Сенбі, 17 Мамыр 2025
Жаңалықтар 2419 0 пікір 7 Қараша, 2011 сағат 07:58

«Ақ жол» партиясының Алматыдағы филиалын Талғат Әбдіжаппаров басқарады

Алматы. 7 қараша. ҚазТАГ - Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясының (ҚДП) Алматы қалалық филиалының төрағасы болып Алматы мәслихатының депутаты Талғат Әбдіжаппаров сайланды, деп хабарлайды «Ақ жол» ҚДП-сының баспасөз қызметі.

«2011 жылдың 5 қарашасында партия төрағасы А. Перуашевтің қатысуымен «Ақ жол» ҚДП-сының Алматы қалалық филиалының есептік-сайлау партиялық конференциясы өтті. Конференцияның жұмысына 70 делегат, партия мүшелері және қоғамдық бірлестіктердің, бизнес-құрылымдардың өкілдері қатысты. Конференция делегаттары «Ақ жол» ҚДП-сының қалалық филиалының төрағасы етіп Т.К. Әбдіжаппаровты бірауыздан сайлады», - делінген ақпаратта.

Т. Әбдіжаппаров - «Қазақстан ардагерлері» қауымдастығы төрағасының орынбасары, «Ардагер »Ауғанстандағы соғыстың ардагерлері мен мүгедектерінің қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары, Алматы қаласының IV шақырылымдағы мәслихатының депутаты, Алматы полициясының қызметін бақылау жөніндегі қоғамдық кеңестің мүшесі.

0 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Алтын сандық

Бауыржан Омарұлы 2684
Білгенге маржан

Сертіне берік самурай...

Бейсенғазы Ұлықбек 4396