Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3073 0 пікір 9 Қараша, 2011 сағат 06:19

«Халифат сарбаздары» - қазақтар екен

Атырауда болған жарылысты «Біз жасадық» деп мойнына алып, Қазақстан билігін бейнематериал арқылы қорқытып, үркітпек болған «Халифат сарбаздары» террорлық ұйымының жетекшілері - біздің елдің азаматтары болып шықты. Бұл туралы Tengrinews.kz жария етіп отыр.

Атыраудағы жарылыстар негізінде қозғалған қылмыстық іс бойынша Усабеков Мейрамбек - 1986 жыл дүниеге келген, Қалқаманов Мирхат - 1988 жылғы және Сағенов Әлімжан - 1983 жылғы үш азамат ұсталып, жарылыс жасағандарын мойындаған. Ал, Қазақстан жерінде жиһад жасау үшін осы жылы құрылған «Халифат сарбаздарының» «көсемдері» - Ринат Хабидолла, Орынбасар Мұнатов, Дамир Зналиев Ауғанстан мен Пәкістан елдері шекараларының маңында бой тасалап, соғысып жүрген көрінеді.

Осындайда «Дін-апиын» деген Ильчтің сөзінің жаны бар сықылданады. Әйтпесе, тып-тыныш жатқан елінен безіп, жат жерде жан сақтап, не үшін, кім үшін екені бір Құдайға ғана аян соғыстың ортасында жүрген үш бірдей қандасымыздың басына не күн туды? Пиғылы теріс, ниеті харам діни ағымдардың уағызына уланып, санасы сандалған қазақтың күйі - осы. Олар қазір өз Отанына, халқына, ата-бабасына, туған-туысына, туған жеріне қарсы пиғылда жарылыстар дүмпуін жасамақ ниетте. Онымен қоймай, оң солын ажыратып үлгермеген өңкей өрімдей жастардың санасын қатып қалған догмалық, бір жақты уағыздарымен уландырып ел ішін үрейлендіру әрекетін бастап та кетті. Барша дінге бостандық беріп, әлемдегі әртүрлі діндердің басын қосып, жер бетіне ұжмақ орнатамыз деп жаһанға жар салғандағы жеткен жеріміздің түрін қара...

Әйткенменде, "ештен кеш жақсы". Абай болайық.

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1483
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5502