Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3133 0 пікір 5 Маусым, 2011 сағат 05:12

Мүсіндер шеруі биыл да жалғасады

Былтыр жазда Өскемен көшелерінде бой көтерген тас мүсіндердің қатары биыл одан әрі толығып, облыс орталығының көрнекі жерлеріне граниттен жасалған тағы да 15 сәулет туындысы орнатылмақ.

Маусым айында қалада екінші рет өткізілгелі отырған халықаралық мүсіншілер симпозиумына Германия, Израиль, Греция сияқты бірнеше шет елдер мен Қазақстанның мүсіншілері қатысып, бір айдың ішінде әрқайсысы бір-бірден 15 өнер туындысын жасап шығармақ.

Ал жасалған мүсіндерді қоятын жер Өскеменде жетіп жатыр. Спорт сарайы, Металлургтердің мәдениет сарайынан бастап, басқа да мәдени-көпшілік орындар мен негізгі көшелердің бойы қаланың сәулетін арттырып, көркін келтіретіндей мәнді де сәнді мүсіндер
мен ескерткіштерді талай жылдан бері қажет етіп тұр. Кейбір қалалықтардың ойынша көне шаһарға, әсіресе оның өнеркәсіпті орталық екенін айғақтай-тын, осы өңірде туып-өскен танымал қайраткерлердің, ұлт зиялыларының Отаны екендігін еске салғызатын ерек-
ше мүсіндер қажет.

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3240
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5379