Орталықтың сарапшылары шекаралардың жабылуы экономикаға теріс әсерін тигізіп, ал эпидемияның жайылуын тек біраз уақытқа кейінге шегерді деп санайды.
Орталықтың бұл мәлімдемесі Еуропа одағына мүше елдердің шекараларын қайта ашу мәселесін талқылап жатқан кезде жарияланды.
Сәуірде Еуропалық комиссия вирус жұқтырып алу тәуекелі жоғары болған елдер арасына енгізілген шектеуді жеңілдетуді ұсынған.
Сейсенбі күні Испания Еуропалық одаққа мүше елдерді Шенген аймағындағы шекараларды ашу үшін арнайы ережелер әзірлеуге шақырған.
Германия билігі 15 маусымнан кейін Еуропаның 31 еліне баруға енгізілген шектеуді алып тастауды жоспарлап жатқанын жеткізген. Чехия мен Дания болса бірқатар шекара бекеттеріндегі бақылауды жеңілдететінін білдірген.
Abai.kz