Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3100 0 пікір 2 Қараша, 2011 сағат 11:36

Қытайдағы Ганьсу провинциясының қуаң жерлерінде бидай өсірудің жаңа әдісі қолданылуда

Бейжің. 2 қараша. ҚазТАГ - Қытайдың солтүстік-батыс бөлігіндегі Ганьсу провинциясында құрғақшыл аймақтарда бидай өсірудің жаңа әдісін ойлап тапты. Бұл әдіс гектарынан өнімді 1,5 тоннаға артық береді, деп хабарлады «Синьхуа» агенттігі.

Жергілікті агротехник Лю Гуанцайдың айтуынша, бидайды өсірудің жаңа әдісі төмендегідей: алдымен жерді жұқа пластмасса пленкамен жабу керек, одан кейн сол пленканың беті қалыңдығы бір сантиметрдей топырақпен жабылады, сондан кейін ұялы сепкішпен бидай себу керек.

2010 жылдың күзі мен 2011 жылдың көктемінде Ганьсу провинциясында осындай әдіс жалпы ауданы 20 мың га жерде қолданылды. Ал биылғы астық жинау науқанында сол жердің әр гектарынан 5,1 тонна астық жиналып, ол ашық егістіктерден 1,5 тоннаға артық болды.

2011 жылдың көктемі мен күзінде Ганьгу уездінің Сяохэкоу елді мекенінде ұзаққа созылған қуаңшылық болды. Ауылдың ашық егістіктерінен бір де дән алынбады. Бірақ бидай өсірудің жаңа әдісі қолданылған 33,3 га жерден орташа өнімділігі 2,3-3 тонна астық жиналды. Осыны ескеріп, ауылда жаңа әдіспен егіс егу ауданын екі есеге артыру туралы шешім қабылданды, деп ауылдағы партиялық бөлімшенің хатшысы Ян Чжэньжун мәлім етті.

Агротехниканы таратудың провинциалық станса мәліметтерінше, қазіргі күзде және келесі жылы көктемде жаңа әдісті провинцияның жалпы ауданы 66 мың га ауқымында пайдаланылмақшы. Бұл үшін провинциалдық бюджеттен 28 млн юань ($1=6,36 юань) бөлінді.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3240
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5379