Жексенбі, 20 Сәуір 2025
3492 0 пікір 19 Мамыр, 2020 сағат 12:12

Көлгінов елордалықтарға ескерту жасады

Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгінов елордалықтарға ескерту жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Әкім кеше қаланы жаяу аралап жол жөндеу және абаттандыру жұмыстарын қадағалаған.

"Байқағанымыз, көшеде халық көп. Кейбіреуі маскасыз, қауіпсіздік ережелерін сақтамай жүр. Төтенше жағдай аяқталғанымен, карантин режимінен әлі бас тартқан жоқпыз. Вирус әлі де бар. Біз тәртіпке бағынбаған ресторандарды жаптық. Автобустарда ережелерді сақтауды күшейттік.

Егер тәртіпке бағынбай босаңсып кетсек, қатаң режимдегі карантинге қайтып оралуымыз әбден мүмкін. Сондықтан әрбір тұрғынды жауапкершілікпен қарауға шақырамын", - деді Көлгінов.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2068
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4939
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4141