Н.Нығматулин: Депутаттар ауылда интернеттің дамуын қолдайды
Бүгін Палата Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Мәжіліс Бюросы өтіп, онда алдағы жалпы отырыстың күн тәртібі нақтыланды.
Палата қарауына бірқатар депутаттардың өздері әзірлеген заң жобалары ұсынылды.
Онда депутаттар бірінші оқылымда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ауылдық елді мекендерде Интернеттің қолжетімділігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын қарайды.
Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин атап өткендей, ауыл тұрғындарының жылдамдығы жоғары Интернетке қол жеткізуі олардың электронды қызметтерді көбірек қолдануына мүмкіндік береді. Соның нәтижесінде, қашықтықтан оқыту, білім беру мен медицинаны цифрландыру айтарлықтай артатын болады.
- Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Ұлттық кеңес отырысында осыған байланысты нақты тапсырмалар берді. Онда білім беру және денсаулық сақтау салаларын жақсарту туралы міндеттер қойды. Осыларды жетілдірудың маңызды бағыты цифрлық технологияларды тиімді қолдануда осы заң жобасы ықпал ететін болады, - деді Нұрлан Нығматулин.
Жалпы телекоммуникациялық инфрақұрылымды бірлесіп пайдалану қазақстандық нарықтың дамуына зор мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, Палата ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәселелеріне қатысты заң жобасын бірінші оқылымда қарайды. Осымен бірге, шетел валютасындағы ипотекалық қарыздар және көрсетілетін төлем қызметтері нарығының субъектілерін реттеуді жетілдіру мәселелеріне туралы заң жобасы бірінші оқылымда ұсынылады.
Отырыста Палата депутаттар әзірлеген аудиторлық қызмет мәселелеріне қатысты заңнамалық түзетулерді талқылауға ұсынатын болады.
Күн тәртібінің жобасында Палатаның алдағы жалпы отырысында бизнес-ахуалды жақсартуға бағытталған заң жобасы екінші оқылымда қаралмақ.
Сонымен бірге, Мәжілістің бейінді комитеттері бірқатар жаңа заң жобараларын жұмысқа алатын болады. Ол депутаттар әзірлеген «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Кодекске уран өндірісіне қатысты заң жобасы. Және депутаттар бастамашы болған қарыздық еңбекті реттеу және ветеринария мәселелеріне қатысты заң жобалары бар. Отырыста депутаттар «Мақта саласын дамыту туралы» Қазақстан Республикасы Заңының күші жойылды деп тану және Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер енгізу туралы» заң жобасы туралы қорытынды әзірленетін болады.
Abai.kz