Дүйсенбі, 21 Сәуір 2025
Жаңалықтар 2273 0 пікір 8 Қараша, 2011 сағат 07:57

ҚР СІМ басшысы мен АҚШ елшісі екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады

Астана. 8 қараша. ҚазТАГ - ҚР СІМ басшысы Ержан Қазыханов пен АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Кеннет Фэйрфакс екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

«Бүгін министрмен алғашқы кездесу өтті... Кездесудің ұзаққа созылуы (бір сағатқа жуық - ҚазТАГ) қазақстан-американдық қатынастардың өте маңызды екенін көрсетеді. Ықпалдастықтың 20 жылында біздің қарым-қатынастарымыз түрлі бағыттарда дамыды. Бүгін біз ядролық таратпаудан бастап Еуропа мен Азиядағы қауіпсіздікке дейін көп тақырыптарды талқыладық», - деді елші сейсенбі күні кездесуден кейін.

СІМ баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, «әңгімелесуші тараптар бірдей халықаралық қауіпсіздікпен қамтамасыз ету, энергетикалық және азық-түлік саласында өзара әрекеттесу жөнінде ынтымақтастықты нығайтуға ниет білдірді». «Қазақстанның Ауғанстанды тұрақтандыру жөніндегі халықаралық күшті қолдаған үшін өз алғысын білдіре отырып, американдық тарап ҚР -ның осы елге халықаралық одақ күшіне көрсеткен логистикалық қолдауын, ауған студенттеріне білім беру бағдарламасы мен Астананың осы бағыттағы  басқа да қадамдарын жоғары бағалады», - делінген ақпаратта.

К. Фэйрфакс Қазақстандағы елші қызметіне 2011 жылдың қазан айында кіріскен.

АҚШ пен ҚР арасындағы дипломатиялық қатынастар 1991 жылдың 26 желтоқсанында орнатылды.

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2077
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4949
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4159