СҚО-да «Қазпошта» мүлкін жымқырғаны үшін аудандық байланыс торабының 4 қызметкері сотталды
Петропавл. 11 қараша. ҚазТАГ - Солтүстік Қазақстан облысында (СҚО) «Қазпошта» АҚ-ының мүлкін жымқырғаны үшін Қызылжар аудандық пошта байланысы торабының (АПБТ) 4 қызметкері сотталды, деп хабарлайды Солтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі.
«2008 жылдың басында Қызылжар аудандық пошта байланысы торабының директоры «Қазпошта» АҚ мүлкін жымқыру үшін алдау жолымен, өзара рольдерді алдын-ала бөлісе отырып, қылмыстық әрекеттер мен міндеттерін уағдаласа отырып, өзінің орынбасарымен, есепшісімен (бас есепшісі құқығымен), экономист-есепшісімен және бақылаушы-оператормен сөз байласқан», - деді баспасөз қызметінің қызметкері Ақбөпе Өтекина.
Тергеу мәліметтеріне сәйкес, 2008 жылдың бірінші жартысында аталған адамдар Қызылжар АПБТ арқылы іс жүзінде ақша қабылдамай, банктердегі жалпы сомасы Т1млн 981 мың 161 жеке несиелерін өтеген.
«Сот қылмыстық істі қарап, АПБТ-ның жоғарыда аталған қызметкерлерін алаяқтық жасағаны, яғни, топтың алдын ала сөз байласу арқылы алдау мен қызмет бабын теріс мақсатта пайдаланып, ірі көлемде жымқыру жасағаны үшін айыпты деп таныды», - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

«Пошта бастығының орынбасары жазасын орындау мерзімін кішкентай баласы 14 жасқа жеткенше шегерумен 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Қылмыс жасаған топтың басқа мүшелеріне сот үш жыл шартты мерзіммен шартты түрде 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасын белгіледі. Жазаның шартты шарасын белгілеу кезінде сот кінәні мойындау, материалдық шығынды өтеу (екеуі түгелімен, үшіншісі бір бөлігін), біреуінің қылмысты ашуға көмектескені сияқты жұмсартатын жағдайларды назарға алды», - деп қорытындылады А.Өтекина.
Бұдан басқа, сот үкімімен келтірілген шығынды өтемегендерден Т977 161 азаматтық шағымы өндіріп алынады. «Қазпошта» АҚ СҚО филиалының азаматтық шағымының Т718 мың көлеміндегі қалған бөлігі соттың арыз-талапты қолдамауына байланысты қаралған жоқ.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.