Дүйсенбі, 14 Қыркүйек 2026
3665 2 пікір 26 Мамыр, 2020 сағат 12:56

Алматыда бетпердесіз жүргендерге айыппұл салынады

Алматыда бетпердесіз жүргендерге карантин талаптарын орындамағаны үшін айыппұл салынады. Жеке тұлғаларға салынатын айыппұл мөлшері 13 890 теңгені құрайды. Бұл туралы әкімнің бірінші орынбасары Ерлан Қожағапанов мәлімдеді.

Сол бап бойынша карантин талаптарын бұзған кәсіпкерлерге де айыппұл салынады.

Сонымен, карантин талабын орындамағын үшін:

5 АЕК (13 890 теңге) - жеке тұлғалар үшін;

15 АЕК (41 670 теңге) - лауазымды адамдар үшін;

100 АЕК (277 800 теңге) - шағын бизнес субъектілері үшін;

200 АЕК (555,600 теңге) - орта кәсіпорындар үшін;

500 АЕК (бір миллион 389 мың теңге) - ірі бизнес үшін.

Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин маскасыз адамдарға рұқсат берген мекеме басшыларына 41 670 теңге айыппұл салынатынын айтты.

Бұған дейін Қожағапанов қалада "маска режимі" толық енгізілгенін хабарлап,  бетпердесіз жүрген алматылықтарға айыппұл салынуы мүмкін екенін айтқан болатын.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1148
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2681
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 795
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 763