуге өтінішті электрондық қызметтер порталы арқылы берген

Астана. 2 қараша. ҚазТАГ - Қазақстандық 30 жұп некелерін тіркеуге өтінішті «электрондық үкімет» арқылы берген, деп хабарлайды ҚР байланыс және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі.

««Электрондық үкімет» порталы арқылы некені тіркеу туралы өтінім беру қызметін пайдаланушылардың саны көбейіп келеді. Бұл қызметтің артықшылығын Астана, Алматы, Қарағанды, Ақтөбе, Шымкент, Тараз, Атырау, Өскемен, Есік және Балқаш қалаларының тұрғындары бағалап үлгерді», - делінген сәрсенбі күні таратылған ақпаратта.

«Қызметтің бұл түрін пайдаланушылардың айтуынша, бұл қызметтің ең ұтымды тұсы - Қазақстан Республикасының азаматтары басқа елде, басқа қалада жүріп-ақ некеге тұру туралы өтініш бере алады. Ал, бір қалада өмір сүріп жатқан болашақ жас жұбайлар некеге тұру туралы өтінішті электрондық нұсқада беру арқылы өз уақыттарын үнемдейді», - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

«Электрондық үкімет» порталы арқылы некені тіркеуге өтініш беру өте оңай. Ол үшін электрондық өтінім беруші азаматтың екеуі де www.egov.kz порталында тіркелуі тиіс және оларда ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) болуы керек. Аталған қызмет түрін бұрын некеде болмаған және балалары жоқ азаматтар ғана пайдалана алады.

Ал, некені тіркеу қызметі үшін салынатын мемлекеттік баж (бір айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі) салығын электрондық өтінімді беру кезінде төлем карточкасының көмегімен порталда төлеуге болады. Электрондық өтінім мен өтінім берушілер туралы мәліметтердің нақтылығын тексеру аяқталған соң, жұп некелерінің тіркелетін күні мен орны туралы хабарлама алады.

Баспасөз қызметінің еске салуынша, «электрондық үкімет» порталы арқылы некеге тұруға өтінім берген алғашқы елу жұп бірегей той сыйлығы- отандық эстрада және телевидение жұлдыздарының атаулы құттықтауына ие болады

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3239
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5379