Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2202 0 пікір 9 Қараша, 2011 сағат 11:06

Ұлттық кардиоорталықта алғаш рет пациентке жасанды жүрек қойылды

Астана. 9 қараша. ҚазТАГ - Анастасия Прилепская. Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығында «жасанды жүрек» деп аталатын қан айналымына көмектесетін портативті құрылғыны орнату бойынша бірегей операция жасалды, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

«Бұл - донор жүрегінің трансплантациясына баламалардың бірі. Жасанды сол жақ қан қуысының трансплантациясы пациенттің өмірін ұзақ жылдарға сақтап қана қоймай, сонымен қатар оның жұмысқа қабілеттілігін қалпына келтіре алады», - деді сәрсенбі күні Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығының басқарма төрағасы Юрий Пя.

Дәрігерлердің айтуынша, операция жасалған пациент тамырының соқпайтыны аса маңызды жағдай. Батыста жасанды жүрегі бар пациенттер «менің тамырым соқпаса да, мен тірімін» деген жазуы бар арнайы білезіктер тағып жүреді.

«Мұны Қазақстанның денсаулық сақтау саласының тарихындағы маңызды оқиға деуге болады. Біз тұңғыш рет жасанды жүрек деп аталатын жүректің сол жақ қан қуысының имплантациясы бойынша операция жасай бастадық. Бұл - Қазақстан үшін теңдессіз операция», - деді денсаулық сақтау вице-министрі Ерік Байжүнісов баспасөз мәслихатында.

Пациент - 42 жасар қазақстандық. Өршіген тұмаудан кейін кардиомиопатия - жүрек бұлшық етіне зақым келген. Жүректің сол жақ қан қуысы өз қызметінің 20%-ын ғана орындай алды. Дәрігерлердің айтуынша, ондай пациенттер шамамен 1,5 жыл өмір сүреді. Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығында оған көмекші қан айналымының портативті құрылғысы орнатылды.

Қосалқы қан айналымының портативті құрылғысы мен операцияның өзіне Т46 млн қаржы қажет болды. Көмек мемлекет есебінен көрсетілді.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1483
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3255
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5507