Некеге тұрған кезде жеке куәлікті ауыстыру мерзімі ҚР заңнамасында көрсетілмеген - ІІМ
Астана. 8 қараша. ҚазТАГ - Бауыржан Мұқанов. Некеге тұрғанына байланысты жеке куәлікті неке тіркелген күні ауыстыру міндетті емес, деп хабарлады ҚР ІІМ көші-қон полициясы комитетінің басқарма бастығы Евгений Щербаков.
«Жоқ, әрине, сол күні (ХҚКО-ға бару - ҚазТАГ) міндетті емес. Бірақ жарты жылға созбай немесе үй сатып алатын кезде болмайтындай, ақылға сиымды мерзімде жасау керек», - деді Е. Щербаков сейсенбі күні телефон арқылы.
Оның айтуынша, заңнамада некеге тұрғанда жеке куәлікті ауыстыру қажет мерзім белгіленбеген.
«Ал құжаттың өзі жарамсыз болады», - деді ол.
Е. Щербаковтың ақпаратына сәйкес, некеге тұрып, тегін өзгерткеннен кейін құжаттарға тұлғаны идентификациялауға байланысты өзгертулер енгізу керек.
«Яғни, адамның тегі өзгерді, ал жеке куәлігі ескі тегіне берілген. Бұл жағдайда жеке куәлікті ауыстыру керек», - деп түсіндірді ол.
Е. Щербаковтың болжауынша, Қарағанды облыстық ІІД көші-қон полициясы басқармасының қызметкерлері өз міндеттеріне формальды түрде қараған.
«Біз қызметкерлерімізбен жүмыс жүргізіп, бұл заңға тура қарамай, адамдарға уақыт беру керектігін айтып жатырмыз», - деді Е. Щербаков.

Өткен дүйсенбі күні республикалық телеарналардың бірінен қалыңдықтар некеге тұрғаннан кейін тегін өзгерту үшін сол күні ХҚКО-ға құжаттар тапсыру керектігі туралы сюжет көрсетілген болатын.