Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 9668 11 пікір 8 Маусым, 2020 сағат 12:31

Сіз кімсіз, Талғат Рысқұлбеков мырза?

Талғат Рысқұлбеков

Кеше елімізде Тоқаев әкімшілігінің және біраз әкімнің зәресін ұшырған бейбіт митингілер өтті. "Элита" осы жолы бейбіт митингішілерге қарсы тұру үшін кейінгі 2-3 айда коронавирусқа қарсы күресте жинаған тәжірибесіне және "Зонтик" пен "анти-бейбіт митингіші Талғат Рысқұлбеков" секілді инновациялық әдіс-тәсілдеріне сүйенді.

"Элитаның" бейбіт митингілерге кедергі келтіруге, азаматтардың конституциялық құқығын таптауға пайдаланатын құрал-саймандарының ішінде митингі орнына 20 жігітпен төбелесу үшін келген Т.Рысқұлбековтің функциясы мені қатты қызықтырып, көкейімде бірнеше сұрақ туғызып отыр.

1, Б.Сағынтаев мырза, Т.Рысқұлбеков Алматы қаласы әкімшілігі қызметкері ме? Егер сіздің қызметкеріңіз болмаса, кешегі митингіде орынбасарыңыз Е.Бабақұмаровтың сөзін сөйлеп, оның жанынан неге шықпай жүр?

2, Е.Карин мырза, "Митингішілер коронавирусты таратып, басқа азаматтардың өміріне қауіп төндірмеді ме екен?" деп өте-мөте қатты ойланып, түнімен ұйықтай алмай шыққаныңызға күмәнім жоқ. Не дегенмен Қазақстандағы нөмірі бірінші "мемлекетшіл" азаматсыз ғой. Сізге сұрақ: Кеше митингі орнына бейбіт шерушілер маскамен, ал Т.Рысқұлбековтің маскасыз келуі жайлы не ойлайсыз? Әлде Т.Рысқұлбеков сияқты "мемлекетшіл" азаматтар маска кимесе де бола ма?

3, Қ.Таймерденов мырза, кешегі бейбіт митингіде төбелес ұйымдастыруға ниетті болған Т.Рысқұлбековтің жанындағы 20 жігіттің кім екені анықталды ма?Олардың әрекетін провокация деп есептемейсіз бе?

4, Ж.Бекшин мырза, кешегі митингіге маскасыз келген Т.Рысқұлбеков айналасына қауіп төндірмес үшін оны қалай дезинфекциялау керек?

5, М.Тазабек мырза, кешегі бейбіт митингіде "сабыр сақтап, ұрмай-соқпай айтарын айтып қайтқан" Т.Рысқұлбеков митингі орнына не үшін келді деп ойлайсыз? Құйымшақтан тебу үшін бе, әлде маскасыз келіп, коронавирус тарату үшін келген бе?

Шалқар Нұрсейітовтің әлеуметтік желідегі жазбасынан

Abai.kz

11 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3238
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5377