"Парламенттік оппозиция" емес, "парламенттік азшылық" деген дұрыс!
Қазіргі парламентте оппозиция жоқ екенін бәрі мойындайды.
Биліктің саяси реформаға кіріспеуіне қарағанда 10 айдан кейін өтуі тиіс парламент сайлауынан кейін оның құрамына биліктің саяси қарсыластары енуі де екіталай болып тұр ғой. Өткен президент сайлауынан соң аузы күйген билік ендігі жерде саясат суын үрлеп емес, тоңазытқышқа салып, мұз етіп, қатырып қоятын шығар!
Бүгінгі парламенттегі "Нұротанның сателлитьі саналатын екі партияның қай жері оппозиция? Ал формальды түрде азшылық екені рас (әйтпесе, қай кезде олар халықтың сөзін сөйлеп еді?!)
Олай болса, кеше Сенат мақұлдаған Заңды "Парламенттік оппозиция туралы" деп атамай, "Парламенттік азшылық туралы" деп атау керек еді.
PS. Айтпақшы, "Нұротан" әзірше қолда билігі бар кезде бұл заңда парламенттік азшылыққа жақсылап жағдай жасап қойсын, өйткені күні ертең өзі сол азшылық боп қалуы мүмкін! Сонда "мына Заңға неге ананы, мынаны қоспадық?", - деп, бармақтарын тістеп, опық жеп жүрмесін!
Әміржан Қосанның желідегі жазбасы
Abai.kz