Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2894 0 пікір 7 Қараша, 2011 сағат 07:52

Қарағандылық мүгедек қыз ресейлік «Пусть говорят» («Айтсын») хабарында өзін бір жасында тастап кеткен анасымен кездесті

Қарағанды. 5 қараша. ҚазТАГ - Қарағандылық 30 жасар зағип, Екатерина Федотова «Пуст говорят» бағдарламасы арқылы өзін бір жасар кезінде балалар үйіне тастап кеткен анасын тауып алды, деп ҚазТАГ тілшісі хабарлады.

«Мен сенің тағдырыңа тебіренемін, Катя. Сол хабарды бір деммен көрдім. Мені, сенің басыңнан кешкендеріңе қарамай, тағдыр тәлкегіне мойымаған сенің ерік күшің, рух күшің таң қалдырды», - деді сенбі күні сол қызбен кездескен Қарағанды облысының әкімі Серік Ахметов.

«Анама өлең» атымен шыққан «Пусть говорят» бағдарламасы «І-ші арна» эфиріне осы аптада шыққан. Екатеринаның айтуынша, ол сол хабарда ғана студияда оның анасы мен туыстары отырғанын біліпті.

«Бұл мен үшін күтпеген жағдай болды. Мен әр кез ата аналарымды тапсам деп армандайтынмын. Мен анама өлең арнағанмын. Мен жасөспірімдер үйінде жүрген кезімде-ақ іздеуді бастағанмын. «Жди меня» бағдарламасына жазуға әрекеттендім. Одан соң маған «Пуст говорят» бағдарламасына қатысуға көмектесті. Содан кейін мен көптен армандаған оқиға болды. Армандар орындалады», - дейді Е. Федотова.

Әкіммен кездесуге ол өзінің құрбысы Меруерт Игамбердиевамен бірге келді. Олар мектеп-интернаттан бірге жүреді және ол оны Мәскеуге барған сарында алып жүрген. Катяның өмірдегі белсенді көзқарасы жас буынға үлгі дейді облыс әкімі. «Екатерина хорда өлең айтады, шығармашылық фестивальдарға қатысады, спортпен айналысады. Ол республикалық жарыстардың жүлдегері», - дейді облыс әкімі.

С. Ахметов Екатерина мен Меруертке олар көптен армандаған ноутбуктер сыйлады. «Енді біз өзіміздің қарым-қатынас ауқымын кеңейте аламыз. Бәлкім, интернетте шығармашылыққа арналған өзіміздің парақшаларымызыды ашатын шығармыз. Дегенмен, адамдар сені ұмытпауы үшін, өмірде өз ізіңді қалдырғың келеді», - дейді құрбылар. Екатерина өлең жазса, Меруерт - әңгімелер жазады.

«Енді біз үнемі туыстарымызбен байланысып тұрамыз. Анам менің туылған күнімді, 5 қаңтарды, бірге атап өтуге шақырып жатыр. Жаңа жыл мерекелерін де бірге өткізгім келеді», - деді Екатерина. Облыс әкімі Катяның анасы тұратын Чита қаласына баруға қажет барлық көмекті көрсетуге уәде берді. Белгілі болғандай, Астананың маңында Катяның әкесі жағынан туыстары, оның ішінде апасы тұрады екен.

Қыздардың айтуынша, әкімнің қабылдауына бару күтпген оқиға болды. «Әрине, мұншама назар аударады деп күтпеген едім. Жалпы алғанда, сол бағдарлама эфирга шыққан соң, маған әр қаладан әр түрлі адамдар телефон шалады. Әкімнің жылы қабылдауы үшін үлкен «Рахмет». Бұл өте игі іс», - дейді Е. Федотова.

Қыздың айтуынша, Қарағандыдан кету оның ойында жоқ. «Менің өмірім осы жерде. Бұл жерде маған өмірде көмектескен адамдар тұрады және мен оларды сүйемін», - дейді Екатерина.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1475
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3249
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5456