Сейсенбі, 3 Желтоқсан 2024
Жаңалықтар 8705 0 пікір 7 Қараша, 2011 сағат 06:59

Тұрсын Жұртбай – тұғырлы тұлға

Абайдың мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-мұражайында жазушы, ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор Тұрсын Құдакелдіұлы Жұртбайға арналған «Ұлылардың жалғасы» атты кеш өтті.

Кездесу кеші көрмемен ашылды. «Есіңде бар ма жас күнің», «Білімдіден шыққан сөз», «Сүйер ұлың болса...» аталатын көрме бөлімдері Т.Жұртбай шығармашылығын жан-жақты ашты.

Ғалымның абайтану, әуезовтану, алаштануға арналған ғылыми еңбектері мен көркем шығармалары кітап көрмесі арқылы келушілерге таныстырылды.

Тұрсын Құдакелдіұлы Жұртбай Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін нығайтуда, тарихы мен мәдениетінің тарихын түбірлі зерттеуде алдыңғы қатарда жүрген қоғамдық ғылым саласындағы ғалымдардың бірі.

Абайдың мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-мұражайында жазушы, ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор Тұрсын Құдакелдіұлы Жұртбайға арналған «Ұлылардың жалғасы» атты кеш өтті.

Кездесу кеші көрмемен ашылды. «Есіңде бар ма жас күнің», «Білімдіден шыққан сөз», «Сүйер ұлың болса...» аталатын көрме бөлімдері Т.Жұртбай шығармашылығын жан-жақты ашты.

Ғалымның абайтану, әуезовтану, алаштануға арналған ғылыми еңбектері мен көркем шығармалары кітап көрмесі арқылы келушілерге таныстырылды.

Тұрсын Құдакелдіұлы Жұртбай Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін нығайтуда, тарихы мен мәдениетінің тарихын түбірлі зерттеуде алдыңғы қатарда жүрген қоғамдық ғылым саласындағы ғалымдардың бірі.

Тұрсын Жұртбай 1951 жылы 15 тамызда ШҚО Абай ауданының Шаған ауылында дүниеге келген. 1974 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітіргеннен кейін «Жетісу» газетінде, «Білім және еңбек», «Жұлдыз» журналдарында еңбек етеді. 1990-1992жылдары М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының аға ғылыми қызметкері, 1992-1996 жылдар аралығында бөлім меңгерушісі қызметін атқарады. 1996-1998 жылдары ҚРҰҒА «Әуезов үйі» Ғылыми-мәдени орталығының директоры болады. 1998-2001 жылдары М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының аға ғылыми қызметкері және докторанты болған. 2001 жылдың наурызынан бері Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті жанындағы «Отырар кітапханасы» ғылыми орталығының директоры қызметін атқарып келеді.

Тұрсын Жұртбай 30 аса кітаптар мен ғылыми монографиялар, сондай-ақ 700 аса ғылыми мақалалармен басылымдардың авторы.

Жазушының шығармашылық жолы ақын ретінде басталды. «Қоңыр қаз», «Жүрегімде - жұмыр жер» атты кітаптары кезінде әдеби сыннан жақсы бағасын алған. Жазушының «Замандасым, сырласым» (1976), «Бесқарагер» (1982), «Дара тұлға» (1984), «Жер бесік» (1985), «Болашақтың бәйтерегі» (2007), «Бейуақ» (1997, 2007), «Дулыға» (1994), «Кетбұға» (1994, Пекин - 2007), «Талқы» (1997), М.Әуезов (1997), «Күйесің жүрек...сүйесің» (2001, 2007), «Құнанбай» (2004), «Сүре сөз» (2008), «Ұраным -Алаш!» (2008), «Қар астындағы көбелек (2008), «Бір уыс жусан» (2009), «Жансар» (2011), «Мәңгілік аңсар» (2011) тағы басқа белгілі кітаптары бар.

Тұрсын Жұртбайдың өмірлік-шығармашылық мақсатына айналған үлкен тақырып абайтану мен әуезовтану. Бұл бағытта ол «Бесігіңді түзе!..», «Бесігіңді ая!», «Бесігіңді аяла!..», «Бесігіңді ұмытпа!..», «Абай және рухани тәуелсіздік мәселесі» атты монографиялар жазды. Жазушы-ғалымның ғылыми жетекшілігімен «М.Әуезовтің өмірі мен шығармашылық шежіресі», «М.Әуезов туралы естеліктер», «М.Әуезов әлемі», «Абай жолы» роман-эпопеясының ғылыми текстологиялық салыстырудан өткен басылымы, М.Әуезов шығармаларының елу томдық жинағының 1-7 томы (1997-1998), М.Әуезовтің «Ескермедім, қабылдамадым...» (1998) атты ашық хаттар жинағы, «Мұхтар Әуезов» энциклопедиясы дайындалды.

Сонымен қатар Тұрсын Жұртбай Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармашылық өмірі, Алаштану саласында ғылыми зерттеу жүргізді.

Жазушы, ғалым Тұрсын Жұртбайға арналған кешті Абай мұражайының директоры, филология ғылымдарының кандидаты, доцент Әубәкір Жандос Мағазбекұлы ашты. Сөз соңында мерейтой иесін құттықтап, «Абай мұражайына сіңірген еңбегі үшін» медалімен марапаттады. Қазақтың ескі дәстүрімен қара шаңырақ атынан шапан кигізіп, мұражайдың шығарған баспа өнімдері - кітаптар мен буклеттер сыйға тартылды.

Абай мұражайының жетекші ғылыми қызметкері, жазушы Ибрагимов Төкен Смайылұлы Тұрсын Жұртбайдың шығармашылығы туралы баяндама жасады.

Т.Жұртбайдың зерттеу еңбектері туралы филология ғылымдарының докторы, профессор Еспенбетов Арап Сіләмұлы, шығармаларының тілі туралы филология ғылымдарының докторы Сейітова Шынар Ботайқызы сөйледі.

Мерейтой иесін құттықтауға Жазушылар Одағының мүшесі, ардагер журналист Ырысқан Мұсаұлы, Республикалық Абай қорының президенті Балтабек Бәзілұлы, жазушы, ардагер Сәдуақасов Әзімхан Сәдуақасұлы, шежіреші, этнограф Бекен Исабайұлы, Қазақстан Ассамблеясының мүшесі Хафиз Матайұлы, жазушы, тарихшы Сейітмұхаммед Тәбәрікұлы, Семей қаласы Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бастығы Нұрқасым Құсмілия Жырғалұлы, мәдени мекемелер құттықтады. Ақындар орталығының жас ақындары Тұрсын Құдакелдіұлына арнау арнаса, Тұрсын Жұртбайдың «Құнанбай» қойылымынан Қамқаның анасының қарғысынан монологын Абай атындағы театрдың сахна шебері, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері Әсем Байырова орындады.

Кеште Жезқазғандық әнші Ғалым Мұхамединов «Өзгеге көңлім тоярсың», Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген қызметкері, сазгер Тұрсынғазы Рахимов «Қараңғы түнде тау қалқып», әнші Жасұлан Тәжиев «Ақылбайдың әні», Мәдениет сарайының әншісі Алтын Жеңісқызы халық әні «Гүлдариға» әнін, күйші Серік Малаев Абайдың «Май түні» күйін орындады.

Кешке Тұрсын Құдакелдіұлының 60 жас мерейтойына арнайы келген «Ел-шежіре» баспасының директоры, жазушы, публицист Дидахмет Әшімханов, «Әлем әдебиеті» журналының редакторы, жазушы Думан Рамазан ғалымнын атқарған енбектеріне тоқталды.

Кешті мерейтой иесі жазушы, ғалым Тұрсын Жұртбай түйіндеді

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 853