Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2564 0 пікір 7 Қараша, 2011 сағат 07:58

ОҚО-да құрамында полицей бар қылмыстық топ ұсталды

Шымкент. 7 қараша. ҚазТАГ - Оңтүстік Қазақстан облысының (ОҚО) ішкі істер департаментінің (ІІД) қылмыстық полиция қызметкерлері ұйымдасқан қылмыстық топты жойды. Олардың қылмыстық есебінде қарақшылық, бопсалаушылық және адам өлтіру бар, деп департамент баспасөз қызметінен хабарлады.

«Бұл жастары 19-30 аралығындағы қылмыстық топ. Топтың көшбасшысы бұрын сотталмаған 26 жасар ер азамат. Бір эпизодта полицияның қаладағы аудандық бөлімшелерінің бірінің оперөкілеттісінің қатысы да бар болған. Оны қылмыстық полиция қызметкерлері АІІБ ғимаратында ұстады», - деді дүйсенбі күні баспасөз қызметінің жетекшісі Салтанат Қаракөзова.

Оның айтуынша, ҰҚТ мүшелері маскамен 70 жасар Сайрам ауданының тұрғынының үйіне кірген. Әзірге белгісіз қарумен қорқытып, қылмыскерлер үйдегі сейфтен ақшаны, алтын зергерлік бұйымдарды, үйдің құжаты мен 5 ұялы телефонды алып кеткен. Сондай-ақ олар келте мылтықпен осы ауданның 64 жасар тұрғынын да тонаған. Ақшалары мен алтын бұйымдарын және ұялы телефонын алып кеткен. 3 қазанда олар келте мылтықпен және пышақпен қаруланып, Сайрам ауданындағы тағы бір үйге басып кірген. «Үй иесінің ішіне бірнеше рет пышақ салып, ал оның 15 жасар баласын скотчпен байлап тастаған. Үйден «Самсунг» маркалы теледидар мен ақшаларын алып кеткен. Соның салдарынан зардап шегуші аудандық ауруханада қайтыс болды», - деді С. Қаракөзова.

ОҚО ІІД қылмыстық полиция қызметкерлері мен №6506 ә/б «Беркут» жасағының көмегімен қарақшылық топтың екі мүшесін ұстады.

«Оперативниктер ішінде жүргізуші мен жолаушысы бар «Лексус ЕS-330» автокөлігін ұстап, олардан 16 калибрлі келте мылтық пен рәзіңке шоқпар, пышақ пен «Сайга-410» маркалы тегіс стволды мылтық алды, деді баспасөз хатшысы.

Бұл қылмыскерлердің екеуі ұсталғаннан кейін де кезекті қылмысын жасап үлгерген. «Ордабасы ауданының 35 жсар тұрғыны мен оның туыстарына сес көрсетіп, ірі сомадағы ақша алып кеткен. Полицейлер оларды сол күні ұстады», - деді С. Қаракөзова.

Тергеу барысында белгілі болғандай, олар бірнеше қылмысқа қатысы бар екен. «Олардың зардап шеккендерге көрсеткен материалдық шығыны аса ірі сомада. Зардап шегушілердің мүдделері үшін ол сома айтылмай отыр», - деді С. Қаракөзова. Барлық күдіктілер қамауға алынды.

Полиция заттай айғақтарды: қарулар мен ұрланған ақшаға сатып алынған 3 қымбат иномарка автокөлігін алды. Күдіктілер бірнеше қылмыстық бап бойынша, оның ішінде адам өлтіру бойынша да сотқа тартылып отыр.

«Бұл қылмыстық топтың жасаған 18 қылмысы дәлелденіп, оның ішінде үйлерге қарашылық жасаудың 10 оқиғасы, жүргізушілерге жасаған шабуылдың 3 оқиғасы тіркелді. Аталған топтың жасаған қылмыстары көбейе түсуі де мүмкін», - деді С. Қаракөзова.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1475
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3249
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5454