Сейсенбі, 15 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 4387 0 пікір 4 Қараша, 2011 сағат 04:25

Мұхтар Шерім. Қашқандар мен қуғандар

Күлкі дегенде кофесін төгіп алатын республикаға танымал жазушы-сықақшы, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі Мұхтар Шерімнің жуырда ғана сатиралық кітабы жарық көрді. Бұған дейін «Құдағи құшақтай береді», «Бюрократпен қоштасу» және төрт томдық шығармалар жинағын оқырмандарына ұсынған сатира «снайперінің» жаңа жинағы «Қашқандар мен қуғандар» деп аталады.

Үнемі күлкінің күбісін пісіп, әзілдің қымызын ішіп жүретін Мұхаңның  бұл кітабына да әзіл-сықақ әңгімелері топтастырылған. «Қолыңыздан сүйейінші», «Ертегілер елі жасасын!», «Лө-ла-лай» секілді жаңа жазбалары  күлкі саунасына шомылып тұр десек те болады.

Кітап Байланыс және ақпарат министрлігі  Ақпарат және мұрағат комитетінің «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» бағдарламасы бойынша «Қазақ күлкісі» сериясымен «ҚАЗақпарат» баспасынан жарық көріп отыр.

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1191
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2719
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 839
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 808