«Бесінші колона» өкілдері кімдер?
Біз, қазақтар, өзбектер, қырғыздар, түркімендер және тәжіктер Қызыл Империядан өз тәуелсіздігімізді алғанымызбен Ресей отарлауының жаңа фазасына көшкен Орталық Азия елдеріндегі «орыс әлемінің өмірілік мүддесі саналатын» геосаясаттағы бұрынғы өз отарларына Қытай мен АҚШ, Батыс (ЕО) ықпалын жоққа шығаратын жаңа саяси ойын сахнасына айналдық.
Біз қазақтар ынжық, намыссыз өз тілінде сөйлемейді дегенді айтуға шеберміз. Шынында солай ма!? Орталық Азиядағы бірде-бір ел орыстан тап Алаш кешкен құқайды көрген жоқ. Әуелі патшалық, кейінгі кәмөнестік, бүгінгі үш кессе де әскери-ядролық құдіретті сақталған неоресейлік отарлаушылық бағытына көшкен Путиндік неоимпериямен Қазақ елінің Ресеймен ортақ шекарасының болуы және орыс пен славян дисапорасының қара-құрасаның басқа мемлекеттерге қарағандағы молдығы бәрімізді ойлантуы керек. Ал, өзбектер, қырғыздар, түркімендер және тәжіктер өз отарлаушыларымен ортақ шекараға ие емес, орыс пен славян дисапорасының саны да мол емес, әрі этникалық құрамы әм аймақтық жерінен айырылудың ұлттық трагедиясын, милети ашаршылық геноцидін қазақтай бастан кешкен жоқ. Біз – Ресей империясымен Орталық Азияны жаулап алмауы үшін 400 жыл күрескен ұлтпыз. Сол себепті де барша соққы ең әуелі қазаққа бағытталып жатады.
Ресейдің Орталық Азияға қалдырған мұрасы орыс тілді бюрократиялық аппарат пен ғылыми-техникалық зиялы қауым өкілдері әм жергілікті қызыл кәмөнестердің ұрпақтарынан тұратын бизнес элита; мемлкет құрушы ұлттың мәдениетімен, руханиятымен және салт-дәстүрімен еш санаспайтын этникалық орыстар, саны 100 мыңдаған орыс тілді дисапора өкілдері; ұлттық мемлекеттер ашық әрі РФ жасырын қаржыландырып отырған орыс тілді теле-радио, медиасайттар және БАҚ тұратын «бесінші колона».
Осы бесінші колона бұрын тасадан тас атып келсе, енді Қазақ елінің ұлттық мемлекет құруы жолындағы бітіспес дұшпаны мен қас жауына басы бүтін айнала бастады. Еліміздің ақпарат кеңістігі түгелге жуық солардың қолында. Орталық Азиядағы барша інтернет ресурстар орыстілділердің уысында, ғылым-білім және техникалық салалардың бәрінде тек орыс тілділер үстемдік құруда. Өзбектер латын жазуына көшкенімен бәрі бір кіріл жазуынан құтыла алмай отыр. Орта Азия елдерінде неоорыс үстемдігі арқылы орын алып отырған бұндай мысалдар өте көп. Біздің айтпағымыз Алаш жұртындағы «бесінші колонаға» кімдер жататындығы.
Қазақ ұлтты өз жерінде соңғы 30 жыл ішінде 100 пайызға өссе де, қазақ тілінде сөйлейтіндер және қазақ тілін өз ана тілі санайтындар саны 80 пайызға жетсе де, 20 пайызды құрайтын орыс тілділер өз қожалары Ресейдің айтақтауымен мемлекетшілдік рухтағыларды «нацпат» және «казахофашисты» деп атай бастады. РФ жұртшылығы да біздегі қазақ мүддесін қорғайтындарды «нацпат» және «казахофашистер» деп қабылдайды. Әрі ресми Мәскеу өз «Бесінші колонасын» түрлі ала-шарғымен, түлкі бұлаңмен ана тілді және орыс тілді қазақ ұлтына және өз жері РФ мен Қазақстандағы орыс және қазақ тілді қазақ ұлтшылдарына қарсы үнемі айдап салумен келеді.
«Бесінші колона» өкілдеріне кімдер жататына тоқталайық.
Ең бірінші әлі де биліктен кетпей, РФ жалтақтап күй кешкен қазақ ұлтынан шыққан кеңестік тәрбие көрген, мемлекет қаржысымен жеке отбасының бизнесін жүргізу үшін өздерін ұлттық мәдени-рухани құндылықтардан жоғары қоятын түрлі жоғары лауазымдағы алды 60-қа арты 70-ке келген шенеуініктер және «Нұр Отан» бастаған барша орыс тілді партиялар. Саясат та, мемлекеттік қызмет те сол себепті қазақ тілінде жүргізілмей отыр. Әрі қазіргі қолданыстағы Заңға байланысты өз еліндегі. Өз жеріндегі саны 80 пайыздан асатын қазақ тілділер ұлттық партия құра алмайды. Ал, қазақстандық ұлт үшін орыс тілді партия құруға даңғыл жол ашылып берілген.
Барша Мултмедия саласыдағы БАҚ әм інтернет және теле-радио кеңістік серкелері де «Қазақстан» мен «Балапан» арналарының халықаралық көпарналы қазақ тілді медиахолдингке айналуына мүдделі емес, керісінше, күніне 100 мың адам ғана көретін – теле, 1 мың адам кіретін яндекстік інтернет кеңістікті «көзбояушылықпен» 3 миллинон адам көреді және 100 мың адам кіреді деп қолдан жалған ақпарат таратып, праймтаймдағы қазақ тілді жарнаманың жолын бөгеумен келеді. Осы орайда барша қазақтың көбіне ана тіліндегі сайттарды емес, тек Ватсап пен истограмм ғана тұтынатын ұлтқа айналғандығын жадтарынан шығарып алады.
Үшінші ірі топ ол орыс тілді ғылым мен техника саласындағы зиялы қауым өкілдері және ұлтсызданған «Орыстық үлгідегі» білім беру ошақтары қазақ тілі дамуы үшін Қазақстанда аудармашылық, техникалық-танымдық, ғылыми-өркениеттік ұлттық мектептердің бой көтермей кеңестік әм неоорыстық білім беру дәстүрі ғана сақталып, әм орыс тілі үстемдігінен біржола құтылтып, біртұтас қазақ елін қалыптастыратын барлық саладағы шет тілдерінен тікелей «сөз қабылдау» үрдісі мен бұрынғы руссизмдер мен американизмдерді ұлттық мәнерде қазақтандыруға латын жазулы «Тіл Реформасы» арқылы қол жеткізіп, әлемдік деңгейдегі сан-салалы дамыған қазақ тілінің қолданысқа енуіне өле-тіріле қарсы. Барлығы да күні-түні Қазақ тілі тек аударма тілі ретінде орыс тілінің калькасы күйінде қала беруін тілейді. Әрі жергілікті ұлттық атаулар орыс тіліне бұрмаланбай енетін Орталық Азиялық латын жазулы орыс тілі мәселесінің Өзбекстан мен Қазақстанда көтерілеуінен өлердей қорқады. Латын жазулы орыс тілі рухының елесі Өзбекстан мен Қазақстанды кезбесе екен деп тілейді.
Төртінші топ қазақ тіліне әм мәдениетіне пысқырып та қарамайтын орыс және ағылшын тілді бизнес элита. Олар қазақ тілді қазақтардың ірі бизнеске келуіне, онда берік орнығып, IT-ді, ұлттық өнерді, інтернетті, кітап саудасын, баспа өнімдерін, мал және егін шаруашылығын т.б. салаларды өз бинес жобалары арқылы мемлекет қолдауына сүйеніп дамытуына үзілді-кесілді қарсы. Өздерінің қазіргі Үкміет қолдауы арқасында 30 жыл бойы мемлекеттен көріп отырған нәпақасын қазақ кәсіпкерлерімен бөліскенді еш қаламайды. Ақшаны шетелдік офшорға шығарып, ол жақтан қымбат жылжымайтын мүлік сатып алып, ұрпағын сонда қоныстандыруды ғана біліп, қалталарынан қаржы шығарып, елдің экономикалық дамуына патироттық үлес қосуға еш мүдделі еместігі ап-айқын факті.
Бесінші топ саны 1 миллион мен 100 мыңнан асатын қазақ және орыс этникалық өкілдерінен әм өзге диаспораларынан тұратын қазақстандық ұлт өкілдері. Олар үшін қазақ тілі жергілікті көпшіліктің көзін алдау үшін тек де-юро «мемлекеттік тіл» атанып, шын мәнісінде орыс тілді азшылық үшін Путиндік неоимперияның тілінің ғана үстемдік құрғанын жан-тәнімен қалайды. Қазақстандық ұлт осы ахуалдың тап сол күйінде қала беруін ақтық демдері қалғанша қорғайды. Оларға 100 қазақ отырып, орыс тілінде жиын өткізетін мемлекетте тұру, сөйлеуге шыққан 10 депутаттың 9-ның ресми тілде сайрағанын телеарнадан көруден асқан бақыт жоқ.
Орыс тілді ұлттық азшылықтың осы бес тобын өз тәубесіне келтірмей қазақ тілді көпшілік еш нәрсеге қол жеткізе алмайды. Ойланайық, ағайын, біз үшін іштен шыққан жау - қақпен-соқпен ісі жоқ қарапайым орыс тілді қазақ емес, өздерін «қазақстандық ұлт» санайтын елімізде «бесінші колония» құрып алған Путиндік неоимперияның шыққан тегі мен түп-тамырын ұмытқан итаршылары.
Әбіл-Серік Әлиакбар
Abai.kz