Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2076 0 пікір 9 Қараша, 2011 сағат 10:17

Терактінің болатыны жайлы және балаларды құрбандыққа шалу туралы жалған хабарлар таратқандар жауапқа тартылады – Бас прокуратура

Терактінің болатыны жайлы және Құрбан айтқа балаларды құрбандыққа шалу туралы жалған хабарлар таратқан тұлғалар жауапқа тартылады, деп мәлімдеді Бас прокуратураның арнайы өкілі Нұрдәулет Сүйіндіков.

Соңғы күндері жарылыстар туралы, сондай-ақ балаларды ұрлап кету мен өлтіру туралы және қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ететін үрейлі мән-жайлары бар бірқатар басқа да сыбыстар туралы жалған хабарлардың таратылу фактілері де үлкен қоғамдық резонансқа ие болды.

Бұл ретте, құқық қорғау органдарының осы мәліметтердің барлығын бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жедел теріске шығарып отырғандарын атап өткен жөн.

Дегенмен, осы сыбыстар халықтың кең көпшілігіне ұялы байланыс, «В контакте», «Майл-агент», «Твиттер» секілді әлеуметтік желілер, сондай-ақ  басқа да танымал коммуникация құралдары арқылы белсенді түрде талқыланып және жеткізіліп жатты.

Жекелеген теріс пиғылды адамдар мән-жайды «шиеленістіре» отырып, қандай да болмасын оқиғаларды көзімен көргендерін айта бастаған, тіптен білім беру мекемелері қызметкерлерінің де негізсіз үрей туғызу фактілері орын алды.

Шын мәнінде, жауапсыз адамдардың бұзақылық әрекеттері мен балалардың әдеттегі тентектіктері орын алды.

Мысалы, ағымдағы жылдың 6 қарашасында Шымкент қаласында бір күн бұрын жұмысынан босатылған тепловоз депосының жұмысшысы Қадырбаев, мас күйінде депоның диспетчеріне қоңырау шалып, бұзақылық ниетпен Машат өзені арқылы өтетін темір жол көпіріндегі жарылыс туралы хабарлаған.

Алматы облысында азаматша Закирова бұзақылық ниетпен жасырын номерден өзінің танысына қоңырау соғып, оны Құрбан айтқа құрбандыққа шалатынын хабарлаған.

Мектеп қабырғаларындағы бірқатар үрейлі жазуларды да осы мектептердің төменгі сынып оқушыларының өздері сабақты болдырмау мақсатында жазғандықтары анықталды.

Осыған байланысты, Бас прокуратура таратылған сыбыстардың бірде-бірінің шындыққа жанаспайтынын және анық жалған ақпарат болып табылатынын жауапты түрде хабарлайды.

Қазіргі таңда құқық қорғау органдары әрбір фактіні тексеруде және жалған хабарлар таратуға және жағдайды тұрақсыздандыруға кінәлі адамдар заңмен белгіленген жауапкершілікке тартылатын болады.

Еліміздің құқық қорғау органдарының қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, халықтың өмірі мен денсаулығына төнген қауіпті болдырмау жөнінде тұрақты негізде түбегейлі шаралар қабылдап отырғандықтарын атап өтеміз, бұл бірнеше рет атап өткеніміздей, біз үшін абсолютті басымдық болып табылады.

Қажеттілік туындаған кезде, қоғамдық қауіпсіздікке байланысты ақпараттарды біз халыққа коммуникацияның барлық қол жетімді арналары арқылы жедел жеткізетін боламыз.

АСТАНА, 9 қар - Қазақстан жаңалықтары АА.

newskaz.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1483
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5510