Қызыл елес
Алматы большевиктердің белгісінен, «күн көсем» және оның жақтастырың ескерткіштерінен арыла алмай келеді. Ленин, Калинин, Фурмановтардың «жарқын» бейнелері әлі бар. Бас көтерер азаматтардың тарапынан жиі айтылатын отарсыздану саясаты қазақ топырағына, әйтеуір, жете алмай-ақ қойды. Кімнің жігерсіздігі екенін кім білсін?! Қоғамның, саяси биліктің...
Абылай хан атындағы қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің маңдайшасындағы орақ пен балға һәм масақтың тастан қашалған кейпін Тәуелсіз елдің азат ойлы студенттері күн сайын көріп өсіп келеді. Әне, мәселе қайда жатыр... Әйтпесе, «тарихи ғимарат, өткеннің белгісі одан келіп кетер не бар?!» деп үйреншікті ұлтаралық, жалтақ жауап қата салуға болады. Бірақ, «Алматы - Тәуелсіздіктің алтын бесігі» емес пе. Әлде...