Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 5125 7 пікір 18 Мамыр, 2020 сағат 12:10

Бюджет - Президент пен Үкіметтің емес, халықтың ақшасы!

Қайырымдылық деген жақсы ғой. Құй, ол отандық қалталы болсын, құй, ол шетелдің олигархы болсын.

Бірақ, Қазақстан секілді жер қойнауында Менделеев таблицасының барлық дерлік элементі бар мемлекеттің басқаларға, соның ішінде шетел байшыкешіне қарап қалғаны біртүрлі ыңғайсыз екен, шынымды айтсам, намысқа тиеді екен.

Осы орайда біз, қоғам, бір нәрсені түсінуіміз қажет.

Мемлекет қазынасы - президенттің, үкіметтің, әкімнің ақшасы емес. Ол - сіз бен біз күнделікті маңдай терімізден, сіз бен біздің салықтарымыздан, басқа да төлемдерімізден құралатын қаржы.

Яғни, "бюджетке әркімнің де бар таласы"!

Өкімет оны тек жинайды.
Және де тиісті процедуралар мен өкілеттіктер арқылы қайда, қалай жұмсау керектігін парламентке ұсынады.

Осы орайда екі нәрсені ұмытпаған абзал.

Біріншіден, ол қаржының жұмсалу бағыттарын президент, үкімет, әкімдер халықпен ақылдасып, санасып, оның мұқтажына қарасып, анықтай алатын механизмі бізде жұмыс істемейді.

Мәселен, өткен дағдарыста 12 миллиард доллардай қаржыны билік атыстай жомарттық танытып, жеке банктерге көмек ретінде бере салды. Сіз бен бізбен ешкім ақылдасқан жоқ.

Енді келіп, девальвация, коронавирус, тасқын су кезінде халыққа көмек беру керек кезінде шенділер әртүрлі сылтау айтып, шөміштен қысып жатыр.

Екіншіден, жыл сайын бекітілетін бюджетте айтып келмейтін дағдарыс, табиғи немесе қолдан жасалған апаттар кезінде халыққа жәрдем ретінде берілуге тиіс қомақты қаржы алдын-ала қарастырылып қоюы керек!

Сол қаржы қайда?

Не істеу керек?

Осындайда әрбір бюджеттік тиынның тиімді әрі халық мүддесінде жұмсалуын қадағалап отыратын көппартиялы, президент пен үкіметке тиісті талап қоя алатын парламент керек!

Ол механизм болмаса, қалғанның бәрі - далбаса!

Әміржан Қосанның желідегі жазбасы

Abai.kz

7 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5500