Алматыда өз құрбыларын тонаумен айналысқан деген күдікпен колледждің екі судент қыз баласы ұсталды – ІІД
Алматы. 4 қараша. ҚазТАГ - Алматыда өз құрбыларын тонаумен айналысқан деген күдікпен колледждің екі судент қыз баласы ұсталды, деп Алматы ішкі істер департаментінен (ІІД) жұма күні хабарлады.
Кешкі сағат сегіздер шамасында Алмалы ауданындағы Жарокова мен Қарасай батыр көшелерінің қиылысында 16 жасар студент қыз балалар ұялы телефонмен сөйлесіп тұрған жасөспірімді байқап қалады.
«Зардап шегуші тура көшенің бұрыншында ұялы телефонмен біреумен сөйлесіп тұрған. Сол кезде қыздардың біреуі оның жанынан өтіп, ұялы телефонды сыртынан бағалап кеткен. Одан соң ол екінші қылмыскерімен бозбалаға жүгіріп келіп, итеріп жіберіп, қолындағы ұялы Nokia телефонын тартып алған», - деді ІІД-нен. Зардап шегуші өзінің шығынын Т50 мың деп бағалаған.
«Жас қарақшыларды телефонды сатпақшы болғанда қолға түсірді. Олар әшкереленуінен қорқып, телефонды бірден сатпаған. Олар жастарына қарамай өте айлалы, және шабуылдау тәсілдеріне қарасақ, өте батыл», - деді Алматы ІІД қылмыстық полиция басқармасының қарақшылық шабуыл және тонаушылықты ашу бөлімінің бастығы полиция майоры Жанболат Зияддин.

Ол бұл жастардың басқа да осындай қылмыстарға қатыстылығын білетінін жеткізді. «Бұрын жасалған осындай қылмыстардың сипатына қарап, олардың осыған ұқсастығын анықтап отырмыз. Ұсталғандар қазір айыптарын мойнындап жатыр», - деді Ж. Зиядддин.
Бұл ретте қоғамдық қауіпсіздік басқармасынан қаладағы барлық жалпы білім беру мекемелерінде полиция инспекторларын тағайындаған сияқты қаладағы колледждерде де осындай лауазымды бекіту мәселесі қарастырылып жатқанын және ол сол оқу орындарындағы жағдайға міндетті түрде ықпал ететіндігін айтты.