Сәрсенбі, 14 Мамыр 2025
2831 0 пікір 24 Мамыр, 2020 сағат 09:57

Н. Нығматулин Ораза айт мерекесімен құттықтады

Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады.

- Баршаңызды мұсылман қауымының қасиетті де ұлық мерекесі -  Ораза айтпен шын жүректен құттықтаймын. «Он екі айдың сұлтаны» саналатын Рамазан айында жасаған қайырлы амалдар қабыл болсын!

Ораза айт мерекесі - ол бірлігі мен ынтымағы жарасып, бір шаңырақтың астында тату-тәтті өмір сүріп жатқан барлық қазақстандықтардың берекесін арттырып, елдігімізді күшейтеді.

Сонымен бірге, бұл адамдардың бір-біріне қайырымдылық жасап, мейірімділік көрсететін ерекше мереке.

Осы қасиетті мерекеде дендеріңізге саулық, әрбір отбасына амандық, құт-береке тiлеймiн! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын, - деді Нұрлан Нығматулин.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Алтын сандық

Бауыржан Омарұлы 2521
Білгенге маржан

Сертіне берік самурай...

Бейсенғазы Ұлықбек 4187