Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2824 0 пікір 3 Қараша, 2011 сағат 05:51

Шәріпхан Қайсар. Қырлы тостағанға құлыптас па, ескерткіш пе?

11 Қарашада  Алаштың Алматысының төріндегі «Медведь» (аю) мейрамханасы алдында ҚР ньюсмейкерлер (жаңалықкерлер - жаңалық тудырушылар) республикалық қауымдастығының қолдауымен бастамашылар тобы құрылып, қызыл империя кезіндегі орыс арағының нышаны болған қырлы тостағанға ескерткіш қойылу рәсімі өтпек. Оны қырлы тостаққа қойылар әлемдегі тұңғыш монумент деп бастамашалар бастарына көтере насихаттауда.

Бұл уақыттас жаһандық дәстүрдің басынуы ғана емес, қазақ құндылығына сына тастау, болмаса рухымыздың бетінен шапалақпен шарт еткізу секілді оқиға. Алайда, бұл Көктөбедегі Битлздарға, Қарағандыдағы «Где, где - в Караганде» деген орыстық жаргон сөзге қойылған ескерткіштердің жалғасы болып табылады. Битлз-ескерткішке жауап ретінде Керекуде Мұқтар Арын бастаған алаш азаматтары «Дос-Мұқасанға» ескерткіш қойып жауап берсе, битлздардың пірәдары Ермухамед Ертысбаев туған Қарағандыда әлі жауап жоқ.

Ал, біздің балбал мен сынтас толы даламыз барған сайын баба ескерткіштерінен қол үзе түсуде. Мыңдаған балбал самсаған Сарыарқа төсіне ең болмаса бір кезде ата-баба Көкке тосқан тостағын тасқа ұстатқан ескерткіш қоймасақ та, сабаға ескерткіш қою әлі ойымызға келмепті. Әлемге тұрпар мініп, қыр көрсетіп, қырда өткен бабамның үзеңгісін астана төріне қою да байшыкештердің миына кіріп шықпайды.

Аталмыш бастамаға не дейміз, бастама кімдікі болса, бүгінде соныкі жөн! Қоя берсін! Бірақ біз қайда қарап отырмыз?

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5354