Жұма, 22 Қараша 2024
2574 1 пікір 27 Мамыр, 2020 сағат 18:12

БАҚ: Ресей ОПЕК+елдерінің мұнай өндіруді тағы азайту келісіміне қосылуы мүмкін

ОПЕК+ елдерінің маусым айында өтетін жиынында Ресей қыркүйек айына дейін мұнай өндіруді азайту ұсынысын сақтап қалуды қолдауы мүмкін. Осылай деп "Коммерсантъ" басылымы мұнай саласындағы үш бірдей дереккөзіне сілтеме жасап хабарлайды.

Сәуір айындағы келісімге сәйкес, мамыр айынан шілде айына дейін ОПЕК+ елдері мұнай өндіруді тәулігіне 9,7 миллион баррелге дейін қысқартуы тиіс. Одан соң 2020 жылдың соңына дейін тәулігіне 8 миллион баррелге дейін азайтылса, 2021 жылдың мамыр айына дейін тәулігіне миллион баррелге дейін кемуі керек.

Ресей келісімге сәйкес мамыр-шілде айларында мұнай өндіруді барреліне 8,5 миллион тоннаға дейін азайтады.

Газет дереккөзінің сөзінше, Ресейдің ұстанымының қатаюы Сауд Арабиясының қысымына байланысты болып тұр. Қазір коронавирусқа байланысты шектеулер біртіндеп алынып жатқандықтан, мұнайға деген сұраныс қалпына келіп жатыр. Сауд Арабиясы үшін мұнайды баррелін 80 долларға сату тиімді.

Мамыр айында Сауд Арабиясы, Біріккен Араб әмірлігі және Кувейт мұнай өндіруді тағы азайтуға шешім қабылдаған. Сол себептен Ресейден де осыны талап етуі мүмкін дейді дереккөз.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1456
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3218
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5270