Пашинянның жазуынша, короновирус инфекциясы отбасы мүшелерінен де табылған. Ауру белгілері қандай да бір асқынусыз өтіп жатқанын, ол үйінде емделіп, жұмысты онлайн жүргізіп отырғанын хабарлады.
Арменияда індет 9 282 адамнан анықталған. 131 адам көз жұмған.
16 наурыздан бері Арменияда төтенше жағдайлар енгізілген. Ол 13 маусымға дейін созылады. 18 мамырдан бері қоғамдық көліктер жүріп жатыр. Бірақ адамдар көшеде маска тағып жүріп тиіс. Сауда орындары да жұмыс істеп тұр.
Abai.kz